«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ақиқатшыл Ақашқызы
Ақиқатшыл Ақашқызы
Дайындаған: 2 ай бұрын

 

        Иә, замандас, мен бұдан бұрын Роза Ақашқызы Бұқарбаева туралы парақшамда жаздым. Оны жіберіп алсаңыз, тағы да баяндайын: Роза – Желтоқсан қаһарманы. 1986 жылы Жамбыл фосфор заводында жұмыс істеген. Алматыдағы қазақ жастарының көтерілісін қолдап ашық пікір білдірген. Сол үшін қудалау көрген. Бұл туралы материал мен құрастырып шығарып жүрген «Алматы 1986 Желтоқсан» айғақ-кітаптарының екінші томында, «Дәуір» баспасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша шығарылған «Желтоқсан көтерілісі» айғақ-кітаптарының екінші томына енгізілген.
        Роза Ақашқызы шын мәнінде күрескер. Ақиқат үшін тіресіп тұра алады. Оның тағдырының күрделі болатынын да себебі содан. Ол бүгінде Атыраудағы түрмеде отыр. Осыдан он жыл бұрын, 55 жасында 15 жылға сотталған. «Не үшін?» дерсіз. Ендеше ол туралы да айта өтейін. Дәл сол сотталардың алдында 2-3 жыл бұрын туған бауыры аяқ астынан жоғалып кетеді. Бұл Төле би ауданында болған оқиға. Енді жоғалған кісіні іздемей ме? Полицияға шағымданады. Айлар өтеді, ешқандай хабар болмайды. Полицияға барса, енді іздеп жатырмыз ғой, «бір жерде гөлайттап жүрген шығар» дейді. Қайта-қайта осындай себеп-сылтауларды ести берген соң, іздестіруге өзі кіріседі. Сөйтсе, дәл жоғалатын күні ол бауырын араласып жүретін ауылдас достары оңаша алып кетіпті. Шу өзенінің жағасына барғандарын сонда керілдескендерін қой баққан бір кісі көріп қалыпты. Осының артына түсіп, ағасының алысқа кетпегенін, сол маңда бір жаманшылыққа ұшырағанын іші сезеді. Роза осыны полициядағы бастықтарға айтса, олар тағы да іздеуге кірісетіндіктерін айтады.                             .
         Қысқасы, не керек, арада 6 ай өткенде Шу өзенінен қармақ салып балық аулаған бір азамат денесі оралған мәйітті табады. Сараптамаға жіберіледі. Аудандағысы, облыстағысы бар тергеушілер соңын шырғалаңға айналдырады. Алматыға жіберілген ағасының басының орнына басқа біреудің басы әкелінеді. Әрине, тағы да шу болады. Шуды көтеретін – Роза. Ол осылай қызыл жағалылармен жауласады. Сөйтіп жүріп қоғамымыздағы орын алып жатқан келеңсіздіктер туралы ой айтады. Сол кезде Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбіловтың біріккен партияларының қолдаушысы ретінде Таразда кездесулерін ұйымдастырады. Жалындап сөйлейді. Содан соң-ақ «үш әріптің» назарына ілігеді. Олар «бұл райыңнан қайт, әйтпесе жаман болады» дейді. Ол шегінбейді. Алматыдан келген Рысбек Сәрсенбай және басқалары бар, ашық ойлы азаматтардың жиынына қатысады. Артынша үйіне баса көктеп кірген үш полицей арандатуды бастайды. Қағазға оралған кішкентай буыншақты төрге қарай лақтырады. Оның жай нәрсе емес, наркотик екенін сезген Роза полицейлермен алыса кетеді. Алысып жүріп қызы Айбикеге «ана қағазға оралған нәрсені далаға лақтырып жібер» деп айқайлайды. Дәл солай болады. Сөйтіп әлгі үшеуінің арам пиғылдары жүзеге аспайды.
         Бәрібір, арада ай жарым уақыт өткенде Бішкекке базаршылап барған Розаны Меркеге таяу жерден ұстайды. Ол мінген таксидің жүк салғышын жүргізушіге аштыртып, қағазға оралған наркотикті сөмкесінен тауып алған болып, қағаз толтырып, қолын кісендейді. Сол күйі әкеліп Тараздың түрмесіне тығады. Қызықтың көкесі, ертесіне таңертең қала прокуроры оны алдыртады. «Сен райыңнан қайт. Бала-шаға, немерелерің бар. Бұл менің жанашыр сөзім», – дейді. Бірақ Роза: «Мен қылмыскер емеспін, наркотикті әдейі салып, енді соттамақшысыңдар. Мен аяғына дейін барамын», – дейді. Не керек, ақиқатшыл Ақашқызын билік саясатына қарсы шыққан пиғылы үшін аямайды. 15 жылға соттайды да жібереді. Бүгінде ол осы мерзімінің 10 жылын отырды. Біздің еркіндіктегі өміріміздің түрі мынадай болғанда, түрмеде қай оңсын?!
       Роза Жауғаштағы әйелдер түрмесінде отырған кезде мен оның ағасы болып іздеп бардым. Қасымда қызы Айбике болды. Түрменің кіре беріс бөлмесіндегі кездесетін бөлмеге сол мекемеде психолог болып қызмет атқаратын келіншек Розаны алып келді. Айбикеге: «Шешеңе қой де, тыныш жүрсін, тезірек шығуды ойласын. Алпыс жыл ешкім түзете алмаған түрме тәртібін Роза да түзете алмайды» деген сөзін өз құлағыммен естідім. Айбике үшеуміз отырған кезде әлгі сөзді анасына айтып еді, ол «мұндай ақылыңды айтушы болма» деп ашуланды. Маған түрмедегі келеңсіздіктер туралы, өз өмірі жөнінде әңгіме айтты. Соның негізінде «мен ақиқатшыл Ақашқызы түрмеде отыр» деген үлкен материал жаздым. Оны «ДАТ» апталық газеті жариялады. Бұл материалда Розаны Тараздың тергеушілері қалай тергегені, жасалмаған қылмысты қалай жасалды еткені, оған кімдерді қатыстырғаны екжей-тегжейлі жазылды.                              .
        Роза Шымкенттің түрмесінде де отырды, одан кейін Қарағандының түрмесіне жіберілді. Ең соңғы отырған жері – Атырау түрмесі. Кесілген қылмыстың үштен екісі өтіп, енді УДО-ға шығатын шығармын деп сотқа өтініш жазған екен. Түрменің бастықтары билікке деген ниеті түзелген жоқ, айналасындағыларға ұйтқы болып жүр деп мінездеме беріпті. Олай болатыны, орысша да, қазақша да өте сауатты, саяси деңгейі жоғары Роза Ақашқызы жанындағы жазықсыз жазаланған қыздар мен келіншектердің тағдырына араласып, жоғары жаққа жіберетін шағымдарына жәрдемдеседі екен. Оның сыртында түрмедегі бақылаушылардың әрекеттерін де ашық айтып, талай тексеруге себепші болыпты. Осыны жүрегінің түгі болмаса, жасар ма еді?!
Бұған дейін соттың екі отырысы өтті. Енді үшіншісі – соңғысы 26-сәуірде болады. Розаның өтінішімен Төлепқали Аяновпен сөйлестім. Ол адвокаттық қызметіне кірісті. Қалай өтетіні белгілі сияқты. Өйткені Роза саяси себеппен сотталған кісі. Сондықтан жоғары жақтың бақылауында. Бірақ ол қашанға дейін қыспақ көрмек? Өткенде Мұхтар Жәкішев те еркіндікке шықты емес пе?
Роза Ақашқызына жалпы халықтық қолдау керек. Ол соған татиды. Халқым, қазағым деп 1986-да жазалы болған. Енді бүгінгі биліктің негізсіз жазалысына айналды. Біз араласпасақ, ол 70-ке келгенде түрмеден бір-ақ босайды.
Ағайындар, Ақашқызына араша түсейік! Сол үшін менің осы жазбамды барынша таратыңыздар, қолдау білдіріңіздер.

 

Талғат Айтбай, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер