«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Арда қазақ...
Арда қазақ...
Дайындаған: 6 ай бұрын

Беймәлім не күтіп тұр алда қазақ,
Татарың қара су ма, бал ма, қазақ?
Түлкідей бұлаңдаған бұл дүниеде,
Сан соғып, сарсаң болып қалма қазақ.

Кездесер бұраң жолда, жарда қазақ,
Сүрінбе сүрлеуі жоқ жолда қазақ.
Тап болып жауың тартқан торға қазақ,
Қапыда омақаспа орға қазақ.

Еңбек ет, қиындықтан қайтпа қазақ,
Жантайып жайбарақат жатпа қазақ.
Қаймықпай атыңды сал өрге қазақ,
Тек сонда жайғасасың төрге қазақ.

Қарышта қатарыңнан қалма қазақ,
Тартынбай тағдырға сал шалма қазақ.
Өмірдің ала-шапқын бәйгесінде
Шалдығып қала көрме шаңда қазақ.

Басқадан кем емессің сенде қазақ,
Кері тартқан кей біреуге сенбе қазақ.
Көз салып, құлақ түріп жөнге қазақ
Өзіңді өзің ғана жөнде қазақ.

Еліктеп әркімге бір ерме қазақ,
Басқаны көсеміңдей көрме қазақ.
Ер бабаң дөңбекшиді көрде қазақ,
Ел еркі жат қолында кетсе қазақ.

Азбын деп алаңдама арда қазақ,
Сан рет тұрғанбыз біз жарда қазақ.
Әлі де алдырмаймыз алыптарға
Намысың, ар-ожданың барда қазақ.

Мәселе емес бүгін санда қазақ.
Сапаны сап алтындай таңда қазақ.
Салмақ сал ой-санаңа талма қазақ,
Айбынды, ел боласың сонда қазақ.

Басқадан үміт күтпе босқа қазақ,
Тосыннан көмек келмейді тоспа қазақ.
Көк туың көк тіреген қолда қазақ,
Біріңді бірің қолдап, қорға қазақ.

Арындап озып жүрсең алда қазақ,
Бақыт та бұйырады балда қазақ.
Бәрі де үміттіге алда қазақ,
Адасып арманыңнан қалма қазақ.

Алтынға ар-ожданды сатпа қазақ,
Өр кеуде намысыңды сақта қазақ.
Үмітін ата-баба ақта қазақ,
Маңгілік қалам десең тақта қазақ.

Айтарым осы саған арда қазақ!

 

Мұқтарбек Тұрысбекұлы (Айт), ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер