«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Адвокат: Ислам Әбішев ел-жұрттың алдында толық ақталды
Адвокат: Ислам Әбішев ел-жұрттың алдында толық ақталды
Дайындаған: 4 апта бұрын

Сәуле Әбединова

 

30 қазан 2019 жыл.

Астана (Нұрсұлтан) қаласы.

Ауданаралық мамандандырылған сот. («Әскери сот» ғимараты)

Сағат 10.00

ҚР Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының бұрынғы президенті Ислам Әбішевтің және  федерацияның бұрынғы вице-президенті Серік Түкиевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысы ары қарай жалғасты.

Сот құрамы:

Судья – Қ.М.Мекемтас

Сот хатшысы – С.С.Мәлік

Прокурор – С.Ш.Сүлейменов

Адвокаттар – А.Т.Құспан, Е.М.Макенов, А.А.Абдрахманов, С.Жүнісбаев, М.Есқараев.

Қоғамдық қорғаушылар – Е.А.Әбішев, Г.И.Әбішева, М.Ислам, Адамов, Түкиев.

Аудармашы – А. Қазыбекқызы.

Сот приставы –

Ислам Алмаханұлы Әбішевке ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігі бойынша «пара алуға оқталды» деп, ал Серік Адамұлы Түкиевке ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 366-бабы 3-бөлігі 1,3 тармақтары бойынша «пара алуға көмектесті» деп айып тағылып отыр.

Екі азаматты қолдауға жиылған халықтың саны елуге жуық. Бұған дейін бірнеше куәден жауап алынды...

Судья: Сот залында сұралмаған куәгерлер бар ма?

Адвокаттар: Қорғау тарапынан жоқ.

Судья: Сот басталар алдында өтініш-арыздарыңыз бар ма?

Прокурор, адвокаттар, сотталушылар: Жоқ. Әзірге жоқ.

Судья: Сотқа куәгер келіп отыр. Куәні шақырыңыздар... Аты-жөніңіз кім

Куә: Жампозов Асылжан Өмірбекұлы.

– Қай іс бойынша сотқа шақырылып отырғаныңызды білесіз бе?

– Иә.

(Сот куәнің құқықтарын түсіндірді. Куә ант қабылдады).

– Мемлекеттік айыптаушы, сұрай беріңіз.

Прокурор: Мынадай сұраққа жауап беріңізші. 2017-2018 жылдар аралығында «СМП-610» ЖШС-не қандай қатысыңыз болды? Сол жерде қандай да бір лауазым атқардыңыз ба?

– 2017 жылдың соңында сол жерге жұмысқа кірдім. Заңгер болдым. Ол кезде басқарушы португалиялық болды. 2018 жылдың наурызында ма, сәуірінде ме, португалиялықтар кетіп қалды. Көп ұзамай Азамат Шаймерденов директор болды. Мен бір ай ішінде жұмыссыз жүргенімде мені Азамат Шаймерденов қайтадан жұмысқа шақырды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысының орынбасары қызметін атқардым.

– Сіз сол лауазымда болғанда «СМП» қандай жұмыстар атқарды? Қандай бизнес түрімен айналысты?

– Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысты.

– Солтүстік Қазақстан облысындағы «Пресноводск» топтық су құбырын қайта жөндеу туралы не айта аласыз? Оның сіз атап кеткен серіктестікке қатысы бар ма, жоқ па? «СМП-610» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сол жұмысты атқарып бітірді ме? Атқарған жоқ па? Қандай мән-жай бар?

– Менің ол жобаға аса қатысым болған жоқ. «Жұмысты қалай атқарды?» деген сұрағыңызға келсем, жұмыс дұрыс орындалған жоқ, графиктен қалып қойды, сол себепті келісімшартты бұзды.

– Егер сіз айналыспасаңыз, онда жоба бойынша кім айналысты?

– Азамат Шаймерденовтің өзі. Сосын субподрядчиктер.

– Азамат Шаймерденов осы нысанмен айналысу барысында жұмыс барысы туралы сізге қандай да бір мәліметтер айтып отырды ма?

– Ол аса көп ештеңе айтқан жоқ.

– Сотталушы Ислам Әбішев пен Серік Түкиевті танисыз ба?

– Танимын.

– Азамат Шаймерденов Әбішевпен қарым-қатынасы туралы бірдеңе айтты ма? Не мәлім сізге?

– Іскерлік қарым-қатынаста болды. Азамат Шаймерденов бас мердігер болды, Ислам Әбішев – тапсырыс беруші.

– Шаймерденов Азамат Ислам Алмаханұлына ақша туралы, қарыз ба, басқа да бір мән-жайлар туралы айтты ма сізге?

– Протоколда айтқанмын, «2014 жылы Әбішевке 1 млн доллар бердім» деген.

– Не үшін бергенін айтты ма сізге?

– Жоба үшін бердім деген сияқты...

– «Жоба үшін» дегенді қалай түсінуге болады?

Мәкіш Есқараев, адвокат: Құрметті сот, Жампозов «хаттамада айтқанмын» деді. Прокурор соны анықтап сұрап алу керек қой, қандай хаттама?

Прокурор: Құрметті сот, ол жауап берген жоқ менің сұрағыма.

Судья адвокатқа: Бірінші жауап беріп алсын, сұрағыңызды кейін қоясыз. Прокурор, сұрай беріңіз.

Прокурор куәға: Хаттамаға тоқталмай-ақ қойыңыз. Қазір білетін нәрсеңізді ғана айтыңыз. Хаттамаға артынан келеміз. Сіз бағана миллион доллар туралы айтып кеттіңіз. Шаймерденов Әбішевке бергені туралы, «шарт үшін» деп айттыңыз. Осы жерде нақтылаңызшы, не шарт? Шарт жасасу үшін бе, әлде басқа бір мән-жай ма? Сол туралы айтып кетсеңіз. Сізге ол туралы Шаймерденов айтты ма?

– Ол маған қысқаша айтқан. Қазір, есіме түсіріп оқиын. (қолындағы протоколға қарады).

– Жоқ, оқымаңыз. Алып тастаңызшы хаттамаңызды. Мен сізден білетін нәрсеңізді сұрап отырмын.

– Ол айтты, якобы, «жоба үшін 1 миллион 200 мың доллар бердім» деді.

– Сіз қазір Шаймерденовтің сөзін айтып отырсыз иә?

– Иә.

– Енді 2018 жылдың аяғына, 2019 жылдың басына келейік. Осы кездері сотталушылар Әбішев, Түкиев және Шаймерденовтің арасында сіздің қатысуыңызбен қандай мән-жайлар болды? Сол туралы айтып кетсеңіз.

– Бұл туралы мен тергеу барысында тергеушіге айттым, хаттамада бар. «Монако» кафесінде және «Рэдиссондағы» кездесу туралы.

– Сол «Монакоға» тоқталайық. Онда не болды? Кім кімге хабарласты? Қандай кездесу, қашан болды?

– 15 желтоқсанда болды. Мен келдім. Столға отырдық. Ислам Әбішев Азаматты шақыруымды сұрады. Шаймерденовке хабарластым, ол 40 минуттан кейін келді. Әдеттегідей отырыс. Азаматқа «штрафной» деп, үш стакан арақ құйдық. Мас болып қалды. Барлық мән-жайларға мән берген жоқпын, есімде де жоқ. Ол жерде жас болғаннан кейін қонақтарға қызмет етіп жүрдім. Шамалы уақыттан кейін Азамат қайтамын дегесін, шығарып салдым. Жанымда Серік Түкиев болды. Сыртта темекімді тарттым да, ішке кіріп кетім.

– Далаға шыққан кезде не болды? Далаға нақты кім-кім шықты?

– Мен, Серік Түкиев және Азамат Шаймерденов шықты. Мен де, олар да темекі шекті. Олар сөйлесіп жатты, мен естіген жоқпын. Дала қатты жел, аяз болды, мен жеңіл жейдемен болғасын темекіні жартылай шегіп, ішке кіріп кеттім.

– Сосын не болды?

– Ішке кірдім. Отырыс әрі қарай жалғасты.  12-ге таман тарқадық.

– «Рэдиссон» жайлы да толығырақ айтып кетсеңіз. Қашан болған? Не болды? Қандай мән-жайлар болды?

– Протоколды жақында қарап көрдім.

– Сіз өзіңіздің көргеніңізді айтыңыз. Сол жерде не көрдіңіз?

– «Рэдиссонға» мен, Азамат Шаймерденов, Ислам Әбішев, Серік Түкиев келдік. Ішке кіріп отыра бергенімде, көліктен қағаздар алып келу үшін жұмсады. Барып, жүргізушімен амандасып, қағаздарды алып, ішке қайтіп кіргенімде олар сөйлесіп отырды. Маған қатысы болмаған соң, аса қатты назар аудармадым.

– Ол кездесудің себепкері кім болды? Кім кімді шақырды? «Рэдиссонға» сізді біреу шақырды ма?

–  Бір күн бұрын Ислам Алмаханұлы звондап, Азаматты сол жерге сағат 2-ге шақыршы, сонда келіңдерші деген. Сонда болдық.

– Кім болды, нақты айтып кетіңізші.

– Мен болдым, Ислам Алмаханұлы, Серік Түкиев және Шаймерденов.

– Ол жерде не туралы не әңгіме болды?

– Ол жерде Ислам Алмаханұлы Азаматқа: «Сен менің атымды жамылып, атыма кір келтіріп жүр екенсің ғой. Сен өз шаруаңды істей бер. Не істейсің, оны  істе, жағдайыңды істе. Маған ешнәрсе керек емес. Менде, құдайға шүкір, бәрі бар. Маған ештеңе керек емес. Тек уәде берген нәрсеңді орындасайшы» деген сияқты  әңгіме айтты.

– Тағы не әңгіме болды?

– Есімде жоқ, шынымды айтсам. Сөйтіп айтып жатқан кезде, бір келіншек келіп қалды. Бізге «шыға тұрыңдар» деді. Азаматқа «давай, жақсы, жолың болсын» деді. Азаматты шығарып салуға далаға шықтық. Олар темекі шегіп тұрып, сөйлесті. Мен жандарынан 5-10 метрдей кетіп, телефонымды қарадым, темекі шектім. Хаттарға жауап бердім. Сосын жандарына келдім. Не айтқандары есімде жоқ. Сосын Азамат қайтып кетті.

–  Сіз есімде жоқ деп жатырсыз. Есіңізге түсіріңізші, не болды? Бүкіл әңгімелерді естідіңіз ғой?

– Біраз уақыт өтті ғой. Есімде жоқ. Ол нелерді маған тергеуші көрсеткен. Тергеуші маған айтқан, бірінші протоколды жазған кезде. «Сені солармен «сообщник» етемін, солармен бірге барасың. Есіңе түсір» деді. Мен ол кезде қорқып кеттім. Өзім үшін, шешем үшін, балам үшін қорықтым. Мені қамап тастаса не болады деп. Шешемнің онсыз да, әкем қайтыс болғалы бері, денсаулығы нашар. Қолымда балам тұрады. Өзім ажырасып кеткенмін. «Біз сені «пособник» қыламыз, жауып тастаймыз. Біз айтқанды орында» деп айтты да, протоколды толтырды. Сол кезде маған қағазды көрсетіп, қара деді. Менің есімде жоқ, қатты қобалжып кеттім. Айтқан сияқтымын, бірақ ол сөздер шын мәнінде есімде жоқ.

– Көрсетті деп отырсыз, хаттамаларды. Сол кезде көрсеткен документтер сәйкес келді ме айтқан сөздеріңізге?

Мәкіш Есқараев, адвокат: Прокурор, біріншіден, қандай документ екенін айтсаңызшы. Мынадай документ па, қай документ деп сұрасаңызшы. Біз қандай документ көрсеткенін қайдан білеміз?

Судья: Тұра тұрыңыздар!.. Сіз сілтеме жасап сұрасаңызшы, қандай құжат, жарай ма?

Прокурор: Өзім айтпай, куәнің айтқанын қалап отырмын. Сонымен,  Асылжан Өмірбекұлы, «есіме түсіре алмадым» дедіңіз бе? «Сигара бар»  дедіңіз. Іші үлкен бе, кішкентай ма? Адам сөйлейтін болса, бәрі естіле ме?

– Естіледі.

Мәкіш Есқараев, адвокат: Құрметті сот, бұл сұрақты алып тастауыңызды сұраймын. «Адам сөйлесе естіле ме?» деген сұраққа куә болжам ретінде ғана жауап бере алады. Кімге қалай естіледі, бұны айта алмаймыз.

Судья: Тұра тұрыңыз. Бірінші жауап берсінші.

Асылжан Жампозов, куә: Ол жерде қарсы тұрған адам қалай сөйлесе, солай естіледі. Адамдардың даусы естіліп тұрды, бірақ ешнәрсеге мән беріп тыңдап отырған жоқпын.

Прокурор: Ол жерде кім кіммен сөйлесті?

– Әбішев пен Шаймерденов.

– Екеуінің арасындағы әңгімеге Түкиев араласты ма?

– Есімде жоқ. Бағана «қағаз әкелдім» дедім ғой, сол қағазды қарап отырғанмын.

– Құрметті сот мырза! ҚР Қылмыстық кодекстің 372 бабын басшылыққа ала отырып, менің ойымша қазіргі куәнің жауабында қарама-қайшылық бар, сотқа дейінгі берген жауабына қарағанда. Сондықтан куәге қазір бір-екі нақтылайтын сұрақ қойып, одан кейін сіздің рұқсатыңызбен, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезіндегі хаттамаға сілтеме жасап, үзіндісін жариялауға  рұқсат сұраймын.

 Судья: Біз бірінші куәгерді сұрап бітуіміз керек. Ондай сұрақтарыңыз болса, жазып алыңыз. Аяғында тараптардың бәрі сұрап болғасын, сіз сұрауға құқылысыз. Жарай ма? Ары қарай сұрай беріңіз.

Прокурор: Сіз секвестирование туралы бірдеңе естідіңіз бе?

Мәкіш Есқараев, адвокат: Секвестирование туралы қайда, қашан? Мектепте оқып жүрген кезінде ме? Мамандығы бойынша экономист пе бұл кісі? Жоғары оқу орнында оқып жүрген кезінде ме? Әлде, жұмыс істеп жүрген кезінде ме? Қай уақытта?

Судья: Адвокаттың қарсылығын сот қабылдайды. Сіз сұрасаңызшы, не, қашан, қай жерде, нақты сұраңызшы.

Прокурор: Құрметті сот, мен сұрағымды аяқтаған жоқпын. Нақтылайын деп отырғанмын. Қорғаушылар сөзімді бөліп отыр. Мен айтайын дегенім, бағанағы отырыстар кезінде «секвестирование» деген сөзді естідіңіз бе? Естісеңіз, не туралы әңгіме болды? Естімесеңіз, естімедім деп айтыңыз.

– Естідім.

– Толығырақ нақты айтып кетіңізші. Не туралы әңгіме болды? Кім-кімнің арасында болды әңгіме? Қай жерде болды?

– «Рэдиссонда». (Протоколға ұзақ үңілді). Ол сөз Әбішев пен Шаймерденов сөйлескен кезде болды. Бұл сұрақты маған тергеуші де қойды.

–  Жоқ, сіз естігеніңізді айтыңызшы. Кімнен естідіңіз ол әңгімені?

– «Секвестирование болады» деді ме, сондай бірдеңе айтты маған.

– Кім кімге айтты?

– Әбішев Шаймерденовке.

– Секвестирование болады деп айтты ма?

– Иә.

– Сосын? Оны неге айтты?

–  Шынымды айтайын, есімде жоқ. Оның бәрін маған тергеуші көрсетті. Жауабымның бәрі басында протоколда болған. Бірінші 26 наурыздағы протоколда болған.

– Хаттамада айтқаныңыздай, 26 наурызда тергеушіге жауап бердіңіз бе?

– Иә. Бірақ ол жауап мына жерде жоқ. Маған жібергеннен кейін өзім бәрін қарап шықтым да, өзім шошыдым, қорықтым.

– Тұра тұрыңыз. Тергеуші жауап алған кезде соңында жауапты оқып, хаттамаға қол қойдыңыз ба?

–  Қол қой деді, қойдым. Ол протокол 3-4 бет еді. Ал мынау басқаша. Мен түсінбедім.

– Бағана айтып кеттіңіз ғой, Шаймерденов пен Әбішевтің арасындағы қарым-қатынасты іскерлік қарым-қатынас дедіңіз. Айтыңызшы, «Монакода», «Рэдиссонда» кездестік дедіңіз, осы кездесулердің арасында ма, кездесуге дейін, не кейін, мүмкін кездесуге қатысы жоқ шығар, Әбішев сізден Шаймерденов туралы бірнәрсе сұрады ма? Қандай адам деп, болмаса басқа бір мән-жайлар туралы.

– Жоқ.

– Олар бір-бірін таниды дедіңіз иә?

– Танитын еді. «Монакода» кездескен кезде күліп-ойнап, дос ретінде сөйлесті. Ол жерде іскерлік әңгіме болды. Оған дейін талай кездескен, жиналыстарда. «Қалың қалай?» деп қол алысып амандасып, «жұмыс істеп жатырсың ба?.., иә істеп жатырмын» дегендей. (қолындағы қағазға қарап): Мен мына жерде түсінбей жатқан себебім, мен бұл түсініктемелермен (показание) келіспеймін.

– Қазір судьяның рұқсатымен жариялаған кезде, ол сұраққа жауап бересіз. Сот мырза, рұқсат етсеңіз, 372 бапқа сілтеме жасап, қарама-қайшылық болған себепті, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауабының үзіндісін жариялауға ұсыныс білдіремін.

Марат Адамов, қорғаушы: Қарсылық білдіремін, құрметті сот!

Судья: Тұра тұрыңызшы, а?!. Тұра тұрыңызшы... Прокурор мырза, сізге бағана айтып кеттім, бірінші куәні бәріміз сұрап алайық. Қарама-қайшылық болған жағдайларда жазып алыңыз, содан кейін сұраймыз. Басқа сұрағыңыз бар ма?

Прокурор: Әзірге жоқ.

Судья: Адвокат, сұрай беріңіз.

Абзал Құспан, адвокат: Құрметті куә, айтыңызшы, сіз жауап беріп жатқан кезде жауабыңызды мемлекеттік айыптаушы үзіп тастады. «Сіздің бұл секвистирование жайлы сұрағыңызды тергеуші де қойған» деп айтып қалдыңыз. Осы жерден бастап жалғаңызшы. Жауап ала алмай қалдым. Себебі, жауабыңыз үзіліп кетті.

Асылжан Жампозов, куә: Иә, ол сөзді естідім. Тергеушіге жауап бердім. Бірінші протоколда болған.

– Бірінші протокол деген қандай протокол? Дата бойынша айтсаңыз.

– Бұларды мен өзім уатсаптан келгеннен кейін реттеп алдым да, оқып шықтым. (Алдындағы қағаздарын қарап тұрып). Реті бойынша 1, 2, 3 деп белгілеп қойғанмын. Бірінші деп отырғаным – 26 наурызда болған тергеу. Ол мүлдем басқа еді. Себебі, ол «допрос» біткеннен кейін, Идрисовпен сөйлескеннен кейін, қол қой деді, қол қойып кеттім. Болды. Ойладым, «құдайға шүкір, бәрі жақсы, маған тиіспесе болды, мені «пособник» қып қамап тастамады, болды» деп ойладым да кеттім. Одан кейін 4 мамырда мені шақырды. 4 мамыр күні мені кабинетке апарған кезде Агибаев деген жаңа тергеуші отырды. Маған сұрақтар қойды. Маған таныс сұрақтар, бірінші тергеуде болған сұрақтар. Мен айттым, «бұл сұрақтар маған қойылды ғой» дедім. «Ол допросты қайта жасау керек. Дұрыс емес» деп айтты. Ол допрос біткеннен кейін, (қағазды көрсетіп) мына допрос сол, датасы тура сондай, 26 наурыз. «Қол қой» деді, қол қойдым. Ештеңе ойлаған жоқпын, қате кеткен болар деп ойладым. Формальностьтарға қол қойдым. Соңғы жағына қол қойып, енді оқиын деп жатқанда, «әкел, барып қол қойдырта салайын» деп алып кетті. Одан кейін қайта кабинетке келгенде бірінші болған допросты жыртып тастады. Одан кейін «допольнительный допросқа» кірісті. Мен 4 мамырда келер алдында есіктің алдынан Аташев қарсы алған. Сол айтты, «давай, есіңде ме, келіскеніміздей болады, сен артыңды ойла... өзіңді ойла. Қазір тергеуші жұмыс істейді. Сен отыра бер. Сосын қол қоя сал...» деді. Ары қарай не айтқаны есімде жоқ, түсінген де жоқпын, қатты қобалжып кеттім. Сосын тергеуші айтты, «қазір Әбішевтің інісімен беттестіру («очная ставка») болады. Сен отыра бер, тергеуші өзі жауапты жазады. Бәрібір Әбішев отыр» деді. «Жарайды, мақұл» деп кеттім. Одан кейін ана қағазды жыртып тастағаннан кейін, мыналарды істеді. Мынау «Протокол очной ставки». Мынаны оқыған кезде, мұнда жазғандарымен де келіспеймін.

– Сіз менің сұрағыма жауап беріп жатқан кезде, айттыңыз, «уатсаптан келген жауаптар» деп. Осыны нақтылаңызшы. Уатсаптан не келді, қандай жауап, кімнен, қайдан, қашан келді?

– Осы протоколдар менде жоқ еді. Уатсаптан жібергеннен кейін, өзім шығарып алдым. Қарап шығайыншы деп.

– Бірден датасын нақтылай кетсеңіз, қай күні, кімнен келді?

– Датасы – екінші сот отырысы болардан алдын бір күн бұрын.  Екінші сот отырысы қашан болып еді? Қарап алуға, телефонымды төменде қалдырып кеттім. Сол екінші сот отырысынан бір күн бұрын тергеуші Жәрдем хабарласты. «Асылжан, қазір тергеушіге беремін» деді.

– Тергеушінің фамилиясы кім?

– Тергеуші – Аташев. Ол маған айтты: «Қазір саған уатсаппен протоколдар жібереміз. Жаттап ал, сотта тура солай жауап бересің. Егер нақтылайтын сұрақтар болса, протоколда бар деп айта сал» деді. Жарайды, түсіндім дедім. Сөйтіп олар маған жіберді. Мен шығарып алдым. Олар маған айтты, «ертең сотқа бар» деді. «Сообщение келген жоқ қой, несіне барам?» дегенімде, «мен қазір түн болса да, жібертемін» деді. «Келсе барам, келмесе несіне барам?» дедім. «Жоқ, мен қазір секретарьға айтып жіберткіземін, сен бар» деді.

– «Секретарь» деп соттың секретарін айтып отыр ма?

–  Кім жіберуші еді? Секретарь деді ме, сотқа айтам деді ме, солай деп айтты әйтеуір. Сөйтіп сообщение келді, 10-15 минуттан кейін.

– Сосын?

– Сосын мен мынаның бәрін оқығаннан кейін өзім шошыдым. Бірінші протокол мүлдем басқа. Екінші, үшінші протоколдармен келіспеймін, бас тартамын. Оның алдында да Аташев маған звондаған, 14-і күнгі сотқа мені шақырған. Сот дүйсенбі күні болатын. Ал сенбі күні Аташев звондаған, тренировкада едім. Жүгіру жолағында едім, құлағымда «наушник» бар еді. Олардың звондағаны ұнамайтын. «Бейсенбі күні саған сообщение келді ме? Сотқа барғаннан кейін ешкімді тыңдамай, дұрыстап жауап бер» деді. Мен тренировкада едім деп, телефонды қоя салдым. Одан кейін осы уатсаппен звондағаны. Аташев Жәрдемнің телефонынан звондады. Сол телефоннан жіберді. Одан кейін мен мынаның бәрін көріп, шошыдым, мен ойладым, «бармаймын сотқа, мыналардың бәрін ұғып алайын, менің жауабымды неге өзгерткен...» деп. Содан кейін олар маған көп рет звондады. Мен телефонымды көтермедім. Сөйлескім келмеді. «Неге келмедің?» деп, қоқан-лоққы жасап, қала сыртына апарып, маған бірдеңе істеулері мүмкін дедім. Міне, мен телефонымнан скриншот жасап алғанмын.

– Ол скриншотта не жазылған? Оқып берсең. Датасымен айтып берсең.

– Датасы скриншотқа түспеген екен, бірақ, телефонымда бар. Уақыты кешкі 17:18-де жіберген. Мен протоколдарды жүктеп алғанмын. Мен мыналарды көргеннен кейін шошыдым. Жәрдем бірнеше рет звондады, телефонды алмадым. Ол звондай берді. Содан кейін «сөйлесуіміз керек, хабарлас» деп жазды. Жауап бермедім. «Еркекше сөйлесейік. Кездесейік. Бәрін түсіндіремін» деп хабарлама жіберді. Мен олардан хабарлама келген кезде, олар звондағанда ашуға беріле бастадым. Алдым да, телефонымды переадресацияға қойдым, қоңыраулар келмесін деп. Қайтадан звондаған. Одан кейін Аташев звондаған. 14-і күні 2-3 рет звондаған, смс келді. Аташевтан кейін Азамат Шаймерденов звондаған.

– Шаймерденов?

– Иә. Мен ойладым, «Аташев звондайды, неге артынша Шаймерденов звондайды» деп ойладым. Өйткені, есімде, Азамат бұрын жұмыста жүрген кезде, осы салада достары бар екенін айтатын. «Менің фин.полицияда достарым бар, қаласаң, сені сол жерге жұмысқа кіргізейін, тіпті, департамент бастығы менің досым, еш кедергісіз сені сонда жұмысқа орналастырамын» дейтін. Сол себепті мен ойладым, «Аташев маған өзі шыға алмай отырғасын, Азамат арқылы шығып отыр» деп ойладым. Кейін телефонымды қосқанда да қайта-қайта звондады, «қабылданбаған қоңырау» деп тұр, Аташев 3 рет звондаған, артынан Азамат Шаймерденов звондаған. Ешқайсысын алмадым. 0101 номерімен аяқталатын бейтаныс номер звондады. Алдыңгүні (28 қазан) тағы звондады, мен тұтқаны көтермедім, телефонымды өшіріп тастадым.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкері Жәрдем звондайды, тергеу тобының жетекшісі Аташев Айдар звондайды. Одан кейін Азамат Шаймерденов звондайды. Олар сізден не талап етіп жатыр? Не сұрап жатыр? Қандай өтініш білдіріп жатыр?

– Өтінішін тренировкада жүрген кезімде айтты, «сен ешкімді тыңдама, дұрыстап жауап бересің» деп. «Тренировкадамын» деп трубканы тастай салдым. Екіншісі, уатсаппен жіберген кезде, маған айтқан сөздері «саған қазір уатсаппен жіберемін, ертең сотқа смс жіберткіземін, протоколдарды жаттап ал, тура сөйтіп жауап бересің. Нақтылайтын сұрақтар болса, протоколда бар деп айта сал» деді.

– Осы сөздерді кім айтты?

– Айдар Аташев айтты.

– Жаңа маған берген жауабыңызда сіз скриншоттан оқып бердіңіз. «Шық, еркекше сөйлесейік. Кездесейік. Бәрін түсіндіремін» дегенді. Осы сөздерді кім жазды?

– Жәрдемнің телефонынан жазылған хабарлама.

–  «Еркекше сөйлесейік» деген сөзді қалай қабылдадыңыз?

– Мен оларға сенбеймін. Намыс деп, қазір барсам, қаланың сыртына алып кете ме, кім біледі, өлтіріп кете ме? Мен өзім үшін қорқып, барған да жоқпын, жауап та бермедім.

– Бұл сөзді, одан кейінгі бірнеше телефон қоңырауларын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ұлттық бюросы қызметкерлерінің жасаған іс-әрекетін сіз өзіңізге төнген қауіп-қатер деп бағаладыңыз ба?

– Қысым, қоқан-лоққы (угроза), маған және менің отбасыма және  жақындарыма қысым деп түсіндім. Үнемі жан-жағыма қарап жүремін.

– Қылмыстық іс материалдарында сіздің қатысуыңызбен рәсімделген төрт қаулы бар. Біріншісі 16-шы том 40-45 бетте, 26 наурыз 2019 жылы  жауап берілген. Тергеуші Идрисиов. Ең алғашқы жауап. Мемлекеттік айыптаушының сұрағына осы жауапқа байланысты айттыңыз ба, басында берілген жауап дұрыс еді, 4 мамыр күні өзгертілді деп. Мен сізді дұрыс түсіндім бе?

– Иә. Өйткені, тергеуші жазылған сөздерді алдына алып, соған сай істеп отырды.

– Нақтылап кетіңізші, нені неге сай істеп отырды?

– Тергеудің сұрағын стенограммаға сәйкес. Ол жерде не жазылғаны есімде жоқ. Көрсетті, бір қарадым. Болды.

– Мынау 26 наурыз күні берген ең алғашқы жауабыңыздың хапттамасы. Сонда бұдан бас тартасыз ба қазір? Хабарламамен түскен протокол іс жүзінде сіздің берген жауаптарыңызға сәйкес келмей ме?

– Иә.

– Екінші жауабыңызды анықтай кетейін. 4 мамыр 2019 жылдың күні екі рет қосымша жауапталған екенсіз. Бір рет қосымша жауап болған. Бір рет беттестіру болған. Біріншісі – қосымша жауап, ол 16-шы томда 53-55 беттерде тіркелген, 4 мамыр 2019 жыл. Сіздің қолыңызда осы жауап бар ма? Смспен жіберілгендердің ішінде?

– Бар.

– Осыған байланысты нақты сұрақ. Осыны басынан бастап түсіне алмай отырмыз. Құрметті сот, мына қаулыда, мына хаттамада түпнұсқамен де салыстыруыңызды сұраймыз. Тергеу кезінде өзім де үлкен сұрақ белгі қойып қойғанмын. Басталған кезде бірінші бетінде «жауаптаған Идрисов» деп тұр да, бірақ неге екені белгісіз, бүкіл жерде Ағыбаев қол қойған. Ең соңында «допросил Агибаев» деп тұр. Осы жағдай қалай осылай болды? Түсіндіріңізші.

– Бірінші жауапты бастаған Идрисов, аяқ жағында Агибаев.

– Осы жерге байланысты, фактический 4 мамыр күні сізді Идрисов жауаптады ма, әлде Агибаев па?

– Агибаев. Идрисовты бір-ақ рет көрдім. Бұл допростарды алған Агибаев.

–  Идрисовты бір-ақ рет көрдім дедіңіз. Қай кезде көрдіңіз?

– 26 наурыз күні.

– Осы жерде тағы бір нақтылай кетейік. Осы күні, қосымша жауап алып жатқан күні Агибаев 26 наурыздағы жауапты қайта жасады ма, сіздің сөзіңізше?

– Бірінші Идрисов алған жауапты қайта жасады да, бірінші нұсқаны – оригиналды жыртып тастады.

– Бұл 4 мамыр күні болды ма?

– Иә. Жаңа сіз айтқаннан кейін ойлап отырмын, алғашқы жауапты «копировать» етіп, жоғарыдағы фамилиясын ауыстыруды ұмытып кеткен бе деп. Аяғы Агибаев, басы Идрисов, мен де түсінбей тұрмын.

– Оны тергеушіден сұраймыз. Осы қосымша жауап уақыты түске дейін, яғни 12:40-13.40 минут деп көрсетілген. Сәйкес келе ме? Түс уақытында болды ма?

– Иә, сондай.

– Одан кейін дәл сол 4 мамыр күні сіз бен Абишев К.А. (Қаныбек Алмаханович) екеуіңіздің араңызда  беттестіру хаттамасы жасақталған. Бұл іс жүзінде сіздің берген жауаптарыңызға сәйкес келе ме?

– Жаңа  сот 11-де басталып кетті. Мен он жарымдарда уақытым болып, ертерек келдім. Бір кезде Аташев шықты. «Он все равно в отказе сидит. Сен үндемей отыра бер, на ответы будет наводиться» деді.

– Сізге сұрақ: Осы кезде тергеу тобының басшысы Аташев болды ма, әлде Агибаев па? Сіздің сөзіңізше, Агибаев деп тұр.

– Қарсы алған Аташев. Жауап алған Агибаев.

– Сонда екеуі де болды ма?

– Жоқ, мен келгенде сырттан күтіп алған Аташев. Ал 4 мамыр күні тергеген, төрт протоколды жасаған жасаған Агибаев.

– Беттестіру хаттамасындағы сіздің жауаптарыңыз іс жүзінде берген жауаптарыңызға сәйкес келе ме? Смспен келгендермен мазмұнын тексердім деп отырсыз ғой.

– Сәйкес келетін жерлері бар. Кездескеніміз туралы сәйкес келеді. «Жампозов, скажите...» (Үзінді оқиды)

Судья: Тұра тұрыңыз. Сіз оқып отырған фактический хаттамасы ғой, иә?

Абзал Құспан, адвокат: Иә, 16-шы том  59-61 беттер. Сол толық сәйкес келе ме? Соның қай бөлігі сәйкес келеді?

– Соңғы абзац, алдыңғы абзацтар сәйкес келмейді.

Судья: Қай жері ол?

– «А именно что он из себя прдеставляет? Честный не честный? При этом входит разговор, я не говорил, что хочет денежные средства...» деген жерлер. Оның бәрін мен айтқан жоқпын, өздері жазды. Одан кейінгі сұрақтары. «Вам ясны показания, Жампозов?..» деп оны өзі жазып отырды. Басында маған Аташев та айтты, «өзі істейді, сен келісіп отыра бересің» деп.

 

(Жалғасы бар...)

Сот барысын хатқа түсірген Сәуле Әбединова,

 

Abai.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер