«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Ерлікті бағалау да– ерлік
Ерлікті бағалау да– ерлік
Дайындаған: 2 ай бұрын

    Ерлік бағаланса ғана құны артады. Оны бағалайтын – халық. Халық бағалаған ерліктің бірі желтоқсаншы Сәбира Мұхамеджанованың ерлігі болды. Бұл – ұлы ерлік! Өкініштісі, билік ол ерліктің қадір-қасиетін әлі түсінген жоқ. Әрине, өкінішті...                                      .
Желтоқсаншылар алаңға ешкімнің айдауынсыз өздері шықты. Біздің сорлы билік пәрен көтеретін Ауған соғысы, Чернобыль қасіреті елді күштеумен, өлімге итерумен жасалған нәрселер. Барғандар, амалсыз барды. Барғандардың бала-шағалары болды, қолдарында шақырту қағазы тұрды. Желтоқсаншылар алаңға жүрек әмірімен шықты. Ал енді ерлікті бағаласақ: Ауған соғысына барғандар елді, жерді жаулау үшін барды. Бұл да – фашизм сияқты әрекет. Чернобыльға барғандар өзіміздің парызымызды өтедік дейді, олар күштеумен барды. Бүгінде екі қасіретке қатысқандардың қаншауы қалғанын білмеймін. Ал Желтоқсанға қатысқандар күн сайын азайып барады.
Алаңда қанша адамның өлгенін ешкім айтқан жоқ, айта алмайды да.
Сәбира Мұхамеджанова дейтін қарындасымыз бесінші қабаттан секіріп мерт болған. Ерліктің үлкені – Сәбираныкі. «Өзіне-өзі ажал жасаған ерлік бола ма?» дерсіз. Болады! Енді осы сөзімді ақтау үшін уәж айтайын.
Сексен алтының Желтоқсаны екі күнге созылған. Бұл ресми өлшем. Ақиқатында ол одан кейін де жалғасты.                                 .
Өскеменде де алаңға шыққандар болды. Көп болды. Бәрі қазақ жастары. Сондағы педагогикалық училищенің студенттері топ болып шықты, көп болып шықты. Олар Алматыдағы сияқты қақтығыс жасаған жоқ. Бірақ биліктің үрейін ұшырды. Қорыққандар – облыстағы Компартия тізгінін ұстағандар, «үш әріптің» адамдары, милиционерлер. Солар сендерді кім бастады деп елді қыспаққа алды. Сол уақытта Сәбира он алты жаста екен. Қасындағы қыздардың бәрін қыспаққа алып, жылатқан кезде, жанында шешесі бар Сәбира «Бәрін ұйымдастырған – мен, алып барған мен! Мына қыздарды қинамаңдар» дейді де, «үш әріптің» кісісін бөлмеде қалдырып, сыртқа шығады. Ол сырт дала емес, өзінің бөлмесі. Сол уақытта училищенің басшылары оның анасын да шақырған екен. Сәбира өзінің бөлмесіне барады да, бесінші қабаттан төмен қарай ұша жөнеледі... Мәңгілікке ұшады...
Сәбира не үшін өлді? Ол Ауғанстандағы мұсылмандарды қырған жоқ, Чернобыльдағы апаттан ешкімді құтқарған жоқ. Жүрек әмірімен ұлттық мүддені қорғады. Егер оның қолында қару болғанда, қасында отырған «үш әріптің» кісісін өлтіріп тастайтын еді. Болмаса, Компартияның көсемдерін, не суретін атқылар еді. Ол қазағы үшін күресті. Қолынан басқадай келетіні жоқ қыз бала. Енді не істесін? Ажалы арқылы қарсылық көрсетті. Ерліктің ерлігі – осы!
Біз бүгінге дейін оның бағасын білмеппіз. Көрсоқыр билік әлі білген жоқ. Егер білсе, Сәбира елуге келді деп асын жасар еді, атап өтер еді. Олар ішуге, тонауға, қиратуға бар екен... Ал алаңда таяқ жеген, итке таланған, сотталған желтоқсаншылар жылап Сәбираны еске алды. Бір Алматының өзінен отыздай адам өз ақшасына Өскеменге барды. Астың дастарханына деп әрқайсысы қалтасындағы барды берді. Сөйтіп екі жүз кісілік ас жасалды. Бұл ұлт үшін құрбан болған, теңдессіз ерлік жасаған Сәбирадай ғажап қызды бағалағаны, ерлігін бағалағаны...                   .
Сол асқа мен де бардым. Жай барған жоқпын, «Алматы 1986 Желтоқсан» айғақ-кітаптарының он үшінші томын алып бардым. Сол томдардың біріншісіне Сәбира туралы Асқар Алтайдың «Ол он алты жаста еді» деген ғажап мақаласы енген. Мен осы материалды Асқар ініме әдейі тапсырып жаздырып едім. Ең ғажабы, осы материал облыстық «Дидар» газетінің қос бетіне басылып, елге тегін таратылды.                                 .
Тасқа басылған нәрсе тарихта қалады, Сәбира тарихта қалды. Қазақ тарихындағы ұлы ерлік жасаған қазақ қыздарының қатарында ол. Осы ерлікті халық бағалады. Халықтан қорыққан билік Өскеменде бір кішкентай көшенің атын беріпті. Өзі оқитын мектептің алдында мүсінін қойыпты. Білім алған училищенің қабырғасының бұрышына тас-тақта орнатыпты. Бұның бәрін жасаған билік емес, Сәбира сияқты ерлік жасаған желтоқсаншылар. Солар ақша шығарып, жасады. Әрине, осыны айту да ауыр, ойлау да ауыр... Мен жүрегімді ауыртып, амалсыз жазып отырмын...                         .
Сол күні, Сәбира тірі болса елуге толар еді деген күні өткен асқа облыстық әкімшіліктен, Семей қалалық әкімшілігінен кісілер келді. Оларға рахмет! Ілтипаттарына разымын. Жоғарғы биліктен қорықпай келгендері үшін әлгіндей ықылас білдіремін.                                                     .
Желтоқсан – қазақтың қасіреті. Бұл ерлік мектебі болу керек еді, біздің билік соны жасай алмады. Желтоқсан – қазақ тарихының жарқын беті. Оны әлемдік тарихшылар, саясаткерлер... Желтоқсанның қаһармандары біледі. Олар жүрек қалауымен шыққан. Бүгінде шетінен ауру, шетінен жұмыссыз, шетінен... кетіп жатыр... Солардың арасындағы жігерлі, мықтылары Өскеменге барып қайтты. Сәбираның аруағын аунатып қайтты. Бұл бір ғана Сәбира. Ел білетін Сәбира. Біз білмейтін Сәбиралар қаншама?! Оларды іздей де алмаймыз, түгендей де алмаймыз, біздің билік 1986 жылғы желтоқсаннан бері соларды ұмыттыру үшін күресумен келеді...                                .
Сәбира Мұхамеджанованың асынан осындай ауыр оймен оралдым.

 

 Талғат Айтпайұлы, ғаламтордағы жазба

 

Asqaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер