«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев),   жазушы-публицист

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

" /> Тәңіршілдік – ақылдың Алласын. . тану жолындағы сәбилік нанымы
Тәңіршілдік – ақылдың Алласын. . тану жолындағы сәбилік нанымы
Дайындаған: 3 ай бұрын

Соңғы кезде тәңір діні, тәңіршілдік туралы әңгімелер көбейіп жүр. Тіпті саясаткерлер аузынан да естіліп қалады. Оны әдейілеп қоздыратын топтар бар. Олар Қазақстанда біртұтас мұсылмандық болуын қолдамайтын, іштей бөлшектеуді көздейтін саяси ұстанымдағылар. Басқа бір топтағылар «қазақ халқының өзінің ұлттық діні болуы керек» деген әсіреқағиданы ұстанатындар. Тәңіршілдіктің отына май құйып жүрген бірқатар азаматтарды танимын, білемін. Олармен айтысқым да, тәңіршілдік туралы ұзақ-сонар пост жазып жұрттың басын қатырғым да келмейді. Сондықтан ойларымды нақты тезистік тұрғыдан баяндайын.

Материалдық өміріміз тәрізді біздің рухани әлеміміз де ұзақ эволюциялық жолдан өтуде. Жаратушы Иеміз әмбеге ортақ тура жолды нұсқағанға дейін адамзат баласы отқа, суға, Айға, Күнге, қолдан жасалған бұттарға табынды. Шаманизм, тәңіршілдік, несториандық, исламдық кезеңдерді бастан кешірді. Бұлардың бәрі адамзатқа бір күнде, бір қатарда келген құндылықтар емес. Негізінен бір бірін ауыстырып жеткендер. Пайғамбарлар да (ұзын саны 124 мың!) солай бірінің орнын бірі басып жатты.

Тәңіршілдік (тенгрианство) ғылымда дәстүрлі түркілік дүниетанымның бастауындағы діни наным болып саналады. Ежелгі түркілердің, соның ішінде қазақтардың да бағзы замандардағы сенген монотеистік құдайының аты – Тәңір. Зерттеушілер «Тәңір» сөзі «Таң» және «Іңір» сөздерінен шыққан деп есептейді. Тәңіршілдікке байланысты соғыстар өтпеген, оны ешкім қорғамаған, ешкім насихаттамаған, оның көрнекті тұлғалары да, өнеге тұтатын батырлары да жоқ.

Бірақ ең бастысы, басы ашық - Тәңір діні деген дін жоқ. Тәңіршілдік дінге айналуы үшін онда Құдай түсінігі, оны насихаттаушы Пайғамбары, Қасиетті кітабы, ғибадатханасы, моральдық қағидалары, діни мерекелері, құлшылығы, құрбандықтары, отбасы-неке ұстанымдары, өлім жөнелтудің бекітілген рәсімдері сияқты қазықты қағидалары болу керек. Тәңіршілдікте мұның бірі де жоқ. Тәңіршілдік –Ақылдың (адамзат ақыл-ойының) Алласын іздеу жолындағы сәбилік нанымы! Қазақ халқы үшін бұл бір өткен шақ! Оған қайта оралу мағынасыз! Ақылы толысқан ересек адам сәбилік сеніміне қайтып оралмайды.

Қазақ халқын құраған ру-тайпалар 751 жылы Талас-Атлах соғысынан кейін арабтар жағына шығып қытайларға қарсы шайқасып елі мен жерін азат еткен соң мұсылман дінін қабыл еткен. Славяндардың христиан дінін қабылдағанына 10 ғасырдан енді асса, біздің мұсылман дінін қабылдағанымызға 13 ғасыр болды. Біз содан бері, Аллаға шүкір, мұсылманбыз. Тәңіршілдіктің ел ішінде сақталған ырым-сырымдары исламмен қабысып сіңісіп кетті. Оны теріп, бөліп алудан ешкім абырой таппайды.

Құран араб тілінде түскенімен Ислам діні барша адамзатқа арналған, тура жол көрсетуші дін. Түркілердің ежелгі ұғымындағы монотеистік Тәңір мен мұсылманшылықтағы Алла – Бір. Ал Пайғамбар – Хақ. Қазақ үшін өз алдына бөлек дін іздеудің, қолдан тағы бір тәңір жасаудың қажеті жоқ. Сондықтан да Алла тағала Құран Кәрімде: «Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол аса қамқор, ерекше мейірімді» (Барақа сүресі, 136 аят),–дейді.

Ендеше алыс пен жақынды, дос пен дұшпанды, халал мен харамды, обал мен сауапты, ізгілік пен зұлымдықты тайға таңба басқандай көрсетіп тұрған исламның тура жолынан ажырамайық

Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев),   жазушы-публицист

 

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер