«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Д. Қонаев қанша қазақ мектебін жапты?
Д. Қонаев қанша қазақ мектебін жапты?
Дайындаған: 3 апта бұрын

 

      Әлдекімдер ашық ақпарат кеңістігіне, ФБ- ға да үнемі «Қонаев 700 қазақ мектептерін жапты» деген ақпарат салып отырады. Бірақ бұл цифрды қайдан алғанын, қандай құжаттарға сүйенгенін көрсетпейді.

Осы ақпаратты сараптап көрейік.

 

      Д. Қонаев Қазақстандағы билік басына 1960 жылы келіп, ҚазақССР Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Аз уақытқа қызметінен кетіп, қайта оралды. Бұл қандай кезең еді? Дімекең билікке келгенге дейін СССР- да, Қазақстанда 20- 30 үйлік, бес өгіз, бір соқасы бар мойнсеріктерді бір орталыққа көшіріп, ірілендіру, сол кездегі озық техникамен жабдықталған колхоз, совхоздарға біріктіру науқаны басталып кеткен еді. Мысалы, мен өскен Екпінді ауылына ортасын Шынжылы өзені ғана бөліп тұрған Бірлестік ауылы мен Қоянкөз, Қарлығаш, Фурманов, Бостандық, Киров, Шілікті мойынсеріктері қосылып, «Қазақстанның 30 жылдығы» колхозы құрылды. Қоянкөз, Бостандық, Киров, Бірлестік, Шіліктіде төрт жылдық қазақ мектептері болыпты. Бұларда бар болса, түске дейін 1 және 2 кластың біржар баласы, түстен кейін 2 және 4 кластың біржар баласына, өзінде де төрт кластық қана білім бар, бір ғана мұғалім, бір бөлмелі тоқал тамда сабақ беріпті. Осы ауылдар мен мектептер түгел жабылып, жұрты Екпіндіге, Фурманов пен Бірлестікке көшірілді. Осыларды жабылған мектеп деп атау қалай болар екен? Сол тұста менің ауданымда 8 ірі шаруашылық құрылыпты. Енді қанша мектеп жабылғанын есептей беріңіз. 700 деген жай сөз. Әлдеқайда көп.

 

      Бірақ, оқушы балаларға өте қолайлы жағдай жасалды. Бір де бір бала оқусыз қалмады. Жабылған ауылдағы балалар бұрын 4 кластан соң не оқуды біржола ұмытатын, не тума - туыс жағалап, интернат қуалап кететін. Енді көшіп барған ауылдағы 8 жылдық мектептерде немесе Екпіндідегі 10 жылдық орта мектептерде ата - анасымен бірге тұрып оқитын болды. Жоғары білімді маман ұстаздардан білім алады. Мұның несі жаман? Керісінше, өте дұрыс шешім қабылданған. Қайталап айтамын. Бұл науқан Д. Қонаев билік басына келгенше - ақ қарқынды жүргізіліп жатқан. Дімекең не істесе де Мәскеудің бұйрығын тоқтата алмас еді, тоқтатып та керегі жоқ екенін түсінген боларсыздар.

 

      Келесі мәселе. Д. Қонаев билікке келгеннен, кеткеніне дейін осы жағдай қалай өзгерді деп ойланғаныңыз бар ма? Тағы да өз ауданымнан мысал іздейін. 1960 жылға дейін біздің ауданда бір ғана Екпінді қазақ орта мектебі болды. 1986 жылы Дімекең биліктен кеткенде ауданымда 9 қазақ орта мектептері сапалы білім беріп тұрды. Осы кезде Қазақстанда 250- ден астам аудан бар- тын.

 

      Енді, Дімекеңе жалған жала жабатындар «Қонаев қанша қазақ орта мектебін ашты?» дегенге жауап іздеп көрсін. 250- ді менің ауданымда ғана ашылған 8-ге көбейтіңіз. 2000 - дай екен. Жабылып қалды деп зар жылап жүрген төрт кластық сапасыз 700 мектепті, 2000 - дай орта мектеппен салыстыруға келе ме?

      Барлық жағдай зерделеу арқылы көрінеді. Салыстырыңыз. Дінмұханбет Қонаевқа бейсауат жала жаппайық.

 

      Енді бүгінгі күнге келейік. Бар билік тізгіні өз қолымызды, қыдыңдап тұрған Мәскеу жоқ. Осы 30 жылда не істедік? Тағы да мысалды өз ауданымнан іздейін. Мектепке келерміз. Д. Қонаеавтың тұсында малын мыңдап өрістетіп, егінін жинап, өсіп - өніп жатқан ауылдардың бүгінгі жай - күйі қалай? Жүрек ауырады. Ауданымда ғана Салдыркөпір, Жүнжүрек, Майлышат, Шынжылы, Майқан, Бибақан секілді құдай табиғаттың бар сұлулығы мен нуын берген ауылдар қаңырап қалды.

      Көкжар жеке шаруашылық еді. Орны ғана бар. Төрт- бес үй бар ма, жоқ па? Осы ауылдардағы мектептерді іздеп те керегі жоқ.

 

      Қонаевтан кінә іздейтін топтағылар жұртты ақылсыз санамаңдар. Біз бәрін көріп, ой елегінен өткізе аламыз. Алдымен Д. Қонаевтың деңгейіне жетіп алыңдар.

 

Камал Абдрахман,  ғаламтордағы жазба 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны