«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Үндеу хат
Үндеу хат
Дайындаған: 2 ай бұрын

Құрметті әдебиет пен мәдениеттің қайраткерлері :

жалпы өнер адамдары :

өнер сүйер қауым :

 

            Сіздерге осы үндеу хатты жолдаудағы себебіміз соңғы жылдары "малым жанымның,жаным арымның садағасы "- дейтін Қазақтың, ғасырлар бойы мың өліп, мың тірілсе де ұлттық коды мен ұлттық тұтастығын шетін сетінетпей ұстап тұрған рухани мәдениетіне шабуылдау жиілеп кетті.

           Қоғам қара байырландыма ? Әлде рухани сұраныстан гөрі адамдардың материялдық дүниеге деген талпынысы алдынғы орынға шықтыма ? - әйтеуір ақын-жазушыларды "сасық күзен", "көр тышқан" - деп келемеждейтін тобырлық сана белең алып, әншілерді жезекшеге теңейтін көрбалалар пайда болды .

           Соның бірі, үш жылдан бері әлеументтік желіде тарап жүрген Серікжан Білаш деген біреудің Әншілердің намысына тиген сөзінің дыбыстық - авдео жазбасын естіп ашулансақта ақылға жеңдіріп, "өзіде басы даудан арылмай келе жатқан Қытайдағы Қазақтардың мәселесінің ұшығып тұрған шағында, отқа май құймайық, ашынған соң айтқан шығар, қояр " - деп сабырлылық танытып келіп едік. Әлемді мойындатқан әншіміз Димаш Құдайбергеннің атына айтқан ауыр сөзін естіп "албастының қабаққа қарай басатынына" көзіміз жетті. Серікжан Білаштің айтуынша: "Әншілердің басында грам ми жоқ, тәңертеңнен кешке дейін аңырап ән салғаннан басқаны білмейді екен. Әншілердің өмірі қалыпты біреуі жоқ, әнші қыздар бір байға тиіп, бір бала туып алады екен де, одан ары халықтың қатыны болып кетеді екен, содан соң бүкіл елді риза қылып жүретін көрінеді ".

         Недеген масқара мынау?! Әншілерді осыдан артық қорлау ,масқаралау барма? Біздің әншілеріміз не жазып еді Серікжан Білашқа, сонша намысымызға тиетіндей ?!

 

          Ғасырлар қойнауынан бүгінге жеткен жыраулардың жырынан тартып, Біржан сал, Ақан сері Құрманғазылар жалғастырып, Әміре Қашаубаев, Күлаш Байсейтовалардан, Бибүгүл, Розалар сабақтастығын үзбей, бүгінгі Димаштарға арқауын жалғаған Қазақтың рухани мәдениеті емеспе еді, ұлтты жоғалтпай өлтірмей ,өшірмей ұстап тұрған? Қай ұлтты да жоғалтпайтын жалғыз ғана тірегі - оның рухани дүниесі, әдебиеті мен мәдениеті тілі мен ділі, діні емеспе еді?

 

          Серікжан Білаштің айтуынша, әншілер Қытайға барып жашік - жашік ақша алып қайтыпты. Ия, ол жақтағы заманның түзу кезінде Қазақтың өнерпаздары барды, миллиярд Қытайдың ішінде өзінің ұлттық болмысын, тілін, ділін, дінін жоғалтпай ұстап отырған Қандастарымыз біздің Әншілерімізді құшақ жайа қарсы алды, Әншілеріміз де құшырлана бар өнерлерін аяп қалмады. Тағдыр тауқыметімен екі елге бөлініп қалған ағайындарымыздың, біздің әншілерімізді өмірі көрмеседе аттарына сырттай қанық екенін білгенде, тіпті әндерін бірге қосылып шырқағанын көргенде әншілеріміз бен ән сүйер қауымның көңілдері көлдей толқып, көздеріне жас келген сәттері аз болған жоқ еді.

"Терезесі тең емес империялар Қазақтың елі мен жерін екіге, тіпті одан да көп әлде нешеге бөлгенімен рухани жан дүниесінің тұтастығын соның ішінде әні мен күйін әдебиеті мен мәдениетінің мәйегіне, тілі мен діліне ештеңе істей алмапты - ау " - деп аллаға шүкіршілік айтып әр реткі сапарынан жақсы әсермен оралғанын әншілер қауымы әңгімелеуден жалықпайтын.

        Өзге ұлттың тілінде шүлдірлейтін немересіне біздің өнер жұлдыздарымыздан бата сұрап, ырымдап аузына түкірткен талай Қазақтың, біздің әншілеріміз келесі бір барғанда әлгі немересі домбырамен Мейрамбек Бесбаевтің әнін шырқағанын көріп қуаныштан төбесі көкке жеткендей болып қуанып қайтатын. Бума - бума ақша алып қайтқаны қайдам, жат жұртта жаны жабырқап жүрген қандастардың жас ұрпағының жан дүниесі мен ұлттық болмысына төнген бөгделену, жаттану қаупін, біздің елдің өнерпаздарының сол сапарлары кемінде 20 жылға кейін шегергеніне еш күманымыз жоқ .

 

          Міне бұл Серікжан Білаш өзі аузынан тастамай үнемі айтатын "Қытай жұмсақ күшіне "қарсы Қазақ өнері мен мәдениетінің жұмсақ күшінің, біздің әншілеріміздің тікелей ат салысуымен жасалған пәрменді тойтарысы болатын.

 

         Бұл күнде Қазақтың жұмсақ күші Қытайдағы қандастар арасына ғана емес, миллиярд қытайға тіпті тұтас әлемге жол тартқанын ешкімде жоққа шығара алмайды деп ойлаймын. Оған Қазақтың Димашы толық дәлел бола алады.

         Серікжан Білаштің бүгінгі таңда әншілердің атына ауыр-ауыр сөз айтып, намысына тиюі жайдан жай құбылыс емес. Қазақтың өнері мен мәдениеті тұрғанда өр рухын сындыра алмайтынын білген жат пиғылды ежелгі дұспандарымыз жымысқы тірлікке, өнеріміз бен мәдениетіміздің ту ұстаушыларын, оның ішінде әншілерімізді, ақын -жазушыларымызды жалпы өнер адамдарын, зиялыларымызды мәнсұқтап, халыққа жек көрінішті көрсетудің қитұрқы жоспарына кіріскен.

 

         Ұлтты жоюдың ең талмау жерін таптық деп ойлаған жат пиғылдылардың арам ойы жамырап, тұтас ұлттық құндылықтарымызға кесірін тигізбей тұрғанда, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің қайраткерлері, барша өнер адамдары, осы үндеуімізге жұдырықтай жұмылып бейпіл ауыз, тантық Серікжан Білаштің көргенсіз сөзі үшін заң алдында жауапқа тартылуына үн қосуларыңызды сұраймын!

 

Құрметпен :

Өнердің жән күйері, ән сүйер қауым өкілі, қоғам белсендісі,

Бахытбек Қалмақбай

                             21.05.2020

 

Erdol Samenuly,  ғаламтодағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер