«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ой салатын әңгіме...
Ой салатын әңгіме...
Дайындаған: 1 ай бұрын

        Кеше қонаққа бармақ болдым,бұрындары жауапты қызыметтерде болған, қазір бір қатар ағайынды аузына қаратып, той мерекеде көсілтіп әңгіме айтып

Қазақтың қазіргі жәйін көбірек сынап жүрген ақсақалдардың бірі.Әкемнің көзін көрген алыстау бір ағайын еді.

     ,,,Қазақ қазір баяғы Қазақ емес, ұлтымыз майдаланып кетті, бұрынғы өткен шалдардың жұрнағы да жоқ қазір. Астындағы жалғыз атын түсіп беретін жомарт Қазақ, Жесірін жатқа бермей, жетімін жылатпаған Қазақ, сырттан"аттандаған" дауыс шықса, " жау қайдалап" шығар батыр Қазақ

Ассалаумағалейкум деп кірген жанға, "Құдайы қонақ" деп, екі шәй бір ет бермей бұйымтай сұрамаған Қазақты қазір " қызыл кітаптан" ғана көретін шығармыз.

       Бұның бәрі қазіргі ұрпақтың, бізден алған тәлімін бойына сіңіре алмағанның кесірі. Шет елге көп әуестеніп кеткендіктің салдарынан, жастар бұзылып, ұлт азып барады" деп көсілгенде, қасындағы кейбір ақсақал, қарасақалдар " ия, ия, бұрынғыдай қайда қазір " десіп бас шұлғыса, біреулері " Бұрынғының бәрі жоққой қазір" деді. Кейбірі тіпті "Ияя сәбет өкіметі жақсы еді ғой, елде тәртіп бар еді" деп лағып кетті.

      Сол ағама көрісе кетейін, әкемнің көзін көрген адам ғой, кім келер екен деп есікке қарап отырған шығар. Бұйырған асын жеп, шәй ішіп әңгімесін тыңдайын деген оймен барып, Нән дарбазаның алдын келіп тоқтадым.

     Қазіргі замануиқапталға ысырылатын әйдік әсем дарбаза. "Ағамның үйі ақ мешіт" деп еркінсіп, дарбазадағы жалтырақ тұтқаны басып көріп ем, кілттеулі, дарбазаның өзін итеріп көріп ем былқ етпеді, ұятты қойып тарсылдатып қағып ем, әр жағынан гүрілдеген, гүжілдеген иттің арп - арп еткен даусы шықты, шығып қана қоймады мені жеп қоярдай боп жұлқынып дарбазаның алдына келді. Дарбаза ашылса, мені талап жемекші. Енді азан қазан қылып кетіп қалу да ыңғайсыз. Содан 10-15 минуттай тұрдым итпен " боқтасып".

      Жоқ ешкім хабар алар емес, тағы ұрдым дарбазаны, мен ұрған сайын итте өршеленеді.Ұйқтап жатыр дейін десем, сағат түскі 11 ге таяу. Содан әйтеуір, ағамның немерелерінің біреуі шықты – ау." Әй бала, атың кім еді сенің, атаң үйдеме, мына төбетіңді байлашы" дедім. "Атам үйде, сен кімсің? неге келдің? менің итке күшім келмейді, оны үлкен ағам, болмаса атам байлайды" дееп тұр дарбазаның ар жағында. Дарбазаның тесігінен көріп тұрмын, баладан үлкен, ана ит.

      Қойшы сонымен, ағамыз шықты бір кезде" Әй Тәмпіш, неғып тұрсың ол жерде, шық былай, ит неге үріп тұр, ауланы азан қазан қылып" деп шалқайып. "Ағааа ассалаумағаликум мен ғой, итті үргізіп тұрған, Мұратпын" дедім жан ұшыра. " Мұрат, қайсы Мұрат, неғып жүрсің, жәйшә ма, әлде шақырушылықта жүрсіңбе? Менің телефонымды білмеушіме ең" деп дарбазаға тақалды.  "Жоқ, жәй амандасып кетейін деген ем, мына Алабайыңды байлаш аға, дарбазаның сыртынан қорқып терлеп тұрмын" деп шынымды айттым."Қазір байлайын, бұл осындай, адал күзетші, бөгде адам кіргізбейді, жеген тамағын ақтайды жарықтық" деп барып дарбазаға таяу жерде ұзын шыжырда дайын тұрған ілмешегін ілдіріп байлады итті. Сосын ысырмалы дарбазаның шетін шынжырлап қойған екен соны шешті, сол әрекеттің бәрі " алабайдың ауыз оркестірімен" сүйемеленіп тұрды. Ағамның сол қапталымен, иттен былайрақ болайын деп үйге беттедім.

"Аға мынауың шешіліп кетсе анау мынау адамды жеп қояды ғой құрсын, нән екен, сақ болың біреуді тістеп алып пәлеге қаларсың" дедімде " Аға өзің айтқан қырықтың бірі Қыдыр, Қонақ құтымен келеді дегендей, мына Алабайыңды көргенде, Қыдыр емес, Құдайыңда кіруге ойланар" десем, ағам еп - ерсі тырқылдап күліп." Қайта жақсы болды, бөтен адам келмейді, таныстар алдын ала телефон соғады," - деді есік алдына жеткенде. Содан "Ассалаумағалейкум деп босағадан аттап, ішке өттім.

     Үйдің кіреберісінде орналасқан " Фоие, немесе веранда" деп аталатын бөлмеде үлкен теледидар тұр, алдында ағамыздың орны - ау деймін, екі көпшік жатыр. Жайғастық, көрпеше төсеп шәй қоюға жүгірген адам жоқ. Ағам жастыққа жата кетті де, "ия неғып жүрсің, үй ішің аман ба? не хабар? " демесі барма. "Жәй аға, көрісе кетейін деп, өзің қалайсың? Күйлі қуатты бармысың? Жеңшем үйде жоқ па еді? Бала келіндер жұмыста ма?" - дедім бәсең үнмен. " Ее шүкір Алла деп жүріп жатырмыз, жеңешең үйде қазір шығатын шығар, сандық ақтарып, мата жаулық санап отырған сияқты еді. Бала машинаға заправка жасап келем деп жүрген, келін үйде бөлмесінде. Қазір шүкір адамға бір телевизор, қала берді телефон жақсы болды ғой" деееп шалқая түсті. Әңгіме дүкен құрып, ең болмаса, бір шәй ішермін, деген ойымнан күрт айныдым.

   "Жақсы аға, мен тұрайын, көрісе кетейін деп келгем, аман болсаңдар болар" дедім. "Ааа жарайды онда, неге отырмадың?, Әбет ішпедің бе" деп орнынан тұрып кухнядан нан әкелді де, "отырмасаң, нан ауыз ти" деп алдыма нан салғыш плассмас ыдыспен қоя салды.

– Жоқ аға, баратын жерлерім бар, бұйырғаны болар, деп наннан ауыз тиіп,Тағы бір екі үлкен кісілер бар еді, Ассалаумағалейкум деп келген кісіге екі шәй бір ет беретін Қазақпыз ғой, оның қасында көрісе келген бір шалдың сынығына, окарашкі пісіріп берсе де асын берер аға табылар" деп бетімді сыйпап тұрып баратыр ем. "Ей құрсын окаршкің осы үйденде табылар, мен жеңешеңе айтайын қазір, кетпе" деп сасқалақтап қалды. "Жоқ аға, сіздердей алдыңғы буынның тәлімін, бойымызға сіңіре алмаған ұрпақпыз ғой, ас іздеп келгем жоқ, ағамыздың қолын алып, дидарын көру еді, көрдім, аман екенсіз, сол аманшылықтан басқа не керек, сау бол аға" деп кете бердім.

     Дарбазаға жеткенше, алабай зор дауыспен " хош бол, хош бол" дегендей әупілдеп тұрды...

 

Былтырғы жазбам еді....

Осындай " бөгде" адамдар келіп қоймасын деп ауласына алабайын бос қойып жүрген аға буынға. Мына Карантин жақсы болған шығар...

Алдыңғы арба қайда жүрсе... көргенімізді көңілге түйетін " азған" ұрпақпыз ғой.

 

М. Кенжебаев,  ғаламтордағы жазба

Бейнеу

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер