«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Масқара! Қашанғы бізді . . басына береді?
Масқара! Қашанғы бізді . . басына береді?
Дайындаған: 3 ай бұрын

         Белгілі тұлғалардың суретін үй қабырғасына салғанда қуанып едік. Қазақтың қара орманы қайта тірілгендей әсерде қалдырды. Кейінгі буын бабасын ұмытпасын, ұлықтасын деген мақсатта жасалғаны анық. Бірақ мына сурет қанды қарайтып отыр.

         Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне қашап тастапты. Қазақ батыры қолына қашан КОФЕ алып еді? Ұлттық сусыны жоқ па сонда бұл ұлттың? Қымыз ұстатса, үндемес едік...

        Жарнаманың бір түрі болса керек. Бірақ аты өшкір кофені де дәл осылай әспеттеуге бола ма? Әлгінде біреу домбыраны қақ айырды, қу шеке қыздың басына сәукеле киіп, денесін жалаңаштағанын да шыққыр көзіміз көрді. Енді бұлар батырларға да ауыз сала бастапты.

       Ұшса - құс қанаты талатын, жортса - құлан тұяғы тозатын алып атырапты қасық қаны тамғанша қорғаған қайран батырларым-ай... Ұрпағың осылай қорлар ма еді?!

       Тіліміз тілімденді, салтымыз көкпарға түскен тулақтай тоз-тозы шықты. Ең болмаса, өткенді бұлай қорламайық. Тарихты түгендей алмай жатқанда, бұра тарту басталып та кетіпті.

       Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойғандарды ел ұмыта қойған жоқ. Жұрт өретүрегелуге дейін барды.Ұлардай шулап, соларға әрең дегенде айыппұл салдырды. Сонымен шектелді.

        Меніңше, бұларды әкімшілік жауапкершілікке тарту аздық етеді. Әйтпесе, аузы күйген адамның үріп ішетін жөні бар еді. Ұлттық мүддені қызғыштай қорысақ ғой, тым құрығанда. Қашанғы басына бермек?!

 

         Әкімшіліктің рұқсатымен салынған деп топшыладым. Әйтпесе, кез келген адам келіп, қабырғаны бұлайша бояп кете алмайды. Бір мекеменің тапсырысы. Бұл анық.

 

Дастан Сейлханұлы, ғламтордағы жазба

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер