«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Отпан тау бауырындағы өнегелі кездесу
Отпан тау бауырындағы өнегелі кездесу
Дайындаған: 1 апта бұрын

Маңғыстау  өңіріндегі «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешені жастардың бойына өз халқының рухани құндылықтарын сіңдіру мен оған деген құрметтік сезімдерін арттыру үшін жүйелі түрде шаралар өткізіп тұрады. Өткізілетін шаралардың негізгі мақсаты ел арасындағы ұрпаққа өнеге болар істерімен халықтың құрметіне бөленген аға буындардың тәлім беретін өмір жолымен таныстыру арқылы қоғамда ұлттық сана қалыптастыру. Биылғы жылдың қазан айының 31 күні осы «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде ҚР мәдениет саласының үздігі, саяси және қоғам қайраткері, сазгер, бард-ақын, осы тарихи-мәдени кешеніне еңбегі сіңген ардргер Аралбайұлы Данияр ағамыздың шығармашылығына арналған «Өмірі өнерімен өрнектелген» атты шара болып өтті. Шара мақсаты: өлкемізге, респубикаға белгілі ардагеріміздің өнегелі өнерін жас ұрпаққа насихаттау, рухани қазынамыздың бірі – қазақи әндер мен киелі өлең екенін жастарға ұғындырып, сіңіру болатын.

Шараға ҚР Журналистер одағының мүшелері Мейрамбай Қибасов, «Парасат» қозғалысының байырғы мүшесі,  мәдениет саласының ардагері Гүлжамал Тынымбайқызы,  Амал мерекесін өткізуді ұйымдастыратын жұмысшы тобының мүшесі, Дәкеңнің қанаттас інілерінің бірі Құралбай Қарабалаев,  «Парасат» қозғалысының мүшесі,өлкемізде алғаш КВН ұйымдастырушылардың бірі, кәсіпкер Данияр Айса, «Отпан» ауылдық округінің әкімі Орынғали Күзембаев қатысып Данияр Аралбайұлының тума таланты мен еңбекқорлығын, елжанды елгезектігін, өнер мен достыққа адалдығын атап айтып, Дәкеңе жылы лебіздері мен шынайы ақ тіліектерін арнады. Осы Ақтау қаласынан И.Сүйеубаев атындағы №8 орта мектептің оқушылары (жетекшісі Сәтқанова Гүлназ) шараға арнайы келіп қатысты.

   Кездесудің көңілді, әсерлі өтуіне Дәкеңнің бірнеше әндері сөзінің авторы, ҚР  Журналистер Одағының мүшесі, тележурналист Қожахмет Демеубергенұлының Дәкеңнің 70 жылдық мерейтойына арнап түсірген бейнефильмін көрлетілуі мен республикаға белгілі әншілер Асқар Көшеров, Жасұлан Өмірзақов, Серіжан Масжанов пен Аида Байгеловалардың Данияр Аралбайұлының әндерін орындап, жиналған жұрттың көңілінен шыққаны болды..

Шара соңында Данияр аға 70 жылдыққа байланысты Абай атындағы мәдениет сарайында өткен шығармашылық кешті ұйымдастыруға атсалысқан Мейрамбай Қибасов пен демеушілік көрсеткен Данияр Айсаның иықтарына қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Жомарт Айдарбек

Ақтау қаласы

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер