«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Құрметті халқым, . ел-жұртым, азаматтарым!
Құрметті халқым, . ел-жұртым, азаматтарым!
Дайындаған: 3 апта бұрын

 

      Қарқынды дәуірде өмір сүріп жатырмыз ғой. Бүгінгінің талабы – өзгерістерге бейімді бола білу, шапшаң қимылдау. Интернет, әлеуметтік желілер байланысудың таптырмас құралына айналды. Ондағы ақпаратты саралап, ретімен, жөнімен пайдалансаң дұрыс-ақ.

      Facebook пен Instagram желісінде парақша ашып, мына қиын-қыстау кезеңде халықпен бірге өткеруді жөн санадым, әсіресе «жастардың үйреншікті форматында».

      Мені Шарманов етіп мәртебемді биіктетіп, мерейімді өсірген – халқым. Халқымның мені әрдайым қолпаштап, қорғаштауы, ақыл-кеңес сұрап, ақсақалдық тәлім-тәрбиені қажетсінуі басыма қонған үлкен бақ деп білем. Әрбір қысылтаяң кезеңді халқыммен бірге өткеру – тікелей азаматтық борышым.

      Коронавирус пандемиясы бізді өздігінше тәрбиелеп тастағандай. Жайбарақат әрекетке еш жол жоқ, аса қырағылық танытуымыз керек. Тек қана ел болып, қоғам болып жұмыла індеттің бетін қайтара аламыз.

       Бірінші кезекте сақтық шараларын сақтау қажеттігі жайлы көптеп айтылып та жатыр ғой. Көпшілік ұққанша, мәселенің күрделігін қабылдағанша қайталап айта бермекпін: жеке гигиенаны сақтау, көпшілік жерде маска тағып жүру, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, әлеуметтік қашықтықты ұстануды қатаң түрде әдетке айналдыруымыз керек.

      «Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші вирустың таралу қаупі әлі сейілмеді, онымен бірге коронавирус мутацияланып та жатыр. Бұл енді күтілген жағдай. Індетті жеңу үшін бізге үлкен жұмыс атқару қажет.

      Бұл індетпен күресте дәрігерлеріміз бар біліктілігі мен білімін пайдаланып, жанкешті еңбек етіп жатыр. Біздің арамыздағы нағыз батырлар – осы дәрігерлер, медбикелер және барлық медициналық қызметкерлер. Өз өмірлерін тәуекелге тігіп, қанша азаматтарымызды өлімнен аман алып қалып отыр. Осының бәрі табандылықтың, үлкен жанашырлықтың көрінісі.

      Әлемнің үздік ғалымдары жұмыла COVID-19-ға қарсы вакциналарын әзірлеуде. Нәтижелер де жоқ емес. Қысқа мерзімде бірнеше вакцина жасап шығарылып, олардың тиімділігі де расталды. Әрине, біз тиімділігі жоғары, қауіпсіз вакциналарды таңдайтын боламыз.

      Індетті ауыздақтап, жұртшылықты аман алып қалуымыз – біздің жауапкершілік танытуымызға тікелей байланысты болмақ. Қазақ үшін «бірлік» ұғымы аса қастерлі. Барлық қиындықтарды тек бірлесе еңсереміз. Бір-бірімізге жанашыр болып, өзімізді де індеттен сақтап жүрейік! Жауапкершілікті ортақ сезініп, қолымыздан келгеннің бәрін тыңғылықты орындау міндеті – ол сақтық шараларын қатаң ұстану.

 

Ел аман, жұрт тыныш болғай!

 

Құрметпен,

Төрегелді Шарманов!

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны