«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
«Жынды» Ысқақ
«Жынды» Ысқақ
Дайындаған: 3 ай бұрын

Қазір ақылгөйлер, мінбеден түспейтін көсемдер көбейіп бара жатқандай. Тіпті онымен қоймай, халықтың намысына тиетін сөздер айтып тұратынын қайтерсің.
Сондай жағдайларды көргенде мына бір әңгіме еріксіз еске түседі.

                                                                                                                (Автор)

 «Жынды» Ысқақ

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басы болатын. Қарағанды облысы

Ақтоғай ауданының Қоңырат колхозына әкейдің ауылдық кеңестің

төреағалық қызметіне келген беті. Ысқақ деген ақсақалдың үйімен көрші

тұрдық. Өзі бір қызық кісі болатын, балалармен үлкендерше сөйлесіп

жүретін.Кейде кешкісін үйге келіп, әкеймен әңгімелесіп отыратын. Неге

екенін білмеймін, ел осы кісіні «жынды» Ысқақ деп атайтын. Кейде «бейпіл»,

«боқтық» сөздерді араластырып сөйлеп кететіні болмаса, ешқандай

қорқыныштылығы жоқ еді.
 

Бірде жоғары жақтан уәкіл келіп, бүкіл мұғалімдерді, оқушылардың ата-

аналарын мектепке жинап, дәріс өткізіпті. Оның ішінде «жынды» Ысқақ та

болған дейді. Әлгі уәкіл әйел адам болса керек, бәріне ақыл айтып, бірін

шаршатыпты. Елдің намысына тиетін жәйттерді бірінен соң бірін

түйдектетіпті. Орысша боқтық сөздерді де сөз арасына қыстырып отырады

екен. Ысқақ туралы бiреулер жеткiзген болуы керек, "ондай адам баласын

қайтіп тәрбиелемек?" деп дүрісе қоя беріпті. Ысқақ ақсақал бірден тұрып,

шығып кетіпті. Жайшылықта ешкімге сөз бермейтін Ысқақтың бұл

қылығына сол жерге жиналған жұрттың бәрі таң қалыпты.

Асыға үйіне тартқан Ысқақты көршісі тоқтатып:

-Оу, Іске, жаңа ғана «мектепке мені де шақырған еді» деп асығып бара жатыр

едің, не боп қалды сонша, өңің қашып кетіпті ғой?- деп сұрақтың астына

алыпты. Сонда Ысқақ ақсақал ентігін баса алмай:

-Ой, әкеңнің..., бұл жалғанда жамандыққа ұрындырар атыңнан, көсемсініп

сөйлеген қатыннан безу керек екен! – деп қатты бір күрсініп, үйіне қарай өте

шығыпты.
 

Болат Қали,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер