«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
«Өрекпіген өлерменнің . емес, үмітін үкілеген . көрерменнің сөзін . сөйлейміз
«Өрекпіген өлерменнің . емес, үмітін үкілеген . көрерменнің сөзін . сөйлейміз
Дайындаған: 1 апта бұрын

Күзгі маусымда қазақ телевизиясының мэтрі, белгілі тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы ұлттық арна эфиріне оралды. Жақында оның «Nur Tileý» бағдарламасы жарыққа шықты. Әріптес ағаға қоңырау шалып, жаңа жобаның мақсат-міндетін біліп, бастамасына сәттілік тіледік..

– «Nur Tileý» алғашқы шығарылымынан-ақ, көрерменге ой салатын, ел сөзін айтатын бағдарлама екенін байқатты. Бұған әлеуметтік желілердегі жазбалар, ел ағаларының пікірлері дәлел. Жаңа жоба кімнің идеясы еді?   

– Биыл «Қазақстан» телерадио корпорпциясының басшылығына елге белгілі журналист Ләззат Танысбай тағайындалды. Айналасы бір-екі аптаның ішінде Ләззат Мұратқызы хабарласып, «Қазақстанға» шақырды. Алматыға іс-сапармен келгенде де осы мәселе туралы әңгімелестік. Негізі «Nur Tileý» хабарының жоспары тамыз айында белгілі болды. Ләззат Танысбай болашақта шығатын бағдарламаның бағыты, уақыты, ұзақтығы бойынша таңдауды өз еркіме қалдырды. Мұны маған көрсетілген құрмет, үлкен жауапкершілік деп білемін. Негізі ұлттық арнада 14 жаңа жоба шығып жатыр. Солардың бірталайын ел көретін бағдарламалар қатарына жатқызар едім. Бажайласақ, АҚШ-та Опра Уинфри деген мықты тележүргізуші бар. Соны америкалықтар «адасқандар мен шаршағандардың» періштесі деп атайды екен. Сол секілді біздің Гүлназ Әлімгерей деген қарындасымыздың «Қазақстанның ақ періштесіне» айналғанына күмәнім жоқ. «Niet» деп аталатын әлеуметтік жобасын эфирге шығарып, екі-үш күннің ішінде бірнеше адамға жәрдемін тигізді. Нартай Аралбайұлы деген азаматымыз «Ашық алаң» деген хабар шығарып, «мен» деген тұлғалардың дирижеріне айналды. Мұны бір бағдарламасын көріп-ақ ұғуға болады. Менің ұстап отырған «ақ тілеуім» солардың бірі ғана.

– Неге «Nur Tileý»?

– Негізі бұл атауды осыдан 15 жыл бұрын ұсынғанмын. Белгілі себептермен өтпей қалды. Бәріміз пендеміз ғой, Мәскеуге бармай-ақ қояйық, осы ұлттық арнаның өзінде Қоянбаев пен Қабатовтың есімдері аталып жүр. Ал 45 жыл эфирде жүрген маған орынды ғой деген пендешілікпен бұл жолы тағы ұсындым. Қабылданды. Менің есімім сөйлеп тұрғанымен «нұрын» бір жолға, «тілеуін» төменірек жазуды қаладым. Сонда бұл ақты тілеу, нұрды тілеу деген мағынаны білдіреді. Қазақта «Жақсы сөз жарым ырыс» дейді. Шындығын айтатын болсақ, ұяты бар деген бірен-саран аға-інілеріміздің ұятсыздар ұстанған жолмен жүріп, солардың ойын-тәртібімен жүретін қоян-заман туып тұрған жоқ па? Сондықтан да ұлттық арнаға лайықты, қазаққа қатысты бір жоба жасаудықолға алдық.

– Бұл бағдарлама елге не айпақ? Интелектуалды диалогтың құндылығы қандай?

– Қысқа айтатын болсақ, «NurTileý» – салмақты сөз, сан алуан тақырып, айтары бар адамдардың әңгімесі. Руханият, ұлттық құндылықтар сынды қазаққа қатысты дүниелер осының ішіне кіреді. Қалғанын эфир көрсетеді. Төле бидің: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық», дейтін сөзі еске түсіп отыр. Сол себепті, жаңа жобама биіміздің осы бірауыз сөзі баға секілді көрінеді. Жауапкершілік ауыр қазір.

Психология ілімінде сөздің энергетикалық күші бар деген ұғым бар. Сөздің құны, сөзге тоқтау дегендерді естіген шығарсың. Бүкіл тарихымызды жадта сақтаған, айтарын, арманын тілге салған елміз ғой. Тіпті, сөзбен соғысты тоқтатқан жоқпыз ба? Қазыбек бабамыздың: «Сен темір болсаң, біз көмір – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз», - деп айтқаны бар емес пе! Сондықтан барлық салмақты сөзге салдық қазір. Телевизияда «говорящая голова» деген онша жақсы емес термин бар. Ал, бірақ, қазақ менталитетінде сөзден артық ештеңе жоқ. Оның салмағы қандай дегенге келсек, журналистиканың рөлін атап өтеміз. Бұл – елдің бүгіні мен ертеңі үшін жан алып, жан берісетін мамандық. Осылай жалғай беруге болады.

– Диалог алаңына кімдерді шақырасыз?

– Бірден айтайын, сұхбатқа кез келген қазақ шақырылмайды. Есімі елеулі, ел-жұрттың алдында абыройлы, айтар ойы анық, бүкпесіз, нақ сөйлейтін тұлғалармен жүздессек деп ойлаймыз. Саясаттан ада, ұлттық құндылықтарды әспеттейтін жоба бұл. Науқаншыл емеспіз, бірақ жайдақ, жалтақ та бола қоймаспыз. Бағдарламаға сөз түсінетін, елдің мұңын сезінетін шенділерді де шақырамыз.  Мынаны айтқым келеді, шенеуніктердің көбі техниканттар болып кетті. Қоғамдық ғылымдармен шұғылдан кешегі Өзбекәлі Жәнібеков, Ілияс Омаров, Камал Смайылов, Шерхан Мұртаза сияқты адамдар билікке өтсе, жақсы болар еді.

– «Еуразия» арнасы мен интернеттегі хабарларыңыз жалғаса ма?

– «Еуразиядағы» «Заң сөйлесінмен» қоштасуға тура келіп тұр. Өйткені екі бірдей салмақты жобаны алып жүру қиынға соғады. «Жетісудағы» интернет хабар «Бай-қуатты болайықтың» аудиториясы бөлек. Ол бағдарлама жалғасады деп отырмыз.

– Кешегі «NurTileý»-дің алғашқы қонағы – Мекемтас Мырзахметтің руханият, құндылықтар туралы айтқаны есте қалыпты. Осы рухани дүниелеріміз мынау техногендік заманда жұтылып кетпейме? 

– Ақпараттық кеңістігімізді қауіпсіз деп айту қиын. Әлдеқайда дамып кеткен елдердің принципін ұстаймыз деп, өзіміздің басыбайлы құндылықтарымыздан ажырап бара жатқандаймыз. Теледидардағы айқай-шу, шоулардан ел шаршады. Маңайымдағы адамдардан естіген соң айтып отырмын. Ел ойланатын дүниелер қажет. Мекемтас аға былай айтты: «Біздің ұлттық кодымызға оралатын кез келді. Соған толықтай мүмкіндік туып тұр. Халқының мінез-құлқының бұзылып бара жатқанын көріп, «Толық адам» ілімін жасаған Абайды әрбір қазақ білуі керек. Абайды білсе, пенделік жолдан қайтады. Қазір көп адамның көкейінде тек қарын тойдыру, киім киіну. Одан басқа мақсат жоқ сияқты. Аш қарын тойынар, бірақ оның рухани қазынасы болмаса, қуыс кеуде пенде болып қалады. Біздің қаупіміз сонда. Жастарымыз қуыс кеуде болып қалмауы қажет».

Рас, қазақы құндылықтарды жаңартып қарау, барынша жаңғырту сынды жолайрықта тұрмыз. Осыған біздің де үлесіміз болса дейміз.  Қорыта айтқанда, «Nur Tileý» – 45 жылдық тәжірибеден алынған хабар десек, қателеспейміз. Іштегі запыран ойларды қозғасақ, біраз шындықтың беті ашылады деп ойлаймын. Эфирдегі айтқанымды қайталауға тура келіп тұр: біз ескі, есті, керек болса, сесті сөзді де айтамыз. Өрекпіген өлерменнің сөзі емес, үмітін үкілеген көрерменнің сөзін сөйлейміз. Бәріміз бай-қуатты болайық!

Сұхбаттасқан Қасқырбай Қойшыманов

Abai.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер