«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Жақсы адам
Жақсы адам
Дайындаған: 6 ай бұрын

         Адамдар жақсы адам және жаман адам болып екіге бөлінеді. Жақсы адамдар жан-жағына қарап, елге болысып, шуағын шашып жүреді. Ал жамандар ше? Олар мына өмірге тек қана ішіп, жеу, тонап, қырып-жою, бүлдіру үшін ғана келген секілді, халықтан қарғыс алуымен ерекшеленеді. Ондайлар жөнінде жұрт, «апырмай, аспанның асты кең екен-ау» деп налиды.

Мен осы ойды қасиетті қаламды өмірлік серік еткендерге де арнап айтар едім. Неге дейсіз бе?

         Айтайын. Жаратушымыз оларды елден ерекше даралап, дарын берді. Жылаған елді жұбатсын, халыққа қасірет әкелген биліктің көзін шұқып сынасын, ақиқаттың жағында шырақшы болып жүрсін деді. Алланың осы сенімінен шықпай, ел билігіне қара дақ салып, қара басы мен айналасындағы үркердей топтың, туған-туыс, құда-жекжаттарының ғана баюын, аярлықпен айналысуын аузының суы құрып мақтап жазатын, арнау-жырлар шығаратын ақын-жазушыларды жамандардың қатарына қосамын. Өкініштісі, бүгінгі қайғы-қасірет алқымынан алған Қазақстанда ондайлар аз емес. Ең жаманы, солар өздерінің ізінен ілескен жас қаламгерлердің біразына кесапаттарын жұқтырды...

        Енді жақсылар туралы да айта кетсейші дейтін шығарсыз. Иә, айтайын. Олар соншалықты көп емес, санаулы ғана. Дәл бүгінгі күні мен сіздер де өте жақсы білетін ондайлардың бәрін бірдей ауызға алмай-ақ, біреуін, біреу де болса бірегейін айтайын. Ол – 9-сәуір, тура осы күні 85 жасқа толған сатирик-жазушы, аудармашы, бірегей публицист, қоғам қайраткері Ғаббас Қабышұлы!

Ғаббас ағамыз кешегі тоталитарлық жүйеде де ақиқаттың ақ мылтығы болып еді. Сын садағымен жалпақ жұртқа кім екенін көрсеткен. Кейін мыңдаған адамның тағдырына арашасы болған, жемқорлар мен жебірлердің желкесін қиып, түрме тозағына жіберуге ықпал еткен сатиралық «Ара – Шмель» журналының Бас редакторы қызметін абыроймен атқарған.

         Маған Ғаббас ағамен Қазақстан Жазушылар одағының жанында құрылған «Аударма» алқасында қызметтес болудың сәті түсті. Бұл 1989 жыл еді. Бірер ай өткеннен кейін, ол кісі алқаның төрағасы болып бекітілді. Халқымыз Желтоқсанның жанды жеген азабынан арыла алмай жүрген ауыр уақытта қазақ жастарының көтерілісі туралы көптеген газеттерде ел іздеп жүріп оқитын мақалалар шыға бастады. Міне, осы кезде алқаның заңгері Тойболды Зейнәбілов екеуміз көтерілістің ащы шындығын ашатын сол материалдарды кітап етіп құрастырсақ қайтеді деген ұсыныспен алдына барып едік, ол кісі қуана құптады. Тіпті, өзіміз ғана емес, орыс тілділерге де арнап шығарайық деді. «Алматы 1986 Желтоқсан», «Алма-Ата 1986 Декабрь» деген атын да қойып берді. Ол заманда қағаз қат, сол үшін Тойболды аға екеумізді Мәскеуге, КСРО Жоспарлау комитетіне жіберді. Аудан, облыс әкімдігіне де кіре алмайтын бүгін күні осының бірін де жасай алмас едік. Бәріміз жамандай беретін сол заманда Мәскеудегі атынан үркетін Комитетке кедергісіз кірдік. Әлем әдебиетін насихаттайтын «Әлем», «Алем» деген екі тілді альманах шығарамыз деп, 75 тонна қағаз бөлдіруге рұқсат алдық. Осы қағазға әуелі Желтоқсанның айғақ-кітаптарын 80 000 таралыммен екі тілде шығардық. Альманахты да кешіктірмей оқырмандарға ұсындық. Сонда осыған жол ашқан, ерлікке бергісіз азаматтық іс жасаған Ғаббас аға болатын. Одан кейін айғақ-кітаптардың екінші, үшінші жинақтарын да көп таралыммен үстемелете бастырдық. Ол кісі бір қауіптің төбемізден төніп келе жатқанын сезген екен. 1993 жылдың соңында Терещенко бастаған үкімет қазақ қыз-жігіттерінің көтерілісі туралы шығарған кітаптарымыз үшін «Аударма» алқасының өзін жаптырып тастады, Ғаббас аға қызметсіз қалды.

         Ол кісінің араласуымен бертінде айғақ-кітаптардың 13 томын шығардым. Алда бұл ісіміз жалғасады. Осы кітаптарымыздың саны ұзарған сайын, «көтерілістің ұйымдастырушысы болған жоқ» деген өтіріктің бетін ашып, кімдердің қантөгіске әкелгенін атын атап, түсін түстеп әшкерелеуге таяп келеміз.

         – Шіркін-ай, сол күнге жетсек екен! Мына қанқұйлы биліктің кеткенін, орнына қазаққа жаны ашитын, халқымызды қасіреттен арылтатын, болашақ ұрпақтарымызды бақытты өмірге бастайтын билік орнағанын өз көзіммен көрсем қандай ғажап – болар еді. Мен сонда мәңгілік мекеніме армансызбын деп аттана берер едім, – дейді мен білетін, дүйім ел арының, жанының тазалығы үшін, айнымайтын берік ұстанымы үшін құрметтейтін асыл ағамыз.

Ғаббас аға, сол аңсарлы күнге тезірек жетейікші!

Аман болыңыз!

Бүгінгі 85-іңіз 90-ның төріне қарай тарта берсін!

Талғат Айтбай,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер