«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
"Жұлдыз – студенттер"
"Жұлдыз – студенттер"
Дайындаған: 2 ай бұрын

Жоғары оқу орнына түскен соң студенттер алғашқы күндерден-ақ әртүрлі қырларымен, мінез - құлықтарымен ерекшелене бастайды ғой.

Бірі бірден сабақ оқуға кірісіп, оқытушылардың дәріс бойынша берілген тапсырмаларын мүлтіксіз орындап, тек қана жақсы баға алуға тырысады. Қарапайым киінеді. Ата - аналарына артық салмақ түсірмеуге тырысады.

Екінші бірі анда-санда, баға керек болған кезде ғана сабаққа назар аударады да, қалған уақытта өзінің жеке шаруаларымен жүреді.

        Солардың ішінде мынадай сипаттағы студенттер туралы айтпау мүмкін емес. Олар университетке оқуға түсе салысымен бірден оқу тобындағы билікті өз қолдарына алып алуға тырысады. Басқа балалар үлкен қалаға келгендегі алғашқы әсерлерін әлі игере алмай жүргенде, мұндайлар өздерін топ старостасы етіп ұсынып, сайлатып алады.

        Тіпті топ студенттерімен арнайы жиналыс өткізіліп, староста сайланып қойғанына қарамастан, "Жоқ, староста ол болмайды, мен болуым керек.   Өйткені староста болудың мынадай артықшылары бар екен, мен қайткенде де сол артықшылықтарға ие болуы керек", - деп мәселені төтесінен қойып, топ басшылығын тартып алған студентті де көргенбіз.

(Өзі қалаған лауазымдық қызметке қолы жетпей қалса, дереу ресми билікке қарсы оппозиция болып шыға келетін бұрынғы "жұлдыз-студенттер" туралы айтпай-ақ қоялық).

Бір-екі аптадан кейін олар сабаққа келуді де азайтады. Себебін сұрасаң: "Мен старостамын ғой, сондықтан мені деканаттан, ректораттан шақырып, арнайы тапсырмалар беріп жатыр. Жоғары жақтың жұмыстарымен жүрмін", - деген "салмақты" уәждер айтуды жиілетеді.

         Күндердің күнінде олар сабақ дегенді жинастырып қойып, әртүрлі үлкенді-кішілі саяси-партиялық жиын-жиналыстарда жүреді. Тіпті профессор-оқытушылар мен кафедра меңгерушілерінің өздері бара бермейтін кейбір үлкен кабинеттерге солар емін-еркін кіріп-шыға беретін дәрежеге жетеді. Биік мінберлерде проректорлар мен ректорлардың жанында отырып, төменге жоғарыдан көз тастайтын мәртебеге ие болады.

Әрине, лекцияға келу, практикалық сабақтардағы тапсырмаларды орындау дегенді өздеріне намыс көретін олардың тиісті бағалары декандар, проректорлар арқылы өзінен-өзі қойылып жатады. Өйткені олар жастар ұйымдарының жетекшілері, т.т. ғой!

        Университеттегі студент кезінен-ақ биікке көтеріліп алған олар енді төменгі курстағы ерекше іс-әрекеттері енді ғана байқала бастаған "балапан белсенділерді" өздерінің қамқорлығына алып, оларға көңілдегідей бағасын қойып бермеген оқытушыларға деканат пен ректораттың атынан тапсырма, нұсқау, тіпті жаза да бергізіп, маңызды мәселелерді шешіп жүреді.

Студенттер арасындағы мұндай "жұлдыздар" үшін жұмысқа орналасу деген де түк емес. Оларға ректораттан бірден жұмыс орны табыла кетеді.

Ректоратта жастар бөлімінің қызметкері, бөлім басшысы, деканның орынбасары, жастар ісі жөніндегі проректор, қалалық, облыстық әкімдіктің жауапты қызметкері т.б.

        Қазіргі кезде түрлі дейгейдегі билікке келе бастаған жастардың арасынан осындай бұрынғы "жұлдыз-студенттер" де байқалып қалады.

Әрине, қабілеті мен білім-парасаты жетіп жатса, жұртты басқара берсін, оған ешқандай да қарсылық жоқ.

 

Әйтсе де, жолы болғыш осындай жұлдызды жігіттерді көргенде, олардың студент кезіндегі сәттері еріксіз еске түсіп кетеді екен...

 

Мырзатай Қожабайұлы Жақып, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер