«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазақстан Республикасының . Әділет министрі Марат Бекетаевқа Ашық хат
Қазақстан Республикасының . Әділет министрі Марат Бекетаевқа Ашық хат
Дайындаған: 4 ай бұрын

Құрметті министр мырза!

          Бұл хатты жазуға себеп болған, өз басымнан өткізіп отырған жағдайдың басқада Қазақстан азаматарының басында да кездесетіндігінен болып отыр. Сіздің басқарып отырған Әділет министрлігі жүйесі бақылауына қарайтын қызметкерлер, азаматтардың арыздарын қарап әр адамның, билік жүйесінің қызмет көрсетуін пайдалану жағдайынан туындаған мәселелерін сауатты шешудің орнына бюрократиялық (буквоедства) тұрғыдан қарап, дер кезінде шешілетін мәселенің айлар, жылдар бойы созылып кетуі орын алған. Мен көтеріп отырған мәселені сіздің назарыңызға ұсынуым, осы жүйедегі орын алып отырған кемшіліктерге келешекте көмекшілеріңіз жоғары деңгейдегі сауатты, адами жауапкершілікпен қарап, халықтың наразылығын тудырмай, жұрттың пікірлеріне көңіл аударуға себебін тигізер деген үміт итермелеп отыр. Өйткені, әрбір бюрократиялыққа салынған кызметкердің қылықтарынан көңлі қалған қарапайым халық сіздердің жұмыстарыңыздағы кемшіліктердің себебін мемлекет, үкімет басқарып отырған тұлғалардан көріп жатақанын ғаламтор арқылы әлемге тарап жүргені белгілі.  Бұл құбылыс қоғамдағы береке , бірлікке зиян әкелетіні де белгілі. Ұққан адамға, халық пен биліктің арасындағы қарым – қатынасы мен ынтымағының деңгейі мемлекет жүйесіндегі әр қызметкердің (Әділет министрлігінің де) сауаттылығы мен жауапкершілігінің деңгейіне тікелей байланысты болатынын біздің қоғамның даму заңдылығы көрсетіп отыр. 

         Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін халқымыздың өзіндік ұлттық санасының оянып, жаңа еркіндікті корғайтын қоғамдық сана қалыптаса бастағаннан бері, қазақтар ескіліктен арылып өзінің ата тегіндегі «ов» - «ев»терден және басқа тіл ықпалында ата – тектерінде қате жазылып кеткен әріптерден тазаруға ден қойғаны белгілі. Бірақта, осы ұлтымызға қажетті үрдістің кең етек алуына жер – жердегі АХАТ бөлімдерінде қызмет ететін кейбір азаматтардың бюрократиялық қылықтары кедергі жасайтыны белгілі. Осыған байланысты нақты болып отырған жағдайға назарыңызды аударуды жөн көрдім.

       Мен ҚР президентінің қазақ азаматтарының ата - тегін қазақшалау туралы жарлығына сүйеніп жеке куәлігімдегі орысша жазылған «ю» әрпін қазақшалап және тегімдегі қосымша  «ов» дегенді алдыртып тастаған едім. Өскемен қаласының Октябрский ауданының паспорт беретін бөлімі (паспортный стол) жеке куәлігіме «ү» әріпінің орнына  «у» жазып, жеке куәліктегі қате жазылған әріпті (қазақша жазатын маман жоқ деген сылтаумен) ауыстырмай қойған. 90 - шы жылдары милиция орындары қызметкерлері менің осы қатені түзетуді сұраған арыз – шағымымды түрлі сылтаумен қанағаттандырмай қойған болатын. Содан кейінгі жылдары жеке куәліктің мерзімі өткен уақытта құжат беретін орындар «у» әрпінің «ү» әрпіне ауыстыру үшін алғашқы туу туралы куәлік қажет деп, автоматты түрде жеке куәліктегі қате қайталанып жүрді. Ата – тегімде жіберілген қатені түзеу үшін керек болған қазақша құжат алған кезде Аягөз ауданы ЗАГС нен алған Туу туралы куәлікті Өскемен қаласының бұрынғы Оқтябрьский ауданының милициясының паспорт беретін бөлімі қазақша жеке куәлік алуға берілген құжаттар қайтарылмайды деп қайтармай қойған болатын.                                                         .                                                                                                                                                                                                 

Мен 2019 жылының ақпан айында Алматыдан арнайы барып Аягөз ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) (ЦОН) арқылы туу туралы куәліктің көшірмесін алуға қажетті жарнамасын төлеп, өтініш өткіздім. Маған осы кызмет көрсету орны берген Туу туралы куәлікте туған күнімді «28 мамыр» деп, бұрынғы барлық құжатарда жазылып келген «31 мамыр» деген ақпарат өзгеріп шыға келді. Мен тағы Аягөзге барып ХҚКО басшысына жолықсам, ол  Туу туралы куәліктегі қатені жіберген ауданның АХАТ бөлімі деп сонда жіберді. Ауданның АХАТ бөлімінің бас маманы біздегі мұрағаттарды қағаздан электрондық формаға аударған құжаттарда туған күніңіз «28 мамыр» деп, туған күнді «31 мамырға» ауыстырмады. Мен 90 - шы жылдары осы Аягөз ауданының ЗАГС нен қазақша нұсқада алған метрикенің негізінде жеке куәлігіме туған  күн «31 мамыр» деп жазылғанын ескерттім. Сол уақытта маған метрикені ЗАГС қызметкері бір сағаттай уақыт ішінде көзімше жазып, мөр соғып берген болатын. Сондағы өз көзіммен  көргенім, ертедегі көк сия мен қаламсаппен жазылған қалың кітапша болатын. Мен сол кітапшаны көрсетуді  талап еткенімде, маған  стандартты формадағы басылған басқа құжат көрсетіп, электрондық формаға ауысқанда  бұрынғы ескіше толтырылған қағаздар өртелініп кеткенін айтты. Сонда қалай, мекемедегі маман қызметкерлерінің сауатсыздығынан, жауапкерсіздігінен негізгі құжаттардың фото көшірмесі сақталмағаны, олардың халық алдына қылмыс істеумен бірдей бұл қылығына ешкімнің көңіл аудармағаны түсініксіз. Осындай кемшіліктің кесірінен елімізде азаматтар жапа шегетінін ұғатын бір сауатты адам болмағаны ма?                                              .                                                                                                                                                                                 

Содан кейін заң жолымен қала тұрғыны ретінде 30. 09. 2019 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөліміне өтініш жазып, өзімнің талабымның негізді екенін растау үшін қосымша мына құжаттардың көшірмелерін өткіздім:                                                       .                                                                                                                       

– 12. 07. 1960 жыл. № 043156243 еңбек кітапшасының, 10. 04. 1967 жылы тіркелген неке куәлігінің, № ЕЕ әскери кітапшасының, Алматы халық шаруашылық институты (диплом Я № 227008) мен Алматы жоғарға партия мектебін (диплом АБ № 019520) тәмәмдаған құжаттардың, балаларымның Туу туралы куәліктерінің және Өскемен қаласы ішкі істер орындарының 90 - шы жылдары жеке куәлікті қазақшаға ауыстырып берген уақыттағы туған күнімнің «31 мамыр» деп жазылғанын мұрағат негізінде растайтын анықтаманы. .                                                                                                                                                   

Менің арызыма  берген Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің басшысы қол қойған 01. 11. 2019 жыл, № 8-02/542 хаты арқылы берген жауабында: «... Мүдделі адамдардың арасында дау болған кезде азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелері сот тәртібімен шешіледі. Негізгі дау себебі ұсынылған құжаттар мен алынған құжат актілерінде әр түрлі оқылым орын алғаны анықталды.» - делінген.                                                                     

Бірақ, бұл тұжырым кейін сот мәжілісінде бекімеді. Өйткені, менің өтінішіме берген жауабындағы АХАТ бөлімінің  тұжырымы дәлелсіз, сауатсыз жауап еді. Олай деуіме бірінші себеп, сол сәтте менің жеке куәліктегі туған күніме талас тудырып дау шығаратын ешбір тұлғаның жоқ болғаны. (Аягөз ауданының АХАТ бөлімі болмаса). Екінші, бұл жерде, әр жерде отырса да, мекеме қызметкерлерінің бірінің қателерін бірі жабуға тырысатын «шапан намысы» (честь мундира) қолжалғау «мінезі» көрінетіп тұр. Менің көзімше бөлімнің бас маманы Аязөздегі аудандық  АХАТ бөлімінің  бас маманына қоңырап шалып сөйлескен болатын. Жоғарыдағы АХАТ бөлімінің жауабындағы соңғы сөйлемдегі айтылған тұжырымның ешбір айғақты деректермен бекітілмеген соң, дәйексіз жазылған, – деген  пікірге келдім.                                                                                                                                                                                                                                                                   

Мен  Әуезов ауданы АХАТ бөлімінің шешімімен танысқан соң, бұл шешіммен келіспей Алматы қаласы Әуезов ауданынның 2 аудандық сотына жүгіндім. Менің талап - арызымды 2019 жылдың 18 желтоқсаны күні Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сот отырысында қараған судья  Г. Имансерикованың шығарған № 2 - 9639/19 шешімінде: «Арызданушы Дүйсембі Болаттың арызы қанағаттандырылсын.» – делінген және соттың осы шешімі  03. 02. 2020 жылы заңды күшіне енген еді.                                                                                                                                                                   

Мен еліміздегі төтенше жағдайға байланысты  тек биылғы 2020 жылдың маусымының 4 күні Аягөз ауданы АХАТ бөлімінің бас маманына  барып жолығып, Сот шешімін көрсетіп Туу туралы куәлікті түзетуді сұрадым. Ол маған: құжатыңызды ХҚКО (ЦОН) арқылы тек 7 жұмыс күн ішінде ғана ала аласыз. Оған уақытыңыз жоқ болса өтінішті Алматы қаласының  Әуезов ауданының ХҚКО на (ЦОН) берсеңіз де болады деді.                                                                              

Мен 18. 06. 2020 ж. (расписка № 002195666335) Әуезов ауданының ХҚКО - на  өтінішіммен қоса қажетті деп сұраған құжаттарды өткіздім. Өтінішімді қабылдаған ХҚКО – ның маманы Манарбеков Д. Әуезов ауданының № 2 аудандық соты шешімінің түпнұсқасын қабылдамай көшірмесін жасауды  талап етті. Мен сол жердегі ксерокске ақы төлеп көшірмесін жасап маманға бердім. Маманның айтуы бойынша жауабын өздері менің қалта телефоныма хабарлайтынын ескертті. Құжат қабылдауды растайтын қолқатта олармен хабарласатын телефон нөмірлері жазылмаған. Содан 16 күн күтіп, хабар болмаған соң 03. 07. 2020 ж. Әуезов ауданы ХҚКО - на барып № 34 үстелден алған жауапты түсінбедім. Менің барлық жерлерге берген өтінішім тек қазақ тілінде болсада. Менің қолыма 26. 06. 2020 ж.  № 2123 орыс тілінде жазылған Алматы қаласы Әуезов ауданы АХАТ бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Г. Баимбетова қол қойған хатты ұстатты. Бұл хатта: Менің Әуезов ауданының ХҚКО-на берген № 002195666335, 18. 06. 2020 ж. өтінішімді Аягөз ауданы АХАТ бөлімі қарап тексеру кезінде менің туған күнімді растайтын құжат «... в базе ИС «РП ЗАГС» актовая запис о рождении в отношении Вас не найдена. В связи с чем был направлен запрос о необходимости сканирования данной записи в вышеуқазанный регион.» – делінген. Бұл жауапты оқыған соң екі сұрақ туындады. Бірінші, Аягөз ауданының мекемесінде жоқ құжаттар, қалай Әуезов ауданынан табылады? Екінші, Аягөз ауданы АХАТ бөлімі маған өткен 2019 жылдың наурыз айында туған күні «28 мамыр» деп берген № 14 Туу туралы куәлікті сол кезде қандай құжатқа сүйеніп жазған? – деген.  Осы хатта менің ХҚКО берген арыз – талабымның қаралу мерзімі 20. 07. 2020 ж. ұзарғанын ескертіпті және Әуезов ауданының № 2 аудандық соты шешімінің түпнұсқасын жібермегенсіз деп кінәлап, сот шешімін Әуезов ауданы АХАТ бөліміне өткізуімді талап еткен. Бірақ, Сот шешімінің түпнұсқасын алмағандарына  мен кінәлі емеспін. Оны менің арыз – талабымды жіберген мекемеден сұрасын. Осыған қоса ескертетінім Әуезов ауданының № 2 аудандық соты шешімі қабылданған кезінде сотқа қатынасатын үшінші тұлға ретінде Әуезов ауданы АХАТ бөліміне жіберілгені соттың шешімінде жазылған. Сондықтан да, мен бұл ұсынысты қабылдай алмаймын. Менің арыз – талабыма байланысты сот шешімі мекемедегі менің өтінішімді қараған кезде өздеріде тіркелген іс папқасында сақталуы тиіс. Әуезов ауданы АХАТ  бөлімінің алдыңғы жіберген тұжырымына қарап, бұл мекеменің әділ тұжырым жасайтынына күмәнім бар. Қазіргі кезеңдегі қаладағы карантинге байланысты мен еш жерге бармаймын. Енді, мен айлар, жылдар өтсе де төзіммен сот шешімінің орындалуын күтемін.                       

      Мен, Ашық хатты, ел басқару салаларында орын алатын келеңсіз жағдайлардың азда болса келешекте азайып, қарапайым азаматтардың талап, өтініштерін қарағанда, көзі ашық, көкірегі ояу, ұяты бар, жұртының қамын ойлайтын қолында биліктің кілтін ұстағандар ойланар, – деген үмітпен жазып отырмын.

 

Құрметті, министір Мырза!

Осы хатқа байланысты менің Сізге қоятын сұрақтарым:

–  ХҚКО арқылы азаматтар өз төлқұжаттарына байланысты өзгерту, толықтыру енгізу және ауыстыру 7 жұмыс күн ішінде іске асырылады деген заңды орындаушылардың, бұл мәселені допқа айландырып, азаматтарды  бюрократия торына қамай беруі, заңның ешқандай күші жоқ, тек көз бояушылық үшін ғана қабылданғанын дәлелдейді, – деген пікірмен сіз келісіз бе?

–  Осы жүйедегі кейбір қызметкерлердің өздерін «шенді тұлға» санауы тәкапарлыққа ұшыратып, өздерінің мүмкіншілігін өз еркінше пайдалануға үйренуі, бюрократия (буквоедства) жолын қуалайтын қылықтары,  ары - бері жүріп ештеңе шеше алмай шаршаған, қиналған азаматарды еріксіз пара беруге итермелейтін жолға апаруы мүмкін деген пікірге не айтасыз?

– Дәлелсіз «Мүдделі тұлғалардың арасында дау болуы мүмкін деген сылтаумен» АХАТ мекемесі мамандарының азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселелерін көбінесе сот арқылы шешуге ұмтылулары өздерінің сауатсыздығынан жауапкершіліктен сақтану үшін жасайтын қылықтары, – деген пікірді қолдайсыз ба?                                                                                                                                        .                                                                               

Әлде бұл жерде басқадай факторлардың ықпалы бар деп ойлайсыз ба?

– Аягөз ауданының АХАТ бөліміндегі азаматтық хал актілерін тіркейтін негізгі құжаттардың фото көшірмесінің сақталмауына бұрынғы қызмет істегендер кінәлі деп, сол мекемеде қазір қызмет істейтін азаматтардың салғырттық танытып, өз міндеттеріне жауапкерсіздікпен қарап, осы олқылықтың орнын толтыру мүмкіншілігін іздеумен шұғылданбай отырғандарына кім кінәлі деп ойлайсыз?

– Осы Аягөз ауданының АХАТ бөліміндегі азаматтық хал актілерін тіркейтін негізғі құжаттардың фото көшірмелерінің сақталмай қалған жағдайдың еліміздің басқа да аймақтарында болуы мумкін бе?                  .                                                                                                                                                                                                

Сіздің министілігіңізде осындай жағдай туралы ақпараттар бар ма?

– Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сот отырысында қараған судья  Г. Имансерикованың 2019 жылдың 18 желтоқсаны күні шығарған № 2-9639/19, заңды күшіне 03. 02. 2020 жылы енген шешіміндегі: «Арызданушы Дүйсембі Болаттың арызы қанағаттандырылсын.» – дегенді орындаудың орнына, Аягөз ауданының АХАТ бөлімінде тексеру жүргізіп, олардың азаматтық хал актілерін тіркейтін қорында тіпті мен туралы жазудың жоқтығын дәлелдегенін айтып, менің талабымның орындалуын Алматы қаласы Әуезов ауданы АХАТ бөліміне итере салып, өтінішті қарау  мерзімін 2020 жылдың 20. 07. – ге дейін созылуына қандай баға бересіз?   

– Кейбір билік жүйесінің кызметкерлерініңің бюрократиялық қылықтарынан көңлі қалған қарапайым халық өкілдерінің қоғамда орын алатын кемшіліктерге кінәлі мемлекет, үкімет басқарып отырған тұлғалар, – деген пікір айтып жатады. Осындай ұғым тумау үшін билік жүйесіндегі  қызметкерлердің мәдениеті мен адамгершілік деңгейін өзгерту үшін, не істеу қажет деп ойлайсыз?                                                                                                 

– Біздің қоғамдағы қарапайым халық пен биліктің арасындағы қарым – қатынасы мен ынтымағының деңгейі мемлекет жүйесіндегі әр қызметкерлердің мәдениеті, сауаттылығы, жауапкершілігі, қарапайым және қайырымды қылығы мен адамгерлілік деңгейіне тікелей байланысты болады деген пікірмен келісесіз бе?. 

Болат Дүйсембі,   Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының  мүшесі                                                                                                                            

Алматы.     07. 07. 2020 ж.

 

Aqsaqaldar.kz

                                                       

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер