«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Халтура деп кемсітпей-ақ қояйын
Халтура деп кемсітпей-ақ қояйын
Дайындаған: 2 ай бұрын

        Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын "Қазақфильм" кинокомпания түсірген "Томирис" фильмін асқан төзімділікпен, алтын уақытымды қиып отырып көріп шықтым. Фильмнің сценарийін жазған Тимур Жақсылықовтың қандай жазарман екенін білмеймін. Себебі, бұрын-соңды бір де шығармасын оқымағандықтан, жалпы қалың оқырман арасында аты-жөні онша аталмайтындықтан оның жеке шығармашылығы туралы бірдеме деу қиын. Киноның тағдырын шешуші фактордың бірі сценарий болғандықтан, ең алдымен Тимур мырзаның дәл осы жолғы сценарийі өте бір сәтсіз дүние екендігін айтпау өнер үшін жасалған қиянат болар еді. Халтура деп кемсітпей-ақ қояйын. Еңбек еткен шығар. Дегенмен, шама-шарқы сол-ақ болса, оны кінәлай берудің де қисыны болмас. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады ғой. Бұл жерде шапты дегеннен гөрі мыйтыңдады деу орынды болар-ау!

        Режиссер ретінде Ақан Сатаевтың да бұл жерде анау айтарлықтай керемет жасаған шешімі де, ауыз толтырарлықтай деталі де жоқ. Сын көтермейтіндіктен ол жағын айтып сөзді созбай-ақ қойған дұрыс шығар. Жалпы, алғанда бұл кино өнер ауылынан тым алыста жатыр. Көркем фильм дейтіндей іліп алар ештеңе де жоқ.

Бүкіл сюжет бойынан бір нанымды дүние таппайсың. Кілең бір жасанды, жаттанды жауыр болған көріністерді езе береді. Кинодағы басталу, шарықтау шегі мен түйінінің өзі схемалық механикамен өрбиді. Сонысымен көркем өнер туындысынан гөрі совет баспасөзінің репортажына жақындайды. Тілі де сол кездің ТАСС агенттігінің қасаң стилі. Сақ дәуірінің тілі "мана, тана, сана, тэңгір, хайрхын" дегендей алтай тілдеріне тиесілі оншақты сөзден ғана тұрмағаны анық. Тым құрығанда қазіргі саха (якут) тілін пайдалануды да ойластырмаған екен.

        Көңілді селт еткізерліктей немесе жүрек тебірентерліктей лирикалық бір түйір бірдеме болса, бәрін ұмытып жағымды баға бере салуға да болар еді. Ондай да ештеңе жоқ. Сонда, бұл туындыға Мемлекеттік сыйлық берген комиссияның талғамына, жалпы, фильмді көрген-көрмегендеріне күмәнданады екенсің. Талғамдары биік-ақ шығар, әй солар көрмей-ақ дауыс бере салған-ау!

        Осыншалықты нашар туындыны экранға шығару үшін "Қазақфильм" компаниясы мемлекеттік бюджеттің талай қаржысын игерген шығар. Демеушілері де бай-қуатты адамдар болған соң ақша аямай төккен де шығар. Бірақ, мырзалар мен ханымдар, кешіріп қойыңдар, өнерді қолдау үшін қаржы керек екені рас. Бірақ, тәуір туынды тек ақшамен жасалмайды.

Мұрат Отарбай,  ғаламтордағы жазба

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер