«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Автордан өресі төмен сыншының әдебиетке де, оқырманға да берері . шамалы
Автордан өресі төмен сыншының әдебиетке де, оқырманға да берері . шамалы
Дайындаған: 2 апта бұрын

       Әлеуметтік желі – аузыңа не келсе соны айтатын қатарыңның үйі емес. Мұнда өресі әртүрлі деңгейдегі сан алуан пікір иелері отыр. Академик Құлбек Ергөбек достығыма қосылған соң, оның посттарына лайк басып, қолдаған қысқаша пікірлерімді жазып отырдым. Өйткені оны ертеден білетінмін, шешесінің қолынан шай ішіп, бауырларымен бір төсекте жатып, отбасымызбен араласқан кездеріміз бар... Оған қатысты әңгімелерге тоқталмаймын.
      Бірақ эмоциясыз адам бола ма? Соны қанша тежеп ұстайын десең де, кейде ырық бермей кететіні бар. Сондай көңіл күймен ФБ-да достығыма қосылған академик Құлбек Ергөбекті жылға жетпейтін уақыттың ішінде кірінен тазарсын деп «моншада жуынып келуге» жұмсадым.               .
      Мен үшін оның атақ-даңқы аса маңызды емес. Ол өзі менің күйеу балам еді. «Пайғамбар да күйеу баласын сыйлаған» деп құрмет көрсетіп жүрдім. Ол да кейінгі кезге дейін тоқалының көзін ала бере жан-жағына жалтақтай қарап «қайнаға» деп қоятын. Соңғы кездері үш облысқа күйеумін деп мақтанып жүреді екен. Менің қайнаға екенімді ұмытыңқырап қалыпты. Тіпті «Кәмила рұқсат берсе, тоқал ал», – деп кеңес беретін болды әлеуметтік желіде, өзінің қатарына қосып алғысы кеп! Бұл – қазақы жолға (күйеу баланың жолы кіші ғой) қатысты әңгіме.                                          .
      Әлеуметтік желіде әйелімнің «Дидар-ғанибет. Анфас» кітабынан үзінді жарияласам, оны қайта-қайта «қатын» («әйелің», «Кәмила» деп айтуға болатын еді ғой) деп тілдеп, екеуіміздің арамызға ши жүгіртетін сөздер жазды. Кешірдім. Негізі ол екеуі «коллега», С.Мұқанов мұражайында бірге қызмет істеген. Ол кезде оның лексиконында бұндай да сөздер бар екенін білмейтінбіз.
     Келе-келе мен желіде жариялаған материалдарды өзіне таң болғандықтан бөлісіп ала отырып, әр жерде бір қағытып, ашық тиісе бастады. 2018 жылы жариялаған бір пародияма «Пародияға келмейді» деп кесім айтыпты. Соған қатысты оның аты-жөнін атамай ишаралап «Сөз емес сөзді кісі емес кісі айтады» деген халық мақалын ұсынсам, «Ол мақал емес. Мәтелге келіп қалар!» деп білгішсінеді. «Мақал дегеніміз – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы» немесе «Мәтел дегеніміз – халық арасына көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ ықшам да кестелі халық сөзі» екенімен шаруасы жоқ. «Мен айттым, болды!» деген кеудемсоқтық! Онымен де қоймай, менімен бір оңаша сөйлесіп отырғандай «Ей, Байбота! Сен рухани басыр адам екенсің ғой!» деп өз к...ін өзі ашады. «Чем ниже интеллект, тем громче оскарбления» дегеніміз осы шығар! Амал жоқ, менің де тілім шыға бастады.
       Күнделікті тұрмыста адамдар өндіруші және тұтынушы деп бөлінеді. Өндірушілердің шеберлігі мен тұтынушылардың талғамы да түрлі деңгейде. Рухани өмірде де солай! Бірақ мұнда «өндірушінің» тәңірілік қасиеті бар. Ақын-жазушылар Тәңірі секілді жаратады. Олар аз. Они создают, творит! «Творчество» (шығармашылық) деген сөз содан шыққан. Ал әдебиеттің тұтынушылары – оқырмандар. Олар көп. Оқырмандардың үздігі дүниеге келген туындыға өз пікірін айта алады. Оларды біз «сыншы» дейміз. Сыншылардың бірі өз ойын қағазға түсіре алса, бірі түсіре алмайды. Деңгейлері де әртүрлі. Құлбек Ергөбек те солардың біреуі ғана. Шындығында оның қолынан бір шумақ өлең жазу, бір беттік көркем проза туғызу келмейді. Бірақ өзгелер жазған көркем туындыға пікір айтады, пікір айтуға құқылы да. Өйткені ол тәңірілік қасиеті бар ақын-жазушылардың сол туындысын тұтынушы. Сондай-ақ әдебиет оның нәпақасы! Ешқандай сыншы ақын-жазушының деңгейінде ойлай алмайды. Өйткені ақын-жазушының ішіне кіріп, олар басынан өткізген сезімді толық сезінбейді. Сондықтан да сыншылардың міндеті ақын-жазушыны тұқырту емес, олардың шығармасын талдау арқылы қалың оқырманмен байланыс орнату. «Мен пародия емес десем ол пародия емес», «мен мақал емес десем ол мақал емес», «мен өлең емес десем ол өлең емес» деген түсінік көрмедік көркеуденің сөзі болады.
Ол менің шығармашылығым жайлы жазғысы келеді. Әйелім арқылы «жазып жатырмын» деп айтқан сәлемі де бар. «Құлбек менің шығармашылығым жайлы жазбай-ақ қойсыншы» деп сәлеміне сәлем жолдағанмын. Бірақ ол жазды. Мақтағысы да келеді, сынағысы да келеді (мүмкін аяғымнан шалғысы келетін шығар). Бірақ өлеңге өресі жетпейді. Поэзия дегеннің не екенін теориялық тұрғыда білгенімен, жанымен сезінбейді. Автордан өресі төмен сыншының әдебиетке де, оқырманға да берері шамалы. Бір ғана мысал келтірейін.
      Құлбек Ергөбек менің балаларға арналған бір кітабыма байланысты: «Формалық ізденісті қолдай тұрып, «Шыршаны» көк бояумен сипаттағанын (әдетте жасыл шырша дейміз ғой), желкесін қасып тұр деудің орнына «қасып тұр ол басын» деудің кемшілік екенін айтпасқа болмайды. Өлеңге әлеуметтік жүк арқалата білетін, қызықты экспериментке жиі баратын Байботаны аталған кемшіліктер ойландыруға тиісті»,– деп ақыл айтқансиды. Ол менің сөздік қорымда «жасыл» деген сөз жоқ деп ойлай ма, әлде мен шыршаның түсін ажырата алмайды деп ұға ма? Қазақ көк түсті даралай бермейді ғой. Ұлтымыздың ұғымынша аспан да көк, орман да көк, теңіз де көк. Яғни, «синий» (көк), «голубой» (көгілдір), «зеленый» (жасыл) түстері дараланбай-ақ «көк» деген сөздің аясына сыйып кете береді. «Көкті жұлма», «көктей солды», «көкеріш», «көкөніс», «көк орман», «көкорай шалғын» т. б. көптеген сөздер мен сөз тіркестері өсімдіктер әлеміне байланысты айтылады. Сонда «көк шырша» дегенде қандай қате бар? Түстер мен бояуды ажыратуда да әр ұлттың өзіндік ерекшелігі бар. Кейінірек басылымдардың бірінен қазақ тілін қазақтардан кем білмейтін неміс жазушысы Герольд Бельгердің: «Казахское «көк» (как цвет) означает и серый, и синий, и голубой, и – иногда – даже зеленый («көк шөп»)»,– деген пікірін де оқығаным бар. Сондай-ақ мен кішкене кейіпкеріме басын қасытамын ба, желкесін қасытамын ба – өз еркім емес пе?
       Құлбек Ергөбектің сыншылығы да мен үшін осындай деңгейде.
Дәл қазір Құлбектен «құтылғаныма» еш өкініп отырған жоқпын. Бірақ осының бәрін ертерек айтуым керек пе еді?!.

Байбота Қошым – Ноғай,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер