«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
«Ақылшы»...?
«Ақылшы»...?
Дайындаған: 2 ай бұрын

Әлемге әйгілі мотиватор Ник Вуйчич астанаға келіп, қазақтарға баланы қалай

тәрбиелеу керек екенін үйретіп жатыр екен. Енді жетпегені осы еді. «Мен

балама ойыншық алып бермеймін. Өзің барып, сатып ал деп жауап берем. Сол

кезде 6 жасар ұлым таң қалып: «Әке, менде ақша жоқ қой!» деп жатыр. Сосын

шешесіне үй жинауға көмектесіп, менің мәшинемнің шаңын сорып беріп,

ойыншыққа ақша жинай бастады. Өзгенің еңбегін бағалайтын болды. Еңбек

етіп ақша тапқаннан кейін ойыншық сатып алған жоқ. Ойыншығы оның

еңбегіне татымайтынын түсінді» - депті. Былай қарасаң, сонау шетелден сол

үшін аттай қалап шақыруға татымайтын бәрі білетін «арзан» ақыл, әшейін. Біз

кейде елдің қаңсығына құмартып жүріп өзіміздің мәдениетке, ұлттық өнегеге

қаншалықты зиян тигізіп жатқанымызды аңғармайтын болып бара жатқан

сияқтымыз. Ертең ондай баладан жақынына қарайласпайтын, қолын

қимылдатқанына ақша сұрап тұратын, есеппен ғана көмектесетін «елгезек»

бала шығады. Олардың тәрбиесі сондай. Кейін баласы қауқары қалмаған әке-

шешесіне қарамай, өз бетімен кетеді. Қартайған әке-шешесі итін құшақтап

қалған орыстың балаларын көріп жүрміз ғой. Қазір онсыз да бір-біріне

қарайласпайтын, адамгершілік дегенді білмейтін біртүрлі ұрпақ өсіп келе

жатыр. Бара-бара оларды жатбауыр, тасжүрек қылып жібермейміз бе?

«Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай

қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?» деп

Абайдың айтатыны осы ғой. Қай-қайдағы шоқындылар қазаққа ақыл айтатын

болды!

 

Жолымбет Мәкіш,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер