«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Дүкендегі дүбәрәлармен арада . болған қызықсыз әңгіме
Дүкендегі дүбәрәлармен арада . болған қызықсыз әңгіме
Дайындаған: 3 ай бұрын

Бүгін өзіме аяқ киім алмақшы болып, Алматыдағы "Мега" сауда кешенінің екінші қабытындағы, бір дүңгіршекке кірдім. Бас сұққаным сол еді, алдымнан аңқалаңдай шыққан алпамсадай қараторы қазақтың жігіті "Здравствуйте, заходите пожалуйста", -деп жігі-жапар болып қарсы алды.
Ұнатқан аяқ киімді киіп көрмекке арнайы орындыққа отыра беруім сол-ақ екен, қасыма құрақұшып әлгі жігіттен өзге тағы да бір қаракөз қарындасым жетіп келді.                                  .
Келе екеуі екі жақтан елпілдеп, орысша шүлдірлеп маған тауарларының мақтауын асыра таныстырып әбден әлекке түсті. Қазақ баласының аузынан шығып жатқан орысша сөз құлағыма түрпідей тиіп, жынымды қоздырған соң, амалсыздан оларға:                                .
- Заттарың ұнады, бірақ өздерің ұнамай қалдыңдар,- деп қабақ шытып,                          қатқылдау айтуға мәжбүр болдым.                              .
"Ойпырмай аға, жалбақтағаннан басқа жазығымыз не?                          .
Сізге қай қылығымызбен жақпай қалдық",- деп екеуі бірдей көздері шараларынан шыға таңданыс білдірді.
- Неге кіргеннен маған орысша сөйлеп жатырсыңдар? Намыстарың жоқ, сол себепті сендердің тауарларың ұнаса да, саудаларыңды қыздыруды қаламаймын,- деп мен де қырсығып шығар есікке қарай бет алдым. Сол-ақ екен, әлгі шүлдірлек сатушыларым жарыса қазақша сарнап қоя берді.
- Көке, сіздікі жөн ғой, дұрыс қой. Бірақ...                                    .
Көбінесе қазақша сөйлейміз деп келушілерден сөгіс естіп, ескерту алып, тіпті ұрыс естіп жататынымыз бар,- деп ақталуға тырысты қаракөз сатушы қыз.                                 .
Түрін қазаққа ұқсатқан соң, кірген тұтынушымен қазақша амандасып қарсы алсаң, кейбіреулері "Я вообще -то кореец, уйгур, дунганин" -деп кейіп, кекірейіп, тіпті шамданып шыға келеді. Сол себепті келуші басқа ұлттың өкілі болып шыға ма деген сақтықпен еріксіз бәріне тегіс орысша сөйлеп қарсы алуға мәжбүрміз,- деп қыздың сөзін лезде іліп әкетіп қостай жөнелді, сатушы жігіт.                                  .
Жат жұртқа жалтақтап жан бағып жүрген әлгілерге көңілім толмай:
- Ал, сонда сендер орысша тіл қатқан кезде келуші қазақ болып шығықса қайтпексіңдер? Басқалар секілді олар да, "Орысты қайдан көріп тұрсыңдар" -деп кейіп, кінәлай сөйлеп реніш білдірсе не істемексіңдер? Қазақтан да сөз естиміз деп қорқып, қаймықпайсыңдар ма? Әлде бұл елде тек қазақты ғана көзге ілмей, басынып басына тышуға бола ма?
Өздерің қазақ бола тұра, өзге жұрттың өкілі, өз елдеріңде мемлекеттік дәрежесі бар ана тілдеріңді менсінбей тұрғанына азамат ретінде қорланбайсыңдар ма?- деп төтесінен төпей қойған сұрақтарыма әлгі жігіт пен қыз, кәдімгідей күмілжіп кідіріп барып:                                .
- Енді біздің қазаққа бәрі бір ғой, аға. Талап қойып таң қалдырып тұрған сіз секілді бірең-сараң қазақ болмаса, басқалары бәріне де мақұл ғой,- деп қарап тұр, шіркіндер!
Ел иесі емессіңдер ме, ел-жұрт алдындағы жеке бастарыңның жауапкершілігі қайда? Намысты нанға сатып, бүйтіп жан баққандарыңа болайын деп тексіздерден теріс айналып жүре бердім

Еріксізден ойыма бұрыннан айтылып жүрген "Қазақ едім дегенше, мазақ едім десеңші" -дейтін сөз тіркестері бар өлең жолдары оралды...

Отыз жылда отаршылдықтан оңалмаған өз Отанындағы ең осал халық біз болыппыз.
Осыған енді кімді кінәлауға болады, қадірменді қандастарым?!

Түйін сөз:
Қазақстандағы қазақтың үлес салмағы осы күнде 70 пайыздың үстінде. Демек, тілімізге танауын шүйіріп тепсінгендерді тізеге салып түзетер тетік өз қолымызда.
Тіл білмейтіндердің тауарларын алмай теріс айналайық, теңгемен тұқыртып тәубесіне келтірейік. Сонда тұтынушыға тәуелді бұлар, бүйтіп тайраңдай алмайды.

Мұқтарбек Тұрысбекұлы

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер