«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Этнографиялық байқау – . сайысы
Этнографиялық байқау – . сайысы
Дайындаған: 4 ай бұрын

Үстіміздегі жылдың ақпан айының жайма-шуақ бір күні Маңғыстау өңірі  "Адай ата – Отпан тау" кешенінде жергілікті саятшы, құсбегілерінің дәстүрлі «Саятшылық – сал-серінің сарқыты» атты этнографиялық байқау – сайысы өткізілді. Оның мақсаты: қазақ халқының бекзат өнері, әрі ұлттық спорты саналатын құсбегілік пен саятшылықты халық арасында насихаттау және оған жастар мен студенттердің, оқушылардың қызығушылығын арттыру еді.  жалпы жұртшылық қатысатын ұлттық мерекеге айналдыру. Бұндай байқау – сайыс  2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқауға отызға жуық саятшылар мен аталмыш өнерге жаны құмар жандар, Маңғыстау туризм колледжінің ұстаздары Игорь Донченко мен Шопанов Сәрсен бастаған студенттері қатысты. Биылғы мерекеге айналған этнографиялық байқауға көрші Атырау облысының Құлсары қаласының құсбегі Ордабаев Еламан Үшқара атты бүркітімен арнайы келіп қатысты. Өңірдегі «Тазы Төбет Бөрібасар» ұлттық спорт федерациясы» РҚБ-нің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жұлдызбай Қосмағамбетов, осы филиалдың заңгері Еркін Бәлдеков пен республикалық дәрежедегі төреші Әбунасыр Байжанақовтардың спорт федерацияның қазақы тазы, төбеттерді сұрыптау мен тұқымын жаңғырту бағытындағы жұмыстары туралы қызықты әңгімелері және келушілерге арнап төбеттердің қысқаша жекпе-жегін өткізгені мерекенің көңілді өтуіне өз әсерін тиғізді.
      Отпан» МКҚК көпшілік-экскурсия бөлімінің меңгерушісі Ж.Айдарбек қонақтарға этнографикалық байқаудың мақсаты мен маңызын ашып,  облыстағы атақты аңшылар мен саятшылар, құсбегілердің өнері туралы  айтып берді. Арнайы шақырылған қонақ Ділжанов Жұмағали ақсақал қазақтың қасиетті өнерін дамытып жатқан жастарға ақ батасын берді.

Мереке соңында қонақтарға оны ұйымдастырушы кешеннің қызметкер қыз-келіншектері дастархан жайып, бұрқ-бұрқ қайнған самаурыннан қидың шоқ исі аңқыған  күрең шәй, ыссы бауырсақ пен палауын беріп, жұрттың жылы ықыласына бөленді.

Жомарт Айдарбек

Ақтау қаласы

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер