«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Адвокат: Ислам Әбішев ел-жұрттың алдында толық ақталды
Адвокат: Ислам Әбішев ел-жұрттың алдында толық ақталды
Дайындаған: 2 апта бұрын

Сәуле Әбединова

 

30 қазан 2019 жыл.

Астана (Нұрсұлтан) қаласы.

Ауданаралық мамандандырылған сот. («Әскери сот» ғимараты)

Сағат 10.00

ҚР Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының бұрынғы президенті Ислам Әбішевтің және  федерацияның бұрынғы вице-президенті Серік Түкиевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы ары қарай жалғасты.

Сот құрамы:

Судья – Қ.М.Мекемтас

Сот хатшысы – С.С.Мәлік

Прокурор – С.Ш.Сүлейменов

Адвокаттар – А.Т.Құспан, Е.М.Макенов, А.А.Абдрахманов, С.Жүнісбаев, М.Есқараев.

Қоғамдық қорғаушылар – Е.А.Әбішев, Г.И.Әбішева, М.Ислам, Адамов, Түкиев.

Аудармашы – А. Қазыбекқызы.

Сот приставы –

(Жалғасы)

Прокурор: Сонымен, мен жариялаған сіздің жауабыңыз, тергеу кезінде берген. Қай жерімен келісесіз, қай жерімен келіспейсіз?

Асылжан Жампозов, куәгер: Бірінші хаттама сақталған  болса, соны маған әкеп берсін, мен сол бойынша жауап берейін, қай жері сәйкес келмейтінін белгілеп беремін. Қазір бәрі түгел есімде жоқ қой.

Судья: Куәгер, тұра тұрыңыз, асықпаңыз сіз. Жауап берудің алдында құқықтарыңызды түсіндірдім ғой. Сотқа тек қана шындықты айтыңыз дедім. Өтірік айтып, жала жабудың қажеті жоқ. Түсіндіңіз ғой? Бірақ, сізге өзіңіздің жауабыңызды көрсеттік, сіз қол қойдыңыз ғой, иә, дұрыс па?

– Маған «қол қой» деді.

– Тұра тұрыңыз. Ол жағына сот баға береді. Жарай ма? Біз сотта сұрап отырмыз, тек қана шындығыңызды айтыңыз. Шындықтан басқа ештеңенің керегі жоқ. Өтірік айтсаңыз, біреуге жала жапсаңыз, қылмыстық кодекстің баптарына сәйкес, сот оған баға беруі мүмкін. Түсіндіңіз ғой?

– Мен мынаның бәрін айтсам, растасам, менің жала жапқаным болып шығады ғой, екі адам жазықсыз түрмеге кетеді ғой. Менің шындығым сол, құрметті сот! Мынамен мен келіспеймін.

–  Түсінікті. Оны біз жаздық, аудио-видео протоколда қазір жазылып отыр. Прокурор тағы да әр абзац бойынша сізден сұрайды. Соған жауап беріңіз. Жарай ма? Прокурор, сұрай беріңіз.

Прокурор: Сұрақты былай қояйын. Мен сізге тағы жауабыңыздың үзіндісін жариялаймын. Сіз былай жауап беріңізші, мүмкіндік болса. «Растамайсыз» немесе «есіңізде жоқ» немесе «растайсыз».  Жақсы ма?

Судья: Прокурор, анық квадрат қоюға болмайды. Оқыңыз. Сұраймыз.

– «В январе текушего года Абишев вновь позвонил мне на сотовый телефон и попросил пригласить к ним на встречу гостиницу «Рэдиссон» Шаймерденова. Осы жағдай болды ма?  Болған жоқ па?

– Иә, маған звондап айтты. Азаматқа кел деп айта салшы деп. Ол рас.

– Ары қарай. «В тот же день я связался с Шаймерденовым и передал, что  завтра в гостинице «Рэдиссон» в 14.00 часов с ним хотят встретиться көкешки. «Көкешки»,  я имел в виду Абишева, так как Абишева  не официально так называл Шаймерденов».

– Иә.

– «На следующий день Шаймерденов и я приехали в указанную гостиницу, где стали ожидать  Шаймерденова в ресторане на первом этаже в зале для курящих».

– Иә.

– «Спустя некоторое  время приехали Абишев с супругой и дочерью, а так же Тукиев. Супруга с дочерью остались в холе, а мы прошли за стол в ресторане».

– Иә, солай.

– «Сидя за столом Абишев начал упрекать Шаймерденова...

–  Мұнымен келіспеймін.

– ...в том, что пошли слухи о том, что его купили, в свою очередь  Шаймерденов говорил, что, никому никакую информацию о его взаимотношениях с ним не раскрывал. После этого Абишев начал узнавать, по какой причине передаче Тукиеву, как я понял, речь шла о той спонсорский помощи федерации  «Қазақ күресі».

– Келіспеймін.

Судья: Қалай болды?

– Жаңа айттым ғой.  Ол жерге келгенде Әбішев «әй, сен бала» деп айтты Азаматқа. «Сен менің атымды жамылып, бірнәрсе істеп жүрсің бе?» деді. «Сен өз тірлігіңді істей бер, шаруаңды жасай бер. Құдайға шүкір, менде бәрі жақсы, бәрі бар. Маған ешнәрсе керек емес. Мен зейнетке шығамын» деген сияқты  әңгіме айтты.

Прокурор: Сіз жаңа қорғаушылардың сұрақтарына жауап берген кезде «демеушілік көмек» туралы әңгіме болды деп айттыңыз. Есіңізде ме ол әңгіме?

Мәкіш Есқараев, адвокат: Құрметті сот, прокурор қай жауабын айтып отыр? Бір сұрағын қайта-қайта қайталап сұрап жатыр. Ондай жауап болған жоқ қой. «Рэдиссонда» отырғанда демеушілік көмек туралы әңгіме болды деп айтқан жоқ. Кейін сыртқа темекі тартуға шыққан кезде «Азаматқа демеушілікті есіне сала сал деп айтты» деді. Сондай жауап естідік біз бұл жерде.

Судья: Прокурор, ол сұраққа жауап берді ғой. Тағы сұрақ бар ма?

Прокурор: Жақсы. Келесі сұрақ. «Когда Абишев дал Шаймерденову срок до первого февраля текущего года и сказал, что в случае, если вопрос деньгами не решиться до указанного дня, то он секвестирует расходы по Соколовскому групповому водопроводу. В свою очередь Тукиев так же добавлял,  что ему срочно нужны деньги». Осы мән-жай болды ма, болған жоқ па?

Асылжан Жампозов, куәгер: Сізге тағы да қайталап айтамын. Мен ол жерде бірдеңе оқып отырдым, даладан көліктен әкелген қағаздарды. Ол әңгімеге араласқаным жоқ. Мұндай әңгімелер есімде жоқ, «про какое-то секвестирование.., срок какой-то до 1 февраля был.., так же добавлял, что срочно нужны деньги...» деген ондай әңгімелер есімде жоқ.

– Басқа сұрағым жоқ.

Судья: Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Саян Жүнісбаев, адвокат: Дәл осы сұрақты жаңа ғана прокурор қойды. Осының алдында ғана «оны қолдамаймын» дедіңіз. Яғни, «бұндай әңгімені естіген жоқпын» дедіңіз. «Секвестирование жөнінде де, Әбішевтің тарапынан Шаймерденовке ақшаны алып келесің 1 ақпанға дейін, болмаса секвестирование жасаймын. Сол кезде Түкиев те қосымша  «маған шұғыл ақша керек, кетейін деп жатырмын деп айтты...» Осы сұраққа қолдамаймын деп жауап бердіңіз ғой?

– Мен ол хаттаманы қолдамаймын. Айттым ғой, ол басқаша еді, оны алып жыртып тастады. Ол қысқаша, үш-ақ беттей болатын. Оған тергеуші стенограмманы алды да, тура соған сәйкес қып істеді. Мынандай сұрақтар, мен өз лексиконымда қолданбайтын артық сөздер көп, түсінбеймін. Қазір қарап тұрмын, мына соңғы абзацтарды да айтпағанмын.

– Прокурордың жариялаған, Әбішев пен Шаймерденов туралы сұрағына: «Сидя за столом Абишев начал упрекать Шаймерденова в том, что пошли слухи о том, что его купили». Әбішевтің ашуының мағынасы қандай болды, осы хаттамада көрсетілгендей болды ма, әлде басқа мағынада болды ма? Сіздің жауабыңызға сәйкес, «мен туралы, менің айналамда ақша туралы әңгімелер шығып жатыр, маған ондай керек емес, маған тыныштық керек, өзіңнің уәдеңді орында, басқаға араласпа, өзіңнің жұмысыңды жасай бер» деп айтты дедіңіз. Ал мында басқаша көрсетілген, «ходят слухи о том, что меня купили» деп. Оның ашуы осымен ғана шектеліп қалған. Айырмашылығын түсіндіңіз бе?

– Иә.

– Яғни, сіздің жауабыңызға сәйкес, алдындағы мағынасы дұрыс па сонда? Ол стенограммада бар, құрметті сот, дәл осы сөздер.

– Стенограмманы көрсеткен. Дір-дір етіп отырып оқыдым. Әбішев айтты: «Менің атымды жамылып тірлігіңді істеп жүрсің. Өз шаруаларыңды шеше бер. Маған сенен де, басқалардан да ешнәрсе керек емес» деді.

–  «Демеушілік көмек» жөнінде әңгіме болды дедіңіз. Сол  кезде Ислам Әбішев тарапынан Шаймерденовке, орысша айтқанда «наезд, вымогательство, угроза» болды ма?

– Ешкім ешкімді қорқытқан жоқ, ешкім ешкімнен талап еткен жоқ. Азамат айтты: «Жоқ, аға, бәрі жақсы» дегендей әңгіме айтты. Нақты есімде жоқ, шынымды айтсам.

– Әбішевтің тарапынан қинау, мәжбүрлеу (принуждение) болды ма?

– Ондай ештеңе болған жоқ.

Марат Адамов, қорғаушы: Сіз тергеу барысында тергеуші Айтуар Агибаев  жыртып тастаған бірінші хаттаманы ғана қолдаймын дедіңіз ғой? Қалған тергеу хаттамаларын, менің түсінігімше, тергеуші өзі жазған, сіздің қатысуыңсыз толтырылған. Демек, тергеу кезінде қатты қобалжып тұрып, неге қол қойып жатқаныңызды да білмедіңіз. Дұрыс түсіндім бе?

– Иә.

– Демек, әңгіме еркін, достық бағытта өрбіген, ешкім ешкімді ештеңеге мәжбүрлемеген, демеушілік көмек туралы әңгіме болған. Сот тергеуіндегі сұрақтардың бар жауабы осы.

Судья:  Сотталушылар, сұрақтарыңыз бар ма?

Ислам Әбішев: Адал жауап бергеніңіз үшін үлкен рақмет. Айыптау актісімен танысқанда мен ешқандай өкінген жоқпын. Бірақ сенің жауаптарыңа ешқандай да сенген жоқпын. Бүгін көзім жетті. Рақмет.

– Түкиев, сұрақ бар ма?

Серік Түкиев: Менде өтініш бар. Тергеу кезінде де, қазір де міне, демеушілік ақша екені дәлелденді. Мен мына жерде неге отырмын, соны айтыңызшы?

Судья: Неғып отырмын дейсіз бе?

–  Иә.

– Шынымды айтсам, менің сізге жауап беруіме болмайды. Бірақ сізге айтайын, сізге мемлекеттік айыптаушы айып тақты. Сол себепті біз мұны  шешуміз керек. Шешкенде, заңды баға беруміз керек. Түсіндіңіз ғой иә? Процесс аяқталған кезде сот өзінің шешімін айтады. Жарай ма? Отыра тұрыңыз.

Ислам Әбішев: Толықтырып кетейін.

– Айтыңыз.

– Біз біздің қылмысымызды анықтап жатырмыз. «Қылмыс істеді ме, істемеді ме?» деп. Өткенде біз үйқамаққа өтініш айтқан кезімізде, сіз айттыңыз, «куәгерге қысым жасалуы мүмкін» деген сияқты. Куә бітті. Енді айыптаушы жағынан тек бір ғана арызданушы Шаймерденов қалды.  Біз тағы қанша отыруымыз мүмкін бұл жерде? Қанша? 6 ай, 7 ай, 1 жыл...? Онсыз да 1 жыл болды отырғанымызға. Менің қорғаушыларым істі қарамай-ақ тоқтататындай дәйектер берді. Бүйтіп соза берсек, қашанға дейін отыратынымыз белгісіз. Әлде өлгенше отыруымыз керек пе? Сондықтан өтініш, артық кетсем кешірім сұраймын, бұдан артық қандай жерге баруымыз мүмкін? О дүниеге кетуіміз мүмкін немесе сіздің бізге 10-15 жыл беруіңіз ғана қалды. Сондықтан, бізді жақсы жағдайда алып келсін, дұрыс жағдайда болайық ең болмаса. Әйтпесе, үй қамағына шығарыңыз. Үйден келіп тұрып, жауабымызды берейік, анық-қанығына жетейік.

– Іс материалдарын қараймыз, зерттейміз, заңды шешім қабылдаймыз. Куәгерге тағы қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Барлығы: Әзірге жоқ.

–  Онда менде бірнеше сұрақ бар. Сіз айтып отырсыз ғой, тергеушіге жауап берген кезде жауаптарыңыз басқаша болды деп. Қазір шындықты айтып отырмын дедіңіз. Дұрыс па? Осы 26 наурыздан бастап бүгінгі күнге шейін сіз басқа органдар дей ме, прокуратураға ма, жоқ басқа мемлекеттік мекемелерге осы жағдай бойынша арыздандыңыз ба?

– Жоқ.

– Неғып?

– Осындай болады деп ойламадым.

– Түсінікті. Тағы қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Абзал Құспан, адвокат: Менде сұрақ бар. Құрметті куә, жаңа сізге мемлекеттік айыптаушы тарапынан, қорғау тарапынан сұрақтар қойылған кезде, сіз қолыңызда төрт бірдей хаттама бар дедіңіз. Мен сізді дұрыс түсіндім бе?

Асылжан Жампозов, куәгер: Иә.

– Сосын оның бәрі смс хабарлама арқылы уатсаптан түсті, сосын шығарып алдым дедіңіз.

– Иә.

– Одан басқа, сіз жедел қызметкер Жәрдем есімді азаматтың тарапынан және тергеуші Айдар Аташевтің тарапынан жазылған бірнеше сөздерге сілтеме жасадыңыз. Осылардың сізде қағаз күйінде шығарылған нұсқасы бар ма?

–  Міне, бар.

– Осының бәрін сіз телефоннан уатсап-мессенджерден шығардыңыз ба?

– Иә.

– Осыны іске жалғауға мүмкіндік бар ма? Қарсы емессіз бе?

– Қарсы емеспін.

– Құрметті сот, біздің өтінішіміз, іске жалғауыңызды сұраймын.

Судья: Беріңіз.

(Куәгер Асылжан Жампозов скриншот материалдарын хатшыға берді)

Асылжан Жампозов, куәгер: Сұрақ қойсам бола ма?

Судья: Сіз сұрақ қоя алмайсыз.

– Менде сұрақ бар.

– Не сұрақ бар?

– Сотқа повестканы кім әкелу керек?

– Сізге сот повестка жібермейді. Сізге смс-хабарлама жіберіледі.

– Сотқа шақыртуды анамның мекен-жайына (мен тұрып жатқан), інімнің мекен-жайына опер (жедел қызметкер) алып келді.

Залда шу.

– Тыныштық сақтаңыздар.

– Мен олардың қоңырауын көтермей жүргеннен кейін, мен ойладым, менімен кездескісі кеп, әдейі повестка алып келген шығар деп. Мамам содан кейін қысымы көтеріліп, ауырып жатыр. Мамама: «Асылжан келгенде айтыңыз, маған звондасын» деген. Екі данасын екі үйге де жаңағы опер апарып берген.

– Аты-жөні кім?

– Жәрдем. Судья, сіздің қолыңызбен.

– Сот хатшысы, сіз повестка жібердіңіз бе?

Хатшы: Смс-хабарлама жібердім.

–  Онда сіз бізге ол құжаттарды ертең алып келіңіз. Біз зерттейміз. Жарай ма?

– Жарайды.

Ералхан Әбішев, қорғаушы: Құрметті сот, бір сұрақ. Мен сізге айтайын деп едім, осы кісінің қауіпсіздігі жөнінде. Мынау деген ойыншық емес. Біз қазір мына жерде қорқып отырмыз, бұл бала ертең тірі қалмауы да мүмкін. Сондықтан осы жігітке қорғаушылар тағайындасаңыздар. Бұл қауіпті. Екі рет екі үйге апарып беру деген не деген бассыздық? Повесткаға кім қол қойған?

– Бұл жағдайды сот шешіп қойды. Ертең бұл кісі сотқа әкелуі мүмкін.

– Жоқ, кім қол қойғанын шешкен жоқ қой. Қолында бар ғой, айтады ғой.

– Куә, қазір қолыңызда көшірмесі бар ма?

– Көшірмесін қалдырып кетіппін. Фотосы бар. (Повестканы орысша оқып берді). Судья Мекемтас, секретарь Малик. Мекемтас деген қолы бар.

Бір қорғаушы: Ол сіздің қолыңыз ғой.

Судья: Сотқа қатысушылар, тағы да қайталап айтамын. Сот повесткасына сот қол қоймайды. Адвокаттарыңыз отыр ғой, бәрін білесіздер.

(Адвокаттар телефондағы повестка суретін көрсетуді сұрады. Хатшы апарып көрсетті). Қазір куәдан бірнеше құжаттар түсіп отыр. Осы құжаттарды іс материалдарына қостырдыңыз, менің түсінігім бойынша. Дұрыс па?

Асылжан Жампозов, куәгер: Иә.

Судья: Прокурор, не айтасыз?

Прокурор: Түскен өтініш-хат бойынша куәмен келтірілген құжаттарды іске тіркеуге қарсылығым жоқ.

Судья: Телефонды беріңіздерші. (Хатшы апарып берді, повестканың суретін қарады). Сіздердің өтініштеріңізді тыңдап, сот келесі шешімді қабылдайды: Іс материалдарын толықтыру үшін тапсырылған құжаттарды сот материалдарына тіркеймін. Тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Абзал Құспан, адвокат: Өтініш бар. Құрметті сот, ҚР қылмыстық- процесстік кодексінің 97 бабының 1 бөлігінің 3 және 5 тармағына сәйкес, атап айтқанда, ҚР қылмыстық-процесстік кодексінің 97-ші бабында былай деп көрсетілген: «Қылмыстық процесті жүргізетін орган куәлардың, күдіктілердің және қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысатын басқа да адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының қауiпсiздiгі шараларын қамтамасыз ету мақсатында оның жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету туралы тапсырма береді». Дәл осы мақсатта, 97 баптың 5 тармағына сәйкес, «жақындауға тыйым салу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қолданады» делінген. Яғни, тек қана бұл кісіге ертеңгі сағат 10-дағы процеске дейін қаншама уақыт бар. Біз сот залында процесс жүріп жатыр. Ал сыртта қандай қауіп күтіп тұрғанын білмейміз, жаңағы жарияланған, өзіңіз іс матриалдарына тіркеу туралы шешім қабылдаған құжаттардан көріп отырғанымыз, Жәрдем есімді жедел уәкіл «выйди, поговорим по-мужски» деген сөзін нақты, тікелей бұл кісінің өміріне төндірілген қауіп ретінде бағалаймын. Сол себепті, ұлттық бюро қызметкерлері тарапынан жақындауға тыйым салу туралы шешім керек. Куәнің өзін ұстай алмағаннан кейін туған шешесіне, туған інісіне повестка апарып тапсырып отыр. Және «бізге звондасын, телефонын көтермей жатыр» деп айтқан. Сондықтан осы азаматтардың куәға жақындауға тыйым салу туралы шешім қабылдауға және жеке басын қорғауға шаралар қабылдауыңызды сұраймын. Өтініш.

– Мұны шешу үшін куәгердің өз тарапынан өтініш түсуі керек. Арызыңыз бар ма?

Асылжан Жампозов, куәгер: Менің айтатыным, мен өз басым үшін аса қорқып жүрген жоқпын, бірақ отбасыма, анама, жақындарыма, үйіме бармасын ешқайсысы!

– Менің түсінігім бойынша, жаныңызға ешкім (күзет) керек емес пе? Біреуден қорқасыз ба, қорықпайсыз ба? Қорғау керек пе, керек емес пе?

– Мен ойлаймын, керек деп.

–  Онда қазір түскі үзілісте сотқа жазбаша арыз жазыңыз. Жарай ма? Содан кейін талқылаймыз. Олай болса, 10 минутқа үзіліс жасайық.

Үзіліс кезінде қорғаушы Абзал Құспан біздің «бүгінгі сотттағы болып жатқан оқиғаларды қысқаша қорытып жіберіңізші» деген өтінішімізге былай деп жауап берді:

– Мен судьяның орнында болсам, мына сотталушы екі азаматты дәл бүгін босатып жіберер едім. Неге? Асылжан Жампозов бұл істегі ең басты, ең негізгі куә, одан артық куә жоқ. Міне, дәл осылай жазыңыз! Себебі, ол тергеуде Қаныбек Әбішевке қарсы, Құнанбай Шындәулетовке қарсы, Ислам Әбішевке қарсы, Серік Түкеевке қарсы жауап берген адам. Одан басқа тергеу кезінде Азамат Шәймерденов пен Ұлттық бюро қызметкерлерінің пайдасына жауап берген адам. Бүгін сотқа келіп, бұрынғы сөзінің бәрі қысым көрсетудің салдарынан жазылғанын айтты. Бұл жерде Ұлттық бюро қызметкерлеріне қарсы қылмыстық кодекстің кем дегенде үш бабы бойынша – куәні жауап беруге мәжбүрлеу, заң талаптарын бұрмалаушылық (фальсификация), т.т. қылмыстық іс қозғалуы тиіс. Судья бұл жөнінде жеке қаулы қабылдап, оны тіркетуі тиіс. Ар жағында тергеу жүргізілуі тиіс. Міндетті түрде! Өйткені, айыптаушы жақтың куәсінің айыпталушы жақтың пайдасына сөйлеуі – сенсация.
Біз енді Жампозовтың бұрын тер­геудегі жауабының төрт хатта­масын жарамсыз деп қабыл­дау туралы және Ұлттық бюро қыз­мет­керлерінің үстінен қылмыстық іс қозғау жайлы өтініш-хат береміз. Егер осы екі өтінішіміз қабыл­данбайтын болса, судья Қ.Мекем­тас­қа сотты жүргізуіне толық қарсылық (отвод) білдіреміз. Өйткені, мына жағдайдан кейін сотта­лушыларда ақтаудан басқа істей­тін іс қалған жоқ. Бүгін Ислам Әбішев пен Серік Түкеев соттың қаулы­сымен ақталмай қалса да, қоғам алдында толық ақталды деп есеп­теймін!

 (Жалғасы бар...)

Сот барысын хатқа түсірген Сәуле Әбединова,

Қосымша: Abai.kz ақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір алмастыруға әркім құқылы. Жоғарыдағы спикердің пікірі редакция ұстанымын білдірмейді. Алдағы уақытта мақалада есім-сойлары аталған жекелеген азаматтар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірін беруге әзірміз. 

Abai.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер