«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Өз позицияңды білдіру, міндетті . . түрде, басқаға тиісу емес.
Өз позицияңды білдіру, міндетті . . түрде, басқаға тиісу емес.
Дайындаған: 5 ай бұрын

         Мен желіде өзіміздің позициямызды айқындап, анықтағанда басқа адамдардың ар-намысына, ұжданына кір келтіруге, тиісуге қарсымын. Өз позицияңды білдіру, міндетті түрде, басқаға тиісу емес.               .
Бұл мәселеге баса назар аударып отырған себебім, Парламенттегі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Президент лауазымынан отстакаға кету жиналысында көзіне жас алған азаматтар жөнінде болып отыр.                                     .
       Менің ойымша, Парламенттің бүгінгі қүрамы қоғамдағы көзқарастар алуандығын білдірмейді. Депутаттардың басым көпшілігі "провинциализм" ауруымен ауырады. Кәрі, ақылы шолақ, өз позициясын айтуға қорқатын, өз халқына үрке қарайтын "түсініксіз" адамдардан құрылған. Бірді - екілі депутат болмаса, басым көпшілігі моральдық жағынан ескіріп кеткен тұлғалар. Мен ол кісілерді кемсіткім келмейді, мүмкін ана - әке, дос ретінде адал адамдар болуы ықтимал, бірақ, саясат дегеніміз өзінің саяси позициясын тұғырлаудан тұратын құбылыс.                               .
       Сондықтан, Парламент толығымен тазаланып, мүлдемге басқа адамдар келуі керек.Зейнеткерлер, зейнетке шығып, немере-шөберемен айналысқаны дұрыс.  Оларды тезірек үйлеріне қайтару керек.                                                        .
       Мемлекетке ешқандай пайдасы жоқ, айына миллиондап қаржы алып жатыр. Сол қаржыны көпбалалы ана алсын...                                                       .
Олардың шешімдері үшін бүкіл халық болып, ұялудан шаршадық...
Халық депутаты деген ұғымға қайтып келу қажет. Депутат заң шығаратын "автомат" емес, халық қалаулысы, қоғамның көзқарасын жеткізуші тұлға.
        Бір саясаткер саяси сахнадан кеткенде жылаған азаматтар саяси кіріптарлықтың, өткен жүйенің бір бұрауы, винтигі екендігін көрсетті...
Қол шапалақтаудың, лезде заң қабылдаудың чемпиондары!                     .
 

Жаңа бағыт, жаңа саяси құндылықтар қажет.                                         .
Саяси трансформацияның маңызды бағыты...

 

Ерлан Саиров, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер