«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қарттық туралы...
Қарттық туралы...
Дайындаған: 5 ай бұрын

Қарттық туралы менің өз ұсынысым, өз пайымым бар. Соны ортаға

салмақпын. Көші-қон — қазақ үшін қазіргі ең басты мұрат. Қазақтың бірігуін

қариялар қолға алып, аттандап көштің алдында жүрсе, қандай жарасымды!

Басқа да кезегін күтіп тұрған шетін мәселелер аз ба қазақ қоғамында? Соның

басы мен аяғында жауар бұлттай түнерген, найзағайдай «күркіреген» ардагер

ақсақалдар қалқан болып тұрса, шіркін! Жалған мадаққа елітіп, ақсақал деген

атына сай емес қылыққа барып, сый-сияпатқа «құл» болғанша, жеке басының

проблемасын езіп, руының қамын жеп «пұл» болғанша, үйде тып-тыныш

жатқан мың есе жақсы жас өскін ұрпақ үшін. Жылына 40 мыңға жуық әкесіз,

некесіз туылған бала саны артуда. Соның 90 пайызы өзіміздің қаракөздеріміз.

Шетелге қанша жетімдер сатылып кетті. Сатылуға дайын тұрғандары қанша

екенін ешкім білмейді. Қаншама қыздарымыз ақша үшін шетелдік жігіттерге,

бай шалдарға тиіп кетіп жатыр, осыны неге көтермейді бүгінгі Ардагерлер

кеңесі? Бірақ құрамында кімдер жүргені көпшілікке беймәлім. Шын халықтың

қамын ойлайтындар кеңестің мүшесі ме, жоқ әлде «арсыз болмай, атақ жоқ»

деп төске өрлеп жүргендер орнығып алды ма? Егер шынымен Ардагерлер

кеңесі халыққа жанашыр болса, Үкіметке сөзін өткізе алса, шешімі қиын

мәселелерде неге дауыстары шықпайды? Тіпті осы уақытқа дейін ел халқына

басу айтар қандай да бір игі істерге мұрындық болды? Алысқа бармай-ақ

қояйын, қадірі қашқан, дақпырты алты қырдан асқан, ауыл-үйдің берекесін

алған керауыз шалдарға тоқтам айта алмаса, Ақсақалдар кеңесінің қажеті

қанша?

Президенттің өзі мемлекеттің болашағы жастардың қолында деп бірнеше рет

айтты. Онда жастарға үлгі көрсететін, жақсы мен жаманнан жирендіретін

ақсақалдарымыз не жасап жүр? «Осылай да осылай, болашаққа

алаңдаулымыз, жастарымыз құрдымға кетіп барады» деп, тым болмаса

жұқалап Елбасыға жеткізсе, ақсақалдық пікірлерін айтса, Елбасы қуана

қолдары сөзсіз. Жиналып алып бірін-бірі мақтау, мадақтау кімге абырой

әпермек?.. Ардагерлер төрағасы тым болмаса бір рет осындай мәселе көтеріп,

ел алдына шығып көрді ме? Демек, босқа көлгірсімей-ақ қоялық, дардай аты

бар ардагерлер кеңесінің билікке сөзі өтпейді. Билікке сөзі өтпегесін, халыққа

қадірі жоқ. Әдемі сөйлеп, шешендік таныту — ақсақалдық көрсеткіш емес.

Ақсақалдық деген — сөз бен істің үйлесімділігі.

 

Парламентте де «ақсақалдар» отыр. Халық олардан қарияға тән батагөй тілек,

ақсақалдық сөз күтеді. Жастарға үлгі көрсетіп, кей заң жобаларының ұлттық

мүддеге қиыс келетіндерін «түзетіп» жіберуге олардың абыройы мен «ақ

сақалдары» да жетеді. Кейде ауыл-үйдің арасынан алысқа шықпаған шал-

шауқан құсап күмілжіп, жылы сөзге алданып, үнсіз қалатындары бар.

«Заманына қарай адамы» депті халық даналығы. Сол рас-ау. Сақалы жоқ

қарияларды көруді Алла маңдайымызға жазыпты. Сақал бір кездері

кемеңгерліктің, даналықтың белгісіндей көрінетін. Соңғы уақыттары мені

қазіргі ақсақалдардың жастарға көрсетер өнегесі, айтар ақылы қандай болмақ

деген ой жиі мазалайды. Жастар өздерін озық ойлымыз деп есептеуі

қаншалықты заңдылық? Ғаламтор арқылы алынатын ақпараттары ұлттың

мәйегін сіңірген қариялардың даналығының орнын толтыра ала ма? Әй,

қайдам?!

 

                                      Түйін

 

Ақсақал адам артына ұрпағыма не қалдырып барамын деп қараса керек-ті.

Ұрпағымның келешегі қалай болады деп қамықса керек-ті. Менің айтқым

келгені ақсақалдар кеңесі қашан ел ішіндегі күйіп тұрған мәселелерді

көтереді? Атынан ат үркетін Ардагерлер кеңесі ауыл ақсақалдарымен бірігіп,

қашан халықтың сөзін сөйлейді? Ағыстай арындаған жастарды бір арнаға

түсіру кезек күттірмейтін өзекті проблема болып тұр. Ел ақсақалдары осыны

көтерсе, үлкенді сыйлаған халық емеспіз бе, билік те қолдап, санасар еді

олармен. Әйтпесе аты бар да, заты жоқ, үні шықпайтын Ардагерлер кеңесінің

қажеті қанша?! Егер ақсақал ардагерлеріміз мықты болса, Үкіметтің кейбір

келеңсіздіктеріне сын айтып, билікпен халықтың арасында алтын көпір болар

еді… Бұл менің азамат ардагерлерді сақалынан алғаным емес, ер-азамат қой

деп қайрағаным… Мен анамын, әжемін, қыз сыйлаған қазақтың баласы менің

жан айқайымды дұрыс түсінеді деп ойлаймын.

 

Алланың қалауымен көш қайта жандана бастады. Алла қаласа, сол көшті

ынтымақпен, бірлікпен ұйымдастыра білу — қарттарға сын. Оларға

ауызбіршілік ауадай қажет бұл жерде. Жасыратыны жоқ, қазіргі халықаралық

жағдай мәз емес… Елбасының кемеңгерлігіне көзіміз жетті… «Ақ қазақ»,

«қара қазақ», «шала қазақ» деп алаламай, кедей, бай деп бөлшектемей, ескі

қазақ, жаңа қазақ деп тарамдамай, бірігетін уақыт жетті бізге. Бөлінгенді

«бөрі» ғана емес, анталаған көршілеріміз де «жеп» қойғысы келіп, сілекейі

шұбырып отыр.

Елбасының ел астанасын Ақмолаға ауыстырған тарихи ерлігін ерекше атап

өткен жөн. Бұл алғашқы қатерден аман алып қалуы еді. Бірақ мәңгілік мәселе

әлі шешілген жоқ! Ол – шеттегі қазақтардың ата мекендеріне қайта оралуы!

Соңғы санақ көрсеткендей, қазір қазақтардың үлесі Солтүстік облыстарда орта

есеппен 41 пайыз ғана. Бүгінгі Қырымдағы жағдаймен өлшесек, солтүстік

облыстар “Мен Ресейдікімін” деп айғайлап тұрғанын көру онша қиындық

туғыза қоймас. Бізге тек өз аяғымен келгелі отырған, Қазақстанға зәредей

ауыртпалық салмайтын шеттегі қазақтардың жолын ашу, жеңілдетілген

тәртіппен тездетіп азаматтық беру, «қатерлі аймақ» – Солтүстікті халыққа

толтыру — басты мұрат! Ақсақалдардың айбары мен айбынды ұраны

осындайда естілсе, қанекей?! Сөз соңында айтарым, халқына қамқор,

Елбасына тірек болатындай, ұрпаққа сыйлы, қадірі қашпаған ақсақалдар саны

артса екен.

 

Сәуле Мешітбайқызы,  ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

 

elana.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер