«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Жат ағымдар неге еркінсиді...
Жат ағымдар неге еркінсиді...
Дайындаған: 1 ай бұрын

 

       Біздің билік осы әлеуметтік желілерде отырған қоғамға аса қауіпті салафиттердің, вахабиттердің, басқа да қысқа балақ, сақалды дінбұзарлардың  оттоубайларына жауап бермейтін болған. Ондайларды естімеген, көрмегенсиді. Ал олар болса күн өткен сайын тым еркінсіп барады. Жат ағымның жетегіндегі оларды тыңдап отырсаң, көбі заңға толық бағынбайды, Абу Ханафиалық Қазақстан діни бірлестігі ұсынған бағытты ұстанбайды, көкірек жанарлары көр, құлағы бітеу, айтатындары қайдағы бір секталық үгіт.

Сырт бейнесі қоғамға жат, төл дәстүрі мен салт-санасынан безіп, рухани шектелген дінбұзарлардың "оттаубайский бейнероликтері" әлеуметтік желілерде өріп жүр. Уағыздарын ашықтан-ашық жүргізуде. Мұндай адасқан ағымдағылар бірден бұғатталмаса, ел ұстанымдарына қайшы əрекет етіп, ерте ме кеш пе бүтін мемлекетті бүлікке бастайды. Ондайлардың қоғамға зияны қас пен көздің арасындай. Салафит, вахабит, қысқа балақ, сақалдылардың мәселесін жете бағаламау мемлекеттігіміздің негізіне аса қауіпті.

Осындайларды көре, біле жүріп керісінше билік шынайы сын айтқан саналы азаматтарды, қоғам белсенділерін, демократтарды жау көреді. Олардың жазған әрбір сөзінен ілік іздеп, үстерінен «домалақ» арыз түсіріп қудалауға дайын тұрады. Қамайды, ұрып-соғады, соттайды....

Теологтар мен құзырлы қауіпсіздік органдары жат ағым өкілдерінің айтқан әрбір сөзін сараптамадан өткізіп, қадағалауға алуы керек, әйтпесе бәрі кеш болады...

 

ОЙЛАН БИЛІК!!!

 

Нұрлыбай Қошаманұлы, ғаламтордағы жазба

10.06.2020.

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер