«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Адвокат: Ислам Әбішев ел-жұрттың алдында толық ақталды
Адвокат: Ислам Әбішев ел-жұрттың алдында толық ақталды
Дайындаған: 3 апта бұрын

Сәуле Әбединова

 

30 қазан 2019 жыл.

Астана (Нұрсұлтан) қаласы.

Ауданаралық мамандандырылған сот. («Әскери сот» ғимараты)

Сағат 10.00

ҚР Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының бұрынғы президенті Ислам Әбішевтің және  федерацияның бұрынғы вице-президенті Серік Түкиевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы ары қарай жалғасты.

Сот құрамы:

Судья – Қ.М.Мекемтас

Сот хатшысы – С.С.Мәлік

Прокурор – С.Ш.Сүлейменов

Адвокаттар – А.Т.Құспан, Е.М.Макенов, А.А.Абдрахманов, С.Жүнісбаев, М.Есқараев.

Қоғамдық қорғаушылар – Е.А.Әбішев, Г.И.Әбішева, М.Ислам, Адамов, Түкиев.

Аудармашы – А. Қазыбекқызы.

Сот приставы –

(Жалғасы)

Абзал Құспан, адвокат: Сіздің және бір жауабыңыз бар. Ол 28-ші том 48-49 беттерде, 19 маусым күні алынған, «Куәдан қосымша жауап алу хаттамасы» деп сақталған. Тергеуші Айдар Аташев алған. Осы хаттама сіздің қолыңызда бар ма? Смс-пен келді ме?

– Бар, келді.

– Осындай жауап бердіңіз бе, бермедіңіз бе?

– Мені жауапқа шақырды. Бардым. Қазақша жазу керек деді. «Мен қазақша түсінбеймін ғой, қалай жазамын?» дедім. «Өзім жазамын, қорықпа» деді. Себебі, мен тоғызыншы сыныпқа дейін орыс мектебінде оқыдым. Приозерскта, Қарағандыда. Әке-шешем кейін қазақ мектебіне ауыстырды. Бірақ, ойлау деңгейім, ой барысым орысшаға лайықтау. Қазақша түсінемін. Түсіндіре аламын. Бірақ, оқығанда, жазғанда қиналамын. Сол себептен ол «өзім жазамын, отыра бер» деді. Жазып біткеннен кейін қол қой деді, қол қойдым.

– Іс жүзінде сіз сондай жауап бердіңіз бе, берген жоқсыз ба?

– Өзі сұрақтарын қояды, өзі жауаптарын айтады. «Былай иә?.. Былай иә?..» деп. Мен тек қана «иә» деп келіскеннен басқа, ештеңе айтқан жоқпын.

–  Жақсы. Сол сәтте тергеуші Аташев сұрақты да өзі қойып, жауапты да өзі жазды дейік. Артынан...

Прокурор: Кешірім сұраймын, сот мырза. Куәгер олай жауап берген жоқ.

Абзал Құспан, адвокат:  Солай айтты. (Залда «солай айтты, айтты» деген шу.)

Судья: Тыныштық сақтаңыздар. Прокурор, не дейсіз? Естімей қалдық.

Прокурор: Қорғаушының жаңағы сұрағына куә олай жауап берген жоқ. Куә айтты: «Тергеуші менен сұрады. Мен «келісемін немесе келіспеймін» деп жауап бердім» деді. (Залда шу.)

Судья: Қайта жауап беріңізші.

Асылжан Жампозов, куә: Өзі сұрақтарды қойды, өзі сол сұрақтарға жауап берді. Мен тек қана «иә, иә» деп отырдым.

Абзал Құспан, адвокат: Сұрақты да, жауапты да тергеуші Айдар Аташев жазып отырған болса, соңында қағазға басып шығарады ғой. Сол кезде оқып таныстыңыз ба?

–  Оқып, танысуға мүмкіншілік болған жоқ. «Тез қол қоя сал» деді.  Бір қарап шықтым, бірақ мағынасын түсінген жоқпын. Оқымадым деп айтуға болады. Өзім қорқып, «мені пособник қып қамап тастай ма» қобалжып отырғандықтан.., шешем өліп қалады ғой деп, шешем үшін қорықтым, өзім үшін қорықтым.

– «Шешем үшін қорықтым, өзім үшін қорықтым» дейсіз. Жалпы, мен сіздің төрт жауабыңыз бойынша ғана сұрақтар қойып шықтым қазір. Осыған дейін, тергеудің басында, ортасында, аяғында жалпы сізге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы» қызметкерлері тарапынан қандай да бір қысым немесе шарт қойылды ма?  «Былай болса, тағдырың былай болады. Болмаса, былай болады» деген сияқты.

– Басында бірінші тергеу кезінде де айтты. «Мы тебя сделаем пособником, пойдешь вместе с ними» деп сол кезде де айтты, коридорда да айтты.

– Нақты кім айтты?

– Идрисов.

– Сол кездегі тергеуші ғой?

– Иә.

Саян Жүнісбаев, адвокат: «СМП-610» ЖШС туралы. «Мердігерлік шарт бойынша графиктен қалып қалатын» дедіңіз. Сол жерде қызмет атқарып жатқан кезде банктегі есепшоттарының бұғатталып қалуы болды ма? Естідіңіз бе?

–  Иә, болды.

–  Не себептен екенін білесіз бе?

– «Астана банкінің» жабылуы себеп болып, сол жерде 500 млн теңге «заморозка» болып қалды.

– Салық органдарымен мәселе болды ма?

– Есімде, күзде ме, жазда ма, бізге баса көктеп кірді. Қарағанды облысының ДГД басқармасының – салық органдары. Бір топ. Есіктерді жауып алып, «протокол, санкция бар, обыск жасаймыз, барлық заттай айғақтарды аламыз» деп, компьютер бәрін алып кетті, екі кабинетті қопарып кетті. Сондай жағдай болды.

– Одан кейін сол ДГД-ға сізді шақыртты ма?

– Шақыртты, повестка келді, мен барған жоқпын.

– Шаймерденовті шақыртқанын естідіңіз бе?

– Шақырды, барлығын шақыртты, Шаймерденовті де.

– ДГД-ның негізгі көтерген мәселесі не болды?

– Қаулысын оқығанымда, «СМП-610» ЖШСмен бірнеше фирма арасында «обналичивание» болған деген себеп.

–  Түсінікті. Одан кейін 2018 жылдың күз айларында, жылдың аяғында, 2019 жылдың басында ДГД осы іске байланысты сіздерді қайтадан шақыртты ма? Бір мәліметтер белгілі болды ма?

–  Бір-екі рет шақыртты. Мен барған жоқпын.

– Шаймерденовтен сұрадыңыз ба, ДГД бойынша мәселе не болып жатыр деп?

– Компьютерлерді қашан алып келеді деп сұрадым. «Да, іс барысында шешеміз» деді. Сен допросқа бардың ба деп сұрағанымда, «да, маған бәрібір, с друзьями раскидаюясь» деп айтқан.

– Кімді айтып тұр?

– Оны білмедім.

– Енді айтыңызшы, жаңағы жауабыңызда шет-жағасын естіп қалдым. Шаймерденов бұрын қаржы полициясы қызметкері болған. «Ондағы қызметкерлер бұрынғы достарым деп айтты» дедіңіз. Сізге шынымен де «қажет болса, сізді жұмысқа орналастырамын» деп айтты ма?

– Иә. Маған екі-үш рет айтты. «Қаласаң, финполға орналастырамын, айлығы 400-500 мың  теңге деп айтты.

– Сіздің және өзіңіздің  отбасыңызға қауіп төніп тұр дедіңіз. Осы зот залынан шыққаннан кейін, әрі қарай сіздің жеке басыңызға, отбасы мүшелеріне қауіп төнуі мүмкін деп санайсыз ба?

–  Мүмкін. Оны да ойлап жүрмін. Өзім үшін жауап беруге шамам жетеді, кім болса да, қалай болса да. Тек шешем үшін, кішкентай балам үшін қорқамын. Солар үшін алаңдаймын. Өзім үшін емес, отбасым үшін қорқамын. Егер оларға бірдеңе болса, мен өзіме жауап бермеймін.

Мәкіш Есқараев, адвокат: Құрметті куә, жаңа уатсапқа хаттамаларды жіберді деп айттыңыз. Сол телефоныңыз өзіңізбен бірге ме?

– Астында, жәшікте.

– Құрметті сот, бізде өтініш бар. Куәгер соткасын алып, номерін, қай күні, қай уақытта екенін көрсетсе. Өзінің жауабын дәлелдеу үшін.

Саян Жүнісбаев, адвокат: Құрметті сот, жаңа ғана куәнің жауабында айтып отырған скриншот материалдарын іске тіркеу жөнінде өтініш жариялаймыз. Келген хабарламалардың уақыты, күндері скриншотқа түспей қалған. Соны анықтау мақсатында телефонын қарауға ұсынсақ.

Судья: Біріншіден скриншоттарды тапсырсын. Өтініш-арыздар түсіру үшін оны заң талаптарын сәйкес жасаңыздаршы. Басқа сұрақтарыңыз бар ма?

Ерлан Макенұлы, адвокат: Құрметті куә Асылжан, Ислам Алмаханұлының қасындағы Серік Адамұлы Түкиевті танимын деп отырсыз. Қай кезден бастап танисыз?

Асылжан Жампозов, куә: Бұл кісімен кафе «Монакода» таныстым.

– Оның алдында Серік Түкиевпен таныс болдыңыз ба?

–  Жоқ, таныстығым жоқ.

– «Монакодан» соң бүгінгі күнге дейін неше рет көрдіңіз?

– «Рэдиссонда» көрдім. Болды.

– Оның алдында басқа жұмыстармен, белгілі бір себептермен кездеспедіңіз бе?

– Жоқ.

– Сол «Монакода», «Рэдиссонда» кездесу барысында Серік Түкиевтің атынан сізге қандай да бір сөздер, ақпараттар айтылды ма?  Немесе өтініш?

– Бір-ақ өтініш болды, далаға шыққан кезде, Азамат кетіп қалғаннан кейін. «Азаматты танисың ғой, бір-екі күннен кейін менің өтінішімді есіне түсіре салшы» деді. Үлкен кісі айтқан соң, жарайды дедім.

– Қандай өтініш?

– Білмеймін. «Азаматқа осы жердегі әңгімемізді, демеушілік көмек жайлы есіне түсіре салшы, ұмытып кетпесін»  деді. Сол. Толық есімде жоқ.

– «Демеушілік көмек» деп айтып отырсыз. Азаматтың берейін деп отырған демеушілік көмегі жайында Серік Түкиевтің тарапынан Азаматтан талап ету не болмаса қысым көрсету, демеушілік көмекті қысым көрсету арқылы міндеттеп жүктеп, басқа жолдармен талап ету амалдары болды ма?

– Жоқ, өйтіп ешкім қинаған жоқ.

– Сіз Азаматпен бірге жұмыс істедім деп отырсыз. Яғни, сіз Азаматты Серік Түкиевтен бұрын танисыз. Дұрыс па?

–  Иә.

– 2017 жылдан бастап бірге жұмыс істегенсіз. Азамат жұмыс істеу барысында сізге «Түкиев Серік деген маған қысым жасап жатыр, демеушілік көмек бермесең, күш қолданамын иә басқа әрекеттер жасаймын деп жатыр» деп, сондай әңгімелер айтты ма сізге?

– Жоқ, ондай әңгіме айтқан жоқ.

Хатшы: Құрметті сот, кешірім сұраймын, аудио жазылып жатыр. Бірақ видео тоқтап қалды. 5-10 минут үзіліс керек.

Адвокаттар: Куә қай жерде болады?

Судья: Сот приставы, куә сіздің қасыңызда отырсын.        

ҮЗІЛІС КЕЗІНДЕ:

Үзіліс ұзаққа созылды. Хатшы түскі үзіліс жариялады.

Марат Адамов, қорғаушы. Сот барысында сот өзі келіп, түскі үзіліс жариялауы керек. Қанша уақытқа, қашанға, не үшін? Себебін айту керек. Қазір оның орнына хатшы айтып жатыр. Олай болмайды. Ол заң бұзғаны. Бізде күдік туып жатыр, айыптаушы жақтың куәгері біздің пайдамызға сөйлей бастаған кезде бейнетаспа істемей қалды, үзіліс жариялап шығарып жіберді. Заң бойынша хатшы арқылы емес, сот өзі келіп үзіліс жариялауы керек. Сондықтан, хатшы, сіз заңды бұзбаңыз. Айыптау жағының куәгері біздің пайдамызға шындықты айтып жатқан кезде бейнетаспасы істемей қалды. Бұл бірінші мәрте емес. Өткенде де болған осындай жағдайлар. Неліктен осындай залда бейнетаспалар қайта-қайта бұзыла береді? Күмәнді нәрсе. Бұл жиналыс емес, сот мәжілісі. Білдей екі бірдей нар тұлғаның тағдырлары шешіліп жатыр.

Ислам Әбішев: Бұл айыпталушы жақтың куәсі, біздің куә емес. Қандай шындықты айтқандығын естідіңіздер. Ол ұлттық бюроның нағыз арғы беті. Дәл осындай іспен бір емес, бір триллион ақша үнемдеуде атпалдай екі азаматымнан, екі досымнан айырылдым. Мемлекеттің ақшасын үнемдеуде басынан аяғына дейін көмектескен екі мықты маманнан айырылдым. Біріншісі – жалаға шыдамай, заңсыздық белең алып кеткеніне қоғамның назарын аудару үшін өзін-өзі өлтірген Жампозов Өмірбек. Одан кейін алты айдан кейін  «Казводхоз» Алматы облыстық филиалының директоры Сейілхан Мұхамадиев те өзін-өзі өлтірді. Екеуі  де менімен қатарлас еді. Міне, енді үшіншісі мен. Сөйтіп экономистерге нүкте қойса болады. Міне, сіздер бүгін мемлекет қаржысын ойлайтын адамдардың көзін «кәсіби» түрде қалай жоятынын көріп отырсыздар.  Екеуі де өмірде жоқ болса да, олар өздерінің адалдығын дәлелдеу үшін өлсе де, олардың үстінен қозғалған іс «по нереабилитирующим причинам» деп істері тоқтатылды, ақтамады. Бүгінгі куәгер Жампозов сол Өмірбек Жампозовтың ұлы. Мен іс материалдарымен танысқанда жағамды ұстағанмын. Таңғалған едім. Оның протоколдағы сөзіне алғашында сенбегем, соңына дейін сенбедім. Неге олай айтқанын білмедім. Себебі, әкесі соңғы хатын отбасына және маған жіберген. Оның мен жайлы солай айтқанына, маған жала жауғанына таңғалған едім. Міне, бүгін шындық осы жерде ашылды. Осы соттың болғанына қуаныштымын. Маған 10-15 жыл берер, өйткені осыған дейін «Жампозов ісі» бойынша сотталғандардың бәріне солай берді. Ол істе бәрі бұдан да айқын, «ақ жіппен тігілгендей» анық еді. Ешкім ештеңеге қараған жоқ. Тірі болсам, осы екі істі міндетті түрде қайта көтеремін, тірі болсам, сол екі азаматты – Жампозов пен Мұхамадиевті ақтауға қол жеткіземін, олар үшін соңына дейін күресемін.

Ислам Әбішев: Осында таспаға түсіріп жүрген журналистер, сіздерде интернет істемей қалып, түсірілім үзілді ме? Жоқ. Ал мынадай ең озық техникамен жабдықталған залда, куәгерлер шындықты айта бастаса болды, техникалары істемей қалады. Өткенде айыптау жағының куәгері Шындәулетов те істің мән-жайы бойынша бар шындықты айтып, біздің пайдамызға куәлік ете бастап еді, ол кезде де тезника бұзылып қалды. Бүгін де сол. Жампозов шындықты айта бастап еді, тағы сол.

Хатшы: Орындарыңыздан тұруларыңызды сұраймын.

Судья (келді): Сот хатшысы, не болды?

Хатшы: Сот мырза, кешірім сұраймын. Техникалық ақауға байланысты компьютер тағы да өзінен-өзі өшіп қалды.

Судья: Техникалық қызметкерлер, не боп жатыр?

Бағдарламашы (программист): Жүйеде сбой боп тұр.

Судья: Қанша уақыт керек сіздерге? Сағат 15.00-ге дейін орнына келтіре аласыздар ма?

Бағдарламашы: Иә.

Судья: Онда 15.00-ге дейін үзіліс жасаймыз.

Абзал Құспан, адвокат: Кешіріңіз, құрметті сот, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 97 бабының талаптарына сәйкес, бүгінгі куәге байланысты, бұл куә жай куә емес, тегін куә емес, бұл айыптау жағының ең басты куәсі. Бүгінгі жауабын өзіңіз естіп отырсыз, біріншіден, алдыңғы берген жауаптарының бәрінен бас тартты. Екіншіден, «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ұлттық бюросы қызметкерлерінің үстінен, олардың қысым жасағандығы туралы оларға қарсы мәлімдеме жасады. Сағат 15.00-ге дейін біз бұл куәге тағы да қысым жасала ма деп қорқамыз, өйткені қысым бүгінге дейін жалғасып жатыр деп өзі айтты. Қазір үзілісті пайдаланып, ұлттық бюро қызметкерлері қысым жасауы мүмкін деп есептейміз. Куәге қауіпсіздік шараларын қолдануыңызды сұраймыз.

– Сот приставы, біз куәгерді әлі сұрап біткен жоқпыз ғой. Куәгер, сізден толық жауап алмаған себептен қазір сот приставы қасыңызда болсын. Сот приставы, осында бірге түскі ас ішіп, қасында болыңыз. 15.00-ге дейін үзіліс.

ҮЗІЛІСТЕН КЕЙІН:

Судья: Сот отырысын ары қарай жалғастырамыз. Куәгер қайда, шақырыңыз. Адвокат, жалғастыра беріңіз.

Марат Адамов, адвокат: Жампозов, сіздің мәлімдеуіңізше, «Монако» кафесі мен «Рэдиссон» қонақ үйіндегі кездесу барысында «демеушілік көмек» туралы Серік Түкиев айтты ғой. Солай ма? Сізді дұрыс түсіндім бе?

– Иә.

– Өзге әңгімелерді естідіңіз бе? Серік Түкиевтің тарапынан Азамат Шаймерденовке талап ету, қысым көрсету, мәжбүрлеу сияқты сөздер болды ма?

– Жоқ.

– Басқа сұрағым жоқ.

Судья: Қосымша сұрақтарыңыз бар ма?

Прокурор: Жаңа сіз қорғаушылардың сұрағына жауап бердіңіз, «демеушілік көмек» туралы әңгіме болды дедіңіз.  Сол әңгімелердің арасында Әбішев болды ма?

– «Рэдиссонда» болды ғой ол әңгіме. Ислам Алмаханұлы, Серік Түкиев, Азамат Шаймерденов төртеуміз болдық қой.

– Сонда, дұрыс түсіндім бе, Ислам Алмаханұлы да сол «демеушілік көмек» туралы әңгімені қозғады ма?

Асылжан Жампозов, куә: Бірге әңгімелесіп отырды. «Уәдеңді орындайсың ба?» дегендей әңгіме болды.

– Уәдені кім берген?

– Менің түсінігімше, Азамат Шаймерденов.

– Сол сұрақтарды Әбішев айтты ма?

– «Әй, бала» деп айтты Азаматқа. «Сен менің атымды жамылып, ақша алып жүр екенсің, өзіңнің мәселелеріңді шешіп жүр екенсің, менің атыма кір келтіріп жүр екенсің ғой. Сен өз шаруаларыңды істей бер, маған ештеңе керек емес. Қалағаныңды істе, жағдайыңды істе. Менде құдайға шүкір, бәрі бар. Тек уәде берген нәрсеңді орындасайшы» деген сияқты  әңгіме айтты. Нақты есімде жоқ көп нәрсе.

Прокурор: Құрметті сот мырза, бағана мен айтып кеткенімдей, жауап беру барысында қылмыстық кодекстің 372-ші бабына сілтеме жасап, куә Жампозовтың бүгін «жауабында айтылған хаттаманың кейбір мәліметтерімен толықтай келіспеймін» деген жауап берді. Сол себепті, соны анықтау үшін хаттаманың үзіндісін жариялап кеткім келіп отыр.

Мәкіш Есқараев, адвокат: Біріншіден, «хаттамада көрсетілген жауаптарды куә берген жоқпын» деп жауап берді. Екіншіден, ол жауаптарды бермегендігі уатсаптағы нөміріне әр хаттаманы жіберіп, «мынаны оқып, жаттап алып, сотқа барып айтып бер» дегені дәлел. Бұл кісінің ол хаттамалардағы жауапқа қатысы жоқ.  Оны бағанадан бері айтып отыр. Біз содан кейін ұсыныс жасадық. Уатсаптан келген хаттамаларды кімнен келгенін, соның бәрін зерттеп алайық дедік. Егер, прокурор мына хаттамаларға сілтеме жасағысы келсе, хаттамадағы жауаптарды заңды түрде, қылмыстық-процессуалды кодекстің бұзылмай алынғанын дәлелдесін. Одан кейін барып хаттамаға сілтеме жасай берсін. Ондай дәлел жоқ. Қазіргі таңда  хаттамалардың заңсыз екендігі толық анықталып тұр.

Ерлан Мәкенов, адвокат: Толығымен қосыламыз, прокурор ол хаттамаларға сілтеме жасай алмайды.

Саян Жүнісбаев, адвокат: Құрметті сот, қылмыстық кодекстің 372-ші баптың жауаптарына сәйкес, сотқа берілген жауап пен тергеу кезінде берілген жауаптың арасындағы  қарама-қайшылықты жою үшін жарияланады. Енді біз қоғаушы тарап бағанадан бері сұрақтардың бәрін қойдық, қарама-қайшылық анықталды. Оның себебін де сізге ашып берді. Себебі, «ұлттық бюро қызметкерлерінің қысымшылық көрсетуіне байланысты сол хаттамаларға қол қойдым, соған мәжбүр болдым. Төрт хаттамада берген жауабымды қолдамаймын, осы сотта берген жауабымды қолдаймын» деді. Бұдан кейін прокурор қандай қарама-қайшылық себебін анықтағысы келеді?

Судья: Түсінікті. Сот хатшысы, мынаны куәгерге көрсетіңізші. 16 том 40-44 беттер. Қол соның қолы ма екен? Куәгер, сіздің қолдарыңыз ба?

Асылжан Жампозов, куә: Иә.

 

Адвокат:

Ислам Әбішев ел-жұрттың      алдында толық ақталды

 

                                                                                           

 

Сәуле Әбединова

 

30 қазан 2019 жыл.

Астана (Нұрсұлтан) қаласы.

Ауданаралық мамандандырылған сот. («Әскери сот» ғимараты)

Сағат 10.00

ҚР Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының бұрынғы президенті Ислам Әбішевтің және  федерацияның бұрынғы вице-президенті Серік Түкиевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы ары қарай жалғасты.

Сот құрамы:

Судья – Қ.М.Мекемтас

Сот хатшысы – С.С.Мәлік

Прокурор – С.Ш.Сүлейменов

Адвокаттар – А.Т.Құспан, Е.М.Макенов, А.А.Абдрахманов, С.Жүнісбаев, М.Есқараев.

Қоғамдық қорғаушылар – Е.А.Әбішев, Г.И.Әбішева, М.Ислам, Адамов, Түкиев.

Аудармашы – А. Қазыбекқызы.

Сот приставы –

(Жалғасы)

 

Судья: Қорғаушы адвокаттар, бұған баға беруге прокурордың құқығы бар. Сол себепті сұрай беріңіз.

Прокурор: 16-шы том, куәден жауап алу 40-шы беттен басталып, 45-ші беттен аяқталады. Куәден жауап алу хаттамасы. Куә мырза, тергеушінің: «Әбішев пен Шаймерденовтың ара-қатынасы жайлы сізге не белгілі, олар жиі кездесті ме, қай жерде, қандай мақсатта кездесті?» деген сұрағына сіз былай жауап беріпсіз: «Менің білетінім, олардың арасында іскерлік қарым-қатынас болды. Әбішев тапсырыс беруші тараптың өкілі, ал Шаймерденов тапсырыс орындаушы «СМП-610» ЖШС-нің өкілі болды. Менің көргенім, олар «Казводхоздың» жиналыстарында, сондай-ақ «Рэдиссон» қонақ үйінде, шамамен, 2019 жылы қаңтар айының соңында кездесті». Осы жауабыңызды растайсыз ба?

– Иә. Бірінші протоколда болды.

– «При этом хочу дополнительно сообщить, что Абишев Ислам Алмаханович говорил мне, что планируют получить денежные средства за предоставление его друзьям тендера по Соколовскому групповому водопроводу». Мұндай жағдай болды ма?

– Бұл абзац бірінші протоколдағы менің жауабымда мүлде болған жоқ.

– Растамайсыз ба?

Судья: Қай жері, қай абзац?

– 2, 3, 4 абзацтар мүлде болған жоқ ол жерде.

– 2, 3, 4 абзацтар болған жоқ дейсіз иә?

– Мен ол протоколды да соңына дейін оқыған жоқпын.

Прокурор: Мен тағы үзінді жариялайын, сосын сіз айтыңыз, растайсыз ба, растамайсыз ба: «Так эти события мне стали известно примерно 14 или 15 декабря 1918 года, когда Абишев Ислам Алмаханович где-то в 23 часа позвонил мне на сотовый телефон и попросил приехать в гостиницу «Риксос-Астана» по улице Конаева. Когда приехал по его просьбе, Абишев Ислам Алмаханович в туалете на первом этаже начал интересоваться у меня о личности Шаймерденова. Когда я спросил у него, зачем ему нужны эти данные, тогда Абишев мне сказал, что хочет получить у Шаймерденова денежные средства 120 миллионов теңге за представление его друзьям тендера по Соколовскому групповому водопроводу. По следующим я понял, что друзьями Шаймерденова являются представители ТО «Қазбайлық-Астана». Бұл жауабыңызды растайсыз ба?

– Ондай болған жоқ.

– Растайсыз иә?

Судья: Прокурор, нешінші абзац?

– 4-5-6 абзац.

Асылжан Жампозов, куәгер: «Қазбайлық» деген сөзді мен бірінші рет тергеушіден естідім.

Прокурор: Қазір айтасыз. «В январе текущего года Абишев вновь позвонил мне на сотовый телефон и попросил пригласить на встречу в гостиницу «Рэдиссон» Шаймерденова. В тот же день я связался с Шаймерденовым и передал, что завтра в гостинице «Рэдиссон» в 14 часов с ним хотят встретиться көкешки, «көкешки» я имел в виду Абишева, так как Абишева не официально называл Шаймерденов. На следующий день Шаймерденов и я приехали в указанную гостиницу, где стали ожидать Абишева в ресторане на первом этаже в зале для курящих. Спустя некоторое время приехал Абишев с супругой и с дочерью, а так же Тукиев. Супруга с дочерью остались в холе, а мы прошли за стол в ресторане. Сидя за столом Абишев начал упрекать Шаймерденова в том, что пошли слухи о том, что его купили. В свою очередь Шаймерденов говорил, что никому никакую информацию о его взаимоотношениях с ним не расскрывал. После этого Абишев начал узнавать, по какой причине он затягивает передачу денег Туикеву. Как я понял, речь шла о той самой спонсорской помощи федерации «Қазақ күресі». В ответ Шаймерденов говорил о том, что вопрос о представлении спонсорской помощи затягивают представители ТО «Қазбайлық-Астана». Когда Абишев дал Шаймерденову срок до 1 февраля текущего года,  и сказал, что в случае, если вопрос с деньгами не решится до  указанного дня, то он секвестирует расходы по Соколовскому групповому водопроводу. В свою очередь Тукиев так же добавлял, что ему срочно нужны деньги». Осы жауап бойынша не айта аласыз? Осы оқиғалар болды ма?

– Мен сізге тағы да қайталап айтамын, бұл протоколды өзгертіп, өзі жазып отырды. Сам следователь сочинял. Айтып тұрмын ғой, мына протокол мүлде басқа болған. Мұнда жазылған тергеу протоколдарының бәрін тергеуші жасады.

– Жаңа мен жариялаған жауабыңыз сіздің жауабыңызға ішінара сәйкес келеді ғой?

Мәкіш Есқараев, адвокат: Құрметті сот, қарсымын. Прокурор, сіз нақтыласаңызшы, «келдіңіз бе? Иә, жоқ. Былай деп айтты ма? Иә, жоқ. былай істеді ме? Иә, жоқ». «Ішінара» дегенге біз қалай баға беруіміз керек? Сіз хаттаманың бір бетін оқып шықтыңыз. Оның «ішінара» қайсысымен келіседі, қайсысымен келіспейді?

Судья: Адвокаттың қарсылығын сот қабылдайды. Прокурор мырза, сіз оқыған кезде мынамен келісесіз бе, мынамен келіспейсіз бе, солай сұрасаңызшы, әр сөзін.

 (Жалғасы бар...)

Сот барысын хатқа түсірген Сәуле Әбединова,

Қосымша: Abai.kz ақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір алмастыруға әркім құқылы. Жоғарыдағы спикердің пікірі редакция ұстанымын білдірмейді. Алдағы уақытта мақалада есім-сойлары аталған жекелеген азаматтар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірін беруге әзірміз. 

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер