«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ұлтаралық қатынастың сеппаратизмге ауысу қаупі
Ұлтаралық қатынастың сеппаратизмге ауысу қаупі
Дайындаған: 2 ай бұрын

Баянды мемлекет болу үшін халықтың бір тілде,

Бір дінде болуын қамтамасыз ету қажет.

(Дарий патша, б.ғ.д. 552 – 482 ж.ж.)

 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жер – жерде ұлтаралық қақтығыстардың бой көрсетіп жүргені белгілі. Мысалы: 90 –шы жылдары өскемендегі Жоғарғы және облыстық кенңес тің депутаттары Васильева, Петрушенко, Головковтардың бастауымен Ертістің оң жаға лауында славян халықтарының  автономия құру талабымен жасаған жұмыстары,  жасанды ұйымдастырылған шешендер мен қазақтар арасындағы шиленіс. Ертіс бойы казактарының арандату қимылының аяғы соңында славян ұлтшылдарының қолдауымен Пугачев – Кази мирчуктің қарулы тобының ылаңымен аяқталғаны белгілі. Осы автономия мәселесі  енді  «Ұлттық мәдени автономия» құру қажет деген желеумен Шығыстағы «Лад» белсенділері нің қайта көтеріп жүргені сепаратизм қаупінің бұлты сейілмеген бе, деген ой туғызады. Ал, 90 – шы жылдардағы Орал қаласындағы казачество қауымдастарының сорақы қимы лының астарында не жатқанын жасыру да мүмкін болмағаны белгілі. Сонымен қатар, Шелек пен Малыбайдағы ұйғырлармен, Казатком, Маловодьедегі шешендермен, Шым кенттегі курдтар мен қазақтар арасындағы қақтығыстар  және Атыраудағы түрік пен қазақ

жұмысшыларының арасындағы жағдай бұл мәселеге тереңірек қарап, үлкен мән беруді талап етеді. Өйткені, осы ұлтаралық нәзік те, күрделі мәселеге мұқият қарап, терең зерттеу лер керектігін талап ететінін әлі күнге дейін түсінгісі келмей отырған билік ұстанымының түбі неге әкелетіні алаңдатады. Ұлтаралық қатынастарда барлық қоғамдарда әрқашан  табиғи даму үдерісіне байланысты әртүрлі деңгейде қайшылықтар болады. Бұл адамдар дың қоғамдағы өзгерістерге бейімделу үрдісіне байланысты этнопсихология әсерінен туындайтын заңдылық. Сондықтан ұлтаралық қатынастардағы қайшылықтарға көзжұм байлықпен кеңестік дәуірдегі ұғыммен қарау келешекте үлкен дағдарысқа әкелуі мүмкін. Нарықтық экономика негізіндегі демократиялық қоғамның кеңес қоғамнан басты айыр машылығы – әртүрлі  көзқарастар мен пікірлердің қатар өмір сүруіне байланысты ұлтара лық қатынастардағы қайшылықтар тереңдей түсіп, адамдардың ой саналарының еркін қалыптасуына ықпал ететіндігі. Осындай жағдайда, биліктің ескі сарынмен ұлтаралық қатынастардағы қайшылықтардың туындауына ықпал ететін себептердің басын ашудан қашқақтап, алдын алмай, бәрі жақсы деген ұранды ұстануы қоғам алдындағы үлкен жауап сыздығы мен қателігі. Келешекте қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін, ұлтара лық қатынастағы қайшылықтардың себебін уақытында зерттеп, сепаратизмге ұласпау жолын тауып отыру керек. Тағы бір естен шығармайтын мәселе, неліктен ұлтаралық қаты настағы қайшылықтар тек аз санды этнос өкілдері мен қазақтар арасында болады да, ғасырлар бойы қазақты бодандықта ұстап, ұлтты рухани құлдырауға түсірген этнос пен қазақ арасында қайшылық ашық көрініс таппайды (қайшылықтардың бары сөзсіз). Бұл да

көңіл аударатын құбылыс(уақытында шешімін таппаған мәселе жинынтығы опатқа әкелуі мүмкін). Меніңі пайымдауым бойынша, ұлтаралық қатынаста сепаратизмнің туындауына  ықпал ететін себептер үш топтан тұрады:  

 

Бірінші, саяси топ:

–  Қазақ халқының тәуелсіздікті ұйымдастырылған күрессіз алып, ұлттық рухани бірлесу (национальное консолидация) үдерісінің болмауынан ұлтаралық қатынасттардың сепаратизм әкелетін жолдарымен күресуге тәжірибе жоқ. Сондықтан да қазақтардың ұлт мәселесіне бейғамдығы, ал соның салдарынан билікке мінезінде ұлттық намыстың орнына космополитизм басым адамдардың келетіні;

–  Ұлттық мемлекет құрудың алғашқы қадамынан бастап, елімізде отарлау саясаты ықпа лының қалдығын жою ұстамы болмауы. Соның салдарынан ұлыдержавиялық  уының ықпалы қайтпай, керісінше қоғамның даму үдерісіне өз әсерін тигізу үрдісінің жол алуы;

–  Тәуелсіз қазақ елінде қазақ ұлтының даму кеңістігінің шектелуі (ограниченность простора национального развитиия). Соның салдарынан диаспора өкілдерінің мәселелері қазақтардың есебінен шешілетіндіктен туындайтын қайшылықтар;

–  Қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт екенін бекітудегі (Ата заңда анықталмаған) кемшілік және басқару саясатында жіберіп отырған қателіктердің салдарынан диаспора өкілдерінің, қазақ ұлтын мемлекет құрушы ұлт ретінде мойындамай, менсінбеушілік шеңберінен шыға алмай отырғандығынан туындайтын қайшылықтар;

–  Құқықты әділ қоғам құру жолында әлемдік қоғамдық шеңберінде болуды мақсат етумен қабылданған заңдарда ұлттық даму мен тарихи ерекшеліктерді ескерілмеуі салдарынан ұлттық дамудың тежелуіне байланысты ұлтаралық қатынастарда туындайтын қайшылық тар;

–  Мемлекет басқаруда сыртқы саясатты ұтымды жүргізу мақсатымен, тарихи тек екі діни конфессияның ықпалы жүрген елге 40 – тан аса конфессияны жинап, қолдан әлемдік дін  дер орталығын құру, келешекте ұлттың біртұтастығына зиян әкеліп, дінаралық қайшылық тардың ұлт аралық қақтығыстарына әкелуіне жол ашу (оған әлемдегі біраз елдерде толлассыз болып отыратын жағдайлар дәлел); 

–  Этностық нышаны жоқ, патшалық Ресейдің XVII – XIX ғасырлардағы отарлау саясаты ның басты құралы, әскери казачество қауымдастығының мемлекетте тіркеуде болып, ұлт аралық қатынастарда жасайтын жағымсыз ықпалынан туындайтын қайшылықтар;

– Ұлттық саясаттың және ұлтаралық қатынастардың арнайы заңмен реттелмей , тек биліктегі лауазымды адамдардың деңгейі мен көзқарасына тәуелді болуы.

 

 Екінші, экономикалық топ:

–  Жаһандану үдерісінің ықпалынан, ұлттық мемлекет болып қалыптаса қоймаған Қазақ елінде ұлттық мүддені қорғамай жүргізіліп отырған қаржылық интеграция (Қазақстанның ұлттық байлығын әлемдік меншікке айналдыру құралы) елімізді беріде экономикалық, арыда саяси тәуелсіздікке әкелуінен туындайтын ұлтаралық қатынас қайшылықтарының тереңдеуі;

–  Елдегі экономикалық даму үрдісіне байланысты қазақ кәсіпкерлері (ұлт буржуазиясы) мен басқа ұлт кәсіпкерлері арасындағы бәсекелестік қайшылығы тереңдеуінен (басты себеп шет елдіктердің мұнай, тау – кен, энергетика т.б. жоғары пайда табатын салаларды уысында ұстап отыруы) ұлтаралық қатынасында қайшылықтар туындайды;

–  Қазақ халқының басқа халықтар өкілдеріне қарағанда әлеуметтік жағдайының төмендігі әсіресе ауыл мен қаладаға маргиналға айналған қазақтардың жағдайынан туындайтын қайшылықтар;

–  Қоғам өміріндегі қазақ этнопсихологиясына жат жемқорлықтың кең етек алуы. Осы дертті таратушы биліктегілердің өкілі болғандықтан (билікте қазақтар) диаспоралар арасында қазаққа деген келеңсіз пікірлер қалыптасатасуынан ұлтаралық қатынаста пайда болатын қайшылықтар.

 

Үшінші топ:  сырттан, басқа елдерден әртүрлі жолмен келетін ықпалдар жатады:

–  Жаһандану үрдісін пайдаланып, басқа ұлыдержавиялық саясат ұстанып отырған елдердің экономикалық экспансия мен ақпараттық, рухани, ұлтаралық (диаспоралардың арасына іріткі салу мақсатында) астыртын жүргізіп отырған саясаттары мен жобалары. Осы жобаларды іске асыру үшін көптеген халықаралық бейресми ұйымдар мен бірге ресми де шараларды бөтен  мемлекеттердің кеңінен пайдалануының салдарынан пайда болатын қайшылықтар;

–  Қазіргі кезеңдегі дүниежүзінде орын алған, ислам әлемін терроризмнің дамуының  ошағы деп негізсіз (шын мәнінде, таяу шығыс пен Азия елдеріндегі пайда болған кейіннен терроризмге ұласқан дни және ұлттық  сепаратизмдердің дүниеге келуіне мүмкіншілік тудырып, ықпал етіп отырған әлемдегі саяси экспансия жасайтын алып державалар). Бұл күйе жағу үдерісі еліміздегі ұлтаралық қатынастардадағы қайшылықтардың тереңдеуіне, терроризмнің пайда болуына ықпал етеді.

 

Қазақ еліндегі ұлтаралық қарым – қатынасты нығайту үшін не істеу қажет:

 

–   Ұлтаралық қайшылықтардың сепаратизмге ұласпауы үшін, қазақ елінің ұлттық мемлекет құруда, оның экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуы ұлттық идея негізінде жүргізілуі тиіс. Еліміздегі отарлық саясаттың қалдығын жою мен ықпалынан арылу арнайы заңмен жүргізілуі қажет.

– Келешекте қоғамдағы тұрақтылықты ғылыми негізде жоспарлау үшін ұлтаралық қатынастарды үнемі қадағалап, қоғамда болып жатқан жағдайларды зерттеп, оның ғылыми шешілетін жолдарын ұсынатын және қоғамдық пікірлерді жинайтын орталық (институт) құру қажет.

–  Республикада тұрып жатқан бауырлас түркі халықтарының  арасына іріткі салуға жол бермеу үшін, түркі халықтарының ынтымағын нығайтуды іске асыру жолында, рухани бірігуді қолға алу қажет. Қазақ ұлтының мәңгі жасауның кепілі, тек түркі елдерінің рухани ынтымағының беріктігі ғана бола алады.

–  Қазақ еліндегі ұлтаралық қатынастарды реттеу және барлық диаспоралардың мүддесін қорғауды жүйелі жолға қою мақсатында, диаспоралардың мәселелерін жоғары деңгейде шешетін мемлекеттік комитет құру қажет. Бұл қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт деңгейіне көтерілуінің көрсеткіші болады. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан халықтар Ассамблеясы (ҚХА) атынан парламентке депутат енгізу диаспоралар мәселелерін шеш пейді, керісінше диаспоралар арасындағы қатынастарда қайшылық туындауына жол ашуы  ықтимал.

     Қазақстан халықтар Ассамблеясы тек диаспоролардың ұлттық мәдениетін дамытуға бағыт алғандықтан оның ешқандай саяси, азаматтық, әлеуметтік мәселелерді шешуге құқығы жоқ (диаспора өкілдерінің қандай да бір құқығын қорғай алмайды), формализм мен саяси ойынның құралы және парламентке халықтың сайлауынсыз енуі халықаралық заңдылық деңгейде адам құқығын бұзу болады.  

 

Болат Дүйсембі,

Республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысы Орталық басқармасының мүшесі,

Алматы, 2012жыл

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер