Аты жөні | Статус | Лауазымы | Э-почта | Телефон |
Алдамжаров Ғазиз | Қоғам қайраткері, саясаткер | Алқа төрағасы | ||
Дүйсембі Болат | Қоғам қайраткері, ақын, публицист | Алқа төрағасының орынбасары | ||
Қойшыбаев Бейбіт | Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы | Алқа төрағасының орынбасары | ||
Бәкірұлы Әбдірашит | Қоғам қайраткері, философ-публицист | Алқа мүшесі | ||
Аңсатов Сәдуақас | Саясаттанушы | Алқа мүшесі | ||
Шаяхмет Ақылбек | Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі | Алқа мүшесі | ||
Арман Қани | Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері | Алқа мүшесі |
![]() |
(USD) | //-// | ![]() |
(EUR) | //-// |
![]() |
(RUB) | //-// | ![]() |
(CNY) | //-// |
САЙТТЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ
![]() |
|
Қаламгердің қоңыр мұңы
Дайындаған: 2 ай бұрын
![]()
– Бір арбаға жегілген пар аттай Құдай қосқан қосағым екеуміз алды – қырықтан, екіншісі отызды орталаған бір қыз, бір ұлымызды балаларымен қосып, негізінен, зейнетақымен асырап отырмыз. Мен балаларыма кінә қоя алмаймын. Қызым – магистр, ұлым – Қаз АТК-ны бітіріп, теміржолға орналаса алмады. Оған ұзын арқан, кең тұсаумен бір жарым жыл уақыты кетті. Содан арасында достарымен бірге кез – келген жұмысқа барып, татымсыз табыс тауып жүрді. Солай құрылысқа бейімделіп, сварка, кірпіш қалау, арматура тоқу, т.б. үйреніп алды. Сондықтан, Сәулет және құрылыс институтының үшінші курсына барып жаңа оқуын бастаған. Қазір бесінші курста. «Райымбек» көшесінен сәл жоғары, «Гайдар» көшесінде жаңа типті балабақша тұр. Сол нысан – баламның бастан-аяқ басқарып, салып шыққан ғимараты. Оны Үкімет басшысы келіп, лентасын қиды. Тапсырыс берушілер басында уәдені көпіртіп, шартқа қол қойғанмен, үнемі жұмыс енді қызғанда қаржыландыруды тоқтатып қояды. Жұмысын өзгертіп қашып жоғалатындар қаншама?! Балам да, достары да жас отбасылар. Жаңа бастыққа барса ол міз бақпай: шартта кімнің қолы тұр? Соны іздеңдер деп адастырып қоя береді. Ал біткен істен кемшілік іздеп, еңбекақыларын төлемеуге тырысатындарға да не сөз, не уәж, не заң жүрмейді. Жетпістің бесіне келіп, аяқ, буындар, «подагра» дейтін кеселге тап болғанда, 1980 жылдан жалғыз бүйрекпен ілініп қана жүргенде балалар көріп жатқан қорлыққа кірісе алмай, өз қатарымның бәрі қызметтен кетіп, сөйлесерге адам таппай отырғанымыз Шолпан екеумізді өмірден түңілуге дейін апарады. Өзі Алматыда үш мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып, зейнетке шыққан адам ғой. Екі категорияға жататын аса қиын ауру – диабетімен, алыса жүріп, немерелерімен айналысады, солар оның қара санаға ұрынбауына себепші де болар деп ойлаймын. Шолпанның әкесі Петропавлда «Ленин туы» газетінде шамалы уақыт редактор болған, Н.Хрущев қазақ газеттерін жауып тастағанда совхозда парткомдық жұмыс атқарыпты. Газет қайта ашылғанда редактордың орынбасары болып, зейнетке шыққан. Қайын атам неміс-фашистер жеңілген соң Жапон соғысына қатысқан, ұзын-ырғасы жеті жылдай майданда болған адам еді. Арақ-шарап, темекі, даңғаза өмірге жоқ, алты баласы – төрт ұлы, екі қызын асырауды ғана ойлаған, балаларын өте тәртіпті, ізетті кітапқұмар етіп өсірген екен.
Сондықтан, елу жылдық алтын тойға аяңдап келе жатқан қосағым мені қорғаштап жүреді, мен де Құдайдың берген жасын осы адамның жанында өткерсем деп Жаратушымнан сұраймын. Лайым, солай болғай. Жас келгенде өз өмірің жайына қалып, бала-шағаның қамын ойлауға көшеді екенсің… . 1938-1939 жылдары Кеген ауданына бірінші хатшы болып Ораз Жандосов келіпті. Аз-кем ауданмен танысып, ел-жұртымен қоян-қолтық іске кіріседі. Қазіргі «Кегенский перевал» деп орыстар, «Қайқы» асуы деп жергілікті халық атап жүрген он екі шақырымдық жолды, тік бетті ортан белінен текшелей кесіп, жол салуға кіріскен. Жандосовтың ұсынысымен мектепте иесі жоқ пәндердің бәрінен сабақ беріп жүрген Төреханды он жасында аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы етіп сайлатады. Төрехан сол кезде өлең жазады екен. Домбыра, мандолин тартады. Бойшаң келген көркем жігіт отырғанда ауылдас өз аға-әкелері имене кіретін көрінеді. «Өзі жайдары болғанымен, мысы басып тұрушы еді» – дейді мен көрген, сөйлескен, Төреханнан жасы үлкен қариялар. Әбдікерім, Бердібек, Ыбырайым аталар аудандағы алғашқы мұғалімдер болыпты. Сонда Әбдікерім атамыз: «Әй, Ерік! Сенің әкең Төрехан ғой бізді – ағаларын Жәркенттегі мұғалімдер курсына тізіп апарып оқытқызған. Соның арқасында өмір бойы бала оқытып, мұғалім атанып келеміз» – деп бір ақиқаттың бетін ашып еді. Мен бірінші мен жетінші класс аралығында жеті грамота алған екенмін. Күндердің күнінде ауылға «Поэт» деген көркем фильм келе қалды. Қазір ойласам, басты кейіпкері Маяковскийге, лириктік сәттері, өлеңдері С.Есенинге ұқсайды. Сол «Поэт» фильмі менің ішкі әлемімнің астан-кестеңін шығарып кетті. Енді Ерік (үйде, мектепте) Төреханов кинодағы ақынша бойын тіктеп, полу-бокс шаш қойып, хром етік табылмаған соң жарғақ етіктің қонышын «гармошка» жасап, «жігіттің сұлтаны» болып шыға келдім. Қонышта бір дәптер, бір сия қарындаш. «Шабыт» қысқанда сабақты ысырып қойып өлең жазамын. Солай математика, физика, химия пәндеріне тәкаппарлықпен қарап, кенжелеп қалдым. Қазір сол қылығыма өкінемін… Сөз орайында айта кетейік, өзімді жазушы ретінде қалыптастырған француз және орыс классикасы деп ойлаймын…
1946 жылы мені бауырына басып аялаған Ақ апам (ел арасында осылай атайтын) дүниеден озды. Сонда Төреханнан кейінгі ұлы Әкімханға: « Мына баладан айырылма. Үйіріне қоссаң оп-оңай Сәбитов болып кетеді. Менен соң үйде үш еркек – өзің, Саятханың, Ерік үшеуің қаласың. Жасың он сегізге толды. Менің қырқымды берген соң сөйлесіп жүрген адамыңды үйге кіргізіп ал. Мен ол бойжеткеннің кім екенін білемін. Шешесі – Әділбек байдың қызы Қойсын. Әкесі – Сүгірбек әжінің баласы Халық деген кісі. Болған адамдар. Үйі – Ұзынбұлақта. «Руы – баба, байпаққа салып саба» деп, халық ол атаның жуастығын, тірлікке берілген, малсақ жандар екенін дөп басып айтқан ғой» депті…
Ең алғашқы оқымай, бастан-аяқ тыңдаған шығармам – «Ботагөз». Тәтем мектепті үздік бітірген, өзі сахнадан өлең айтқан әнші, қалың да ұзын қара шашын екі бұрым етіп арқасына лақтыра салатын, тауып сөйлейтін, өзінен сегіз-тоғыз жас кіші қайнысы Саятхан, мен, Бақытжан, Гүлбанулармен бірге ойнап, тек әкеміз түскі асқа, кешкі асқа келетіні есімізге түскенде жабыла тірлікке кірісетінбіз. Сол еркіндік бәрімізге дарыған тәрізді. Мен бастауыш кластарда жүріп-ақ, мектеп пен аудандық балалар кітапханасын тауыстым. Кітапханашылар кітаптарды ауыстыруға келе жатқан мені көрсе: «Ой-буй… Әне, Ерік келе жатыр. Қандай кітап ұсынамыз? Ол оқымаған кітап жоқтың қасы», – деп сасқалақтайды екен. Сол әдет жетпіс беске келіп көзіне екі мәрте ота жасатқан Еріктің қыр соңынан қалған емес. .
Мәселе темекіден басталды. Мәлік менен үлкен, оныншы класс оқушысы, мен, одан соң Серік, Бақытжан төртеуміз «Байкал» дейтін шегедей ғана папиросты бір қуысқа тығылып алып тарттық. Құнығып, дағдыланған ешкім жоқ. «Біз де көрейкші» деген балалық қана. Сөйтсек, шаштары сексиіп кішкентай қарындастарымыз бізді аңдып жүріпті. Кешкі ас үстінде Гүлбану, Бақыт екеумізге қарап күле берді, күле берді. Содан мамасы: .
– Күләш! Күләш! Бері келші! – Өзі ішек-сілесі қатып күліп тұр. Жаңа ғана кеудесі жалаңаш болатын. Көзді ашып-жұмғанша сенің жемпіріңді кие қойыпты. (Анамыз да күлкіге басты). Сонымен, тек мен ғана «таяқ» жемей құтылдым. Ал шын мәнісінде, әкемізге апам мені тапсырғанда: «Ешқашан қол көтерме. Маңдайынан өзің де шертпе, өзгеге де шерткізбе – мені көрде жатып өкіртпе» деген апамның сөзін ол кісі бұлжытпай орындады. Мен де ол кіші әкем үшін іштей тілеуін тілеп, бір жағына шығармын тірі жүрсем деп ойлаумен болдым. Мен де түптің түбінде сөзімде тұрдым. Қалада өзінің алты баласын, інісінің шүпірлеген үш қызын, қонақ арымайтын отбасын Қаржы министрлігінен алатын жалақымен бағып-қақты. . Кейін әкемізді аудандық партия комитеті қаржы-қаражат бөліміне аға инспектор етіп ауыстырды. Одан соң барып-келіп, Семейдің финанс техникумын сырттай оқып алды. Тарихтан белгілі, соғыс кезінде Қаржы министрі болған Зверевтің шәкірті Гарбузов министрлікке келді. Ел есін жиып, ішіп асқа, киіп киімге жари қоймаған кезең. Кадр жетіспейді. Сонда Гарбузов аудандық қаржы бөлімдерін жақсы басқарып жүрген, облыстарда қолдың қысқалығынан жоғары білім ала алмай жүргендердің тізімін жасатады. Шынында да, былай тартса өгіз өлетін, былай тартса арба сынатын-ақ жағдай екеніне көзі жетеді. Содан өз бұйырығымен Ленинградта жаңағы кадрларға жоғары білім алып беру үшін мынандай қадамға барады: жаңағы тізімге іліккендердің жалақысы отбасына беріледі. Ал өзі «Бүкіл Одақтың жоғары финанс мектебі» деген атпен үш жылдық оқу орнын ашады. Студенттерге бұрынғы жалақылары көлемінде стипендия тағайындап, жатын орын, түскі асты тегін ішетін жағдай жасайды. Түс әлетінде біздің есік алдында он-он бір ат мама ағашты жағалай тұрды. Әкімхан өз аппаратындағы ағаларын, туған-туыстарды жиып: «Егер дәл осы сәтті пайдалана алмасам мен жоғары білімсіз қалғаным қалған. Не ақыл қосасыздар?» – деп сауал тастайды. Бірінші болып апам Қарақолдан қаңғып, аш-жалаңаш жылап келе жатқан тоғыз жасар орыс баласы Денис Казанцев деген ақ офицердің жетімін асырап алған. Төрехан екеуі бірге өскен. Алдымен Денис аға сөз бастап, Әкіш, ел болып сенің отбасыңды жүдетпеспіз. Оқы. Мен отын-суыңды мойныма алдым. Тася артық дәмі болса осы үйге тасиды.
Жездеміз, бірақ әкеміздей боп кеткен дорстрой бастығы, дене бітімі Дінмұхамед Қонаев тәрізді биік Жұманбай деген кісі: «Мен ұн мәселесін, қант-шайын мойныма ілдім, Әкіш» – деп сендірді. Әкемнің қарамағында меңгерушінің орынбасары болып еңбек етіп жүрген Байсабаев деген қалжыңбас кісі еді: «Денис пен Жұманбай оңай құтылып кетті. Ең қиыны – балаларды қызылсыратпау емес пе? Оны мен көтеремін. Ауданда қанша салық инспекторлары бар. Солар есеп беруге келу үшін соғымын сүйрей келмей ме? Сонда үш жылда ірісі бар, ұсақ малы бар, әрқайсысы бір мәртеден келсе үш жыл өте шығады» депті… .
Ол кезде Нарынқолда Р.Мақашев деген нағыз патриот, партияның кіршіксіз қайраткері бірінші хатшы еді. Ол кісі әкемізді атқару комитетінің төрағалығына ыңғайлап жүргенде, Қазақ ССР-нің финанс министрі Атамбаев Әкімханды бұйрықпен: «Временно прикомендировать» деп шақыртып алады. Сөйтсе Атамбаев аудан басшыларымен, облыс басшыларымен сөзге келіп те қалыпты. Әкімханды қабылдағанда оның үстінде қаракөк китель, аяқта шешендер киетін іші жылы, сырты кавказдық «модамен» тігілген «бурка» болыпты. .
Эрнест Төреханов, Жазушы, Мұқтар Әуезов атындағы сыйлықтың иегері
Құлтөлеу Мұқаш
Aqsaqaldar.kz
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
|
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
![]()
Соңғы пікірлер
|