«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
SOS!!!!! SOS!!!!
SOS!!!!! SOS!!!!
Дайындаған: 2 ай бұрын

Жұмыстан еңсем түсіп, басым салбырап қайттым бүгін... Әттең-ай десеңші.

          Бір турфирма бар еді жұмыста. Әрине қожайыны орыс ұлтынан. Автобус жүргізушісі қандасымыз елуге келіп қалған жігіт. Ырсылдап күннің ыстығында автобусты жуып жатыр еді, қасына баласы келді. Мен көлеңкеде отырғанмын. Сөйлеп қалған ашық бала екен, қасыма келіп отырып әкесіне бүгінгі бітірген жұмыстарын айтып жатыр. Түсінгенім виза ашып жатыр.

 

Мойнымды бұрып сөзге тарттым.  

 

–   Венгрияға кетейін деп жатырмын, – дегенде көзім шарасынан шықты. Жасы жиырмаға толыпты.

 

–  Әй балам, ол жақтан не іздейсің, әкеңе көмектесіп осында болмадың ба, –  дегенімде:

–  Ой аға, істедім. Сексен мың теңге төлеймін деген соң жұмысқа кіріп едім , аяғында елу мың ғана берді. Ал ана жақта екі жүз мың алады екенмін, – деп отыр.

Ой аға ол жақта қазақ толып жүр екен, – дегенде амалсыз үндемедім....

 

    Ішім алай-дүлей. Біз де біраз жерге барып қалыппыз ғой деген ой келді...

Ой-ой өзбектер мен қырғыздарға күле қараушы едік, өзіміз қайда кетіп қалғанбыз - ей, оларды жолда қалдырдық қой... Корея, Канада т.т.тс.с естіп едім. Венгрияны да естіп ...

Айтатын сөзім жоқ, ағайын. Қайда кетіп бара жатырмыз?

    Қысық көздер ақырын-ақырын ығыстырып, жерді босатып елден шығып кетпейміз бе осы???

    Билік қайда қарап отыр?? Жастарды ынталандыратын бағдарламалар неге жоқ??

   

Әкесінің жұмысы анау, өзі шетел асып бара жатыр.... Қалай жүрегің қан жыламайды???

 

Қазақтың жағдайы қашан дұрысталады???!

 

Не ойлайсыздар, ағайын???

 

Қайрат Бестібаев, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер