«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Мемлекет» – кімнің . . мүддесін қорғайды?...
Мемлекет» – кімнің . . мүддесін қорғайды?...
Дайындаған: 3 апта бұрын

         Қазіргі біздің аса саясаттанған қоғамда тек жалқаулар мен енжарлар және қарны тоқ, қалтасы толы, аярлықпен тойғанадар ғана мемлекет  ұстанып отырған саясаттың бағытын сынамайтыны белгілі. Қалада да, далада да гу – гу. Қоғамдағы кемшіліктерді қозғап, мемлекеттің  өз азаматтарының хал – жағдайына, тұрмысына немқұрайды, жауапсыз қарайтындықтан кедейшілік құрсауы жұртты қажытып біткенін сөзге арқау етіп шулаудан есеңгірен, әділетсіздіктен еңіреген жұртты көресің.  Ал, енді билік жүргізіп, мемлекетті басқарып отырған ат төбеліндей саяси элита тобының лебізіне құлақ салсаң бәрі басқадай. Бір қарағанда олардікі де дұрысқа ұқсайды. Сонда осы шешілмей тұрған ребустың ақиқаты неде? – деген сұраққа жауапты қайдан табамыз. Қазіргі биліктегі саясаткерлер және оларды қорғайтын «зиялылар» болсын, не оларға қарсы оппозиция құрған топтар болсын әзірге осы қайшылықтардің негізі қайда жатқанын атап көрсетуге ал құлықсыз. Соның салдарынан біздің қоғамда халық пен билік арасында түсіністіктің болмауы тереңдемесе, азаймайтындай деңгейге жетіп ушығып бара жатқанға ұқсайды.  Өкініштісі, әзірше екі жақта әлеуметік  жағдайдан туындаған саяси мәселелердің негізгі көзі қайда жатқанын ашуға ұмтылмайтын сияқты. Ал халық болса, тек кемшілікті тізіп жариялаудан, талап қоюдан аспайды. Билік жұрттың көңілін аулап, көзіне көлгірсумен азын – аулақ шоу шаралармен шектеледі. Сонымен мәселелер шешілмей, тек жалғасы қоюлана береді.

     Халық болса, жұрттың мүддесі мен құқығын қорғайтын және әділетілік орнататын Ата заң  қабылдаған мемлекетіміз бар, – деген сенімін санасына әбден сіңіргендіктен, ұсыныстары мен талаптарына нәтижелі жауап ала алмайтынына наразылық білдірумен әлек.   Билік болса, кезінде терең ғылыми сараптамалар арқылы әлемдік қоғамдаму тәжірибесіндегі қайшылықтарды зерттеп, ол кемшіліктерді қайталамау жолына түсудің орнына батыс моделін өзгеріссіз көшіріп, халқының менталитеті мен әлеуметтік жағдайының деңгейімен санаспай, әсірелік (авантюралық ұранмен) бағыт ұстаған даму жолын таңдаған. Соның салдарынан егемендігі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін қателіктерге жол беріп отыр. Біздің ел кеңес дәуіріндегі әлеуметтік теңдікке басымдық берген қоғамдық өмірден ешбір дайындықсыз (Қандай мемлекет құрамыз?... Кімнің мүддесін қорғаймыз?... Ұлттық құндылығымыз не?... Мақсатымызға қалай жетеміз?... деген сұрақтарға жауап іздемей) халықты бірден нарықтық капитализм құрсауына қамады.  Және алға қойған басты мақсаты халықтың әлеуметтік жағдайларын төмендетуге жол бермей, халық шаруашылығын социализмнен капитализм жолына өтудегі кезеңді жеңілдетуге мән  бермей, тек еліктеумен дамыған елдердің басқару мен экономиқалық жүйе құрылысын енгізуді жеделдетіп, тек статистикалық көз бояйтын көрсеткіштер үшін күресті. Ең үлкен қателік, шағын және орта қәсіптерді сатылап мемлекеттік қолдаумен дамыту арқылы оларды қаржы табу көзі болатын деңгейге жеткізбей, бұрын дайындығы жоқ қоғамға батыстың әлеуметтік деңгейі жоғары елінің салық жүйесінің жетілген түрін енгізіп жұрттың әлеуметтік тұрмысының одан сайын құлдырауына алып келді. Өйткені біздің қоғамда салық деңгейінің тұрақты өсуіне ыңғайланған кәсіп орындары мен қарапайым халықтың әлеуметтік даму үрдісі қалыптасуына көңіл бөлмей келеді. Биліктің осы кемшіліктерін жасыруға бағытталған әрекеттері салдарынан, еліміздегі экономикалық даму  саласында көлеңкелі бизнес кең орын алып, өндірістер мен шаруашылықтар бөліске түсіп (тоналып),  мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың бой алуына әкелді (Жемқорлық мәселесі арнайы талдауды қажет етеді). Бұл жағымсыз құбылылыс экономикалық құлдырауды тереңдетіп, әлемдік трансұлттық компаниялардың билікке келген элитаның саяси – экономикалық сауатсыздығы мен дүниқорлыққа бейімділігін тиімді пайдалануы арқылы еліміздің ұлттық байлығын тонап, өздерінің жеміне айлануына жол ашты. Елімізде ұлттық байлықтың иесі халық болмай, оған билікке иелік ететін азғана биліктегі саяси элиталар мен олардың жақын – жақпайлары болуы қоғамдағы әлеуметік теңсіздіктің тереңдеуіне әкеліп отыр. Бұл тереңдеп кеңінен жайылған қатерлі жағдайдадан там – тұмдап әр салада насихат үшін азды – көпті  шаралар жасаумен құтылу мүмкін емес. Әлемдік қоғамдық даму тарихы дәлелдейтін ақиқат, ол қандай да бір қоғамда баю мен кейдейлену арасындағы алшақтықтың тепе – теңдігі бұзылуынан пайда  болған әлеуметтік әділетсіздік, міндетті түрде үлкен жарылысқа әкелетіні белгілі. Одан қоғамды ешбір күш арашалай алмайтыны аян. Бұл жағдайды ушықтырмай түзету жолы  біреу - ақ, ол мемелекеттің қоғамды басқарудағы идеологиясын түбегейлі өзгертуін қажет етеді. Яғни, саяси өзгеріске жедел көшу үшін саяси элита өз қателерін мойындап жігер мен ынтасы арқылы саяси – экономикалық реформа жасайды, олай болмаған күнде халық бұл саяси элитаны биліктен аластатуы ықтыймал. Өмірдің табиғи даму заңы бойынша басқа жолдар жоқ.

      Бұл жерде заңды сұрақ туады. Біздің қоғамда әлеуметтік жарылыс болған жағдайда биліктегі саяси элита мен оның қарсыластары (оппозициямыз деп жүргендер) соған дайын ба?... Қазіргі кезеңде бізде қоғамды саяси және экономикалық тығырықтан шығаратын күш бар ма?... Олардың осы жолдан қоғамды алып шығатын нақтылы бағдарламасы қандай?... Әлде, қазіргі халықтың атынан сөйлеп жүргендер тек биліктің құлағына жармасып, ескі бағытты жамап – жасқауды ғана ұсына ма?... Ондай болса халық не ұтады?... Олар қандай мемлекет құрмақшы?...

      Қазіргі саяси үрдіске баға беріп, ұсыныс айтып жүргендер «Мемлекет» деген ұғымды қалай түсінеді?... Осы сұраққа жауа бере алатын саясаткер, не ғалым бар ма?...  Мемлекет – халықтың мүддесін қорғайма, жоқ әлде биліктегі саяси элитаның қанау мен үстемдік жүгізуін іске асыратын құрал ма?

        Халық «мемлекет» деген ұғымды өздерінің мүддесін қорғап, мұң – мұқтажын жоқтап, азаматтық құқығын арашалап, жұрттың пікірімен санасатын, халықтың ортақ байлығын ысырапқа салдырмайтын, тек елдің болашағын ойлайтын, қоғамның қауіпсіздігіне жауап беретін «Бірлестік» ретінде қабылдайды (сондықтан, халық бар кемшіліктер үшін билікте отырғандары ғана кіналайды). Яғни, мемлекетке халық қожайын болған соң, биліктегі саяси элита жалдамалы халықтың қызметшісі ретінде жұрттың үніне құлақ асып, пікірімен санасуы қажет. Ол Ата заңда бекітілген (3 бап) дегенді алға ұстап, халық билікке өз талаптарын қойып отыру заңдылық. Ал, билік болса халықтың сөзіне құлақ аспай, өзіне қандай заң ыңғайлы соны қабылдап өз еркімен қоғамның «қожасына» айналғаны шындық. Неге олай?...   Сонда не, биліктегі қожалық жасап отырған саяси элита өз құқын халықтың құқынан жоғары қойып отырулары сауатсыздық па?... Жоқ, әлде біз (халық) ұқпайтын мәселе бар ма?... Иә, бар. Қазіргі дүниежүзіндегі ең дамыған демократия үстемдік етіп отырған елдерден бастап жаңа дамып келе жатқан мемлекетерде қоғамдық құрылыс (мемлекеттің) статусын анықтап ғылыми негізделген ортақ «мемлекет не» – деген  ұғымды дәлелмен қалыптастыратын анықтама (научное определение) жоқ. Соның салдарынан, әр елдегі ғалым – саясаткерлер оны биліктің ығына қарай түсіндіреді. Бұған күмән келтіретіндер өздері ізденіп көрсін. Өйткені, қазіргі әлемді жайлаған либералдық капитализм идеологиясы әр елді билеп отырған саяси элита (олигарықтар мен трансұлттық компаниялардың қолдауымен) өз қоғамына еркін билік жүргізу құралы ретінде «мемлекетті» пайдалануын заңдастырып отырғаны бұлтартпас шындық. Бұл мәселе ғылыми шешілмеген, мемлекет тек қоғамның табиғи даму заңдылығына қайшы бағытта, әлемдегі ауқаты азғана ғана топтың  мүдесін қорғауға бейімделген билік құралына айналғаны ақиқат болғандықтан, олар бірлесіп, бүкіл жер шарында бір – бірін қолдайды және қорғайды. Бұл ақиқатты, барша дүниежүзіндегі дамыған және капитализм жолына түскен елдердегі (кедейленген көпшілік) қарапайым халықтардың әлеуметтік теңсіздіктен шығу жолындағы болып жатқан толласыз күрестерінен көріп, ұғасыздар.

Тұжырымдарымның ұғынықты болуы үшін назарларыңа қазақшаға аудармай мемлекет туралы әлемде қалыптасқан ұғымды, түпнұсқадан орыс тілінде ұсынамын:

(Госуда́рство — политическая форма организации общества на определён ной территории, политико-территориальная суверенная органи зация публичной власти, обладающая аппаратом управления и принуждения, которому подчиняется всё население страны.

Ни в науке, ни в международном праве не существует единого и общепризнанного определения понятия «государство»[1]. «Страна» является близким, но не тождественным государству термином, как правило понимаемым более широко, чем «государство». На 2015 год не существует единого юридического определения термина «государство», всецело признанного наукой и всеми странами мира.)          (Википедия)                                                                                                                          

Осы қалыптасқан ұғым бойынша әлемге әйгілі саясатанушы ғалымдардың (солардың бірі В.А.Столетов), дүниежүзіндегі барлық мемлекеттердегі билікте отырған саяси элита, тек өздерін қолдайтын байлыққа ие топтың мүдесін қорғайтын болғандықтан, олар халықтың пікірімен санасуға міндетті болмайды. Сондықтан да, саяси элита өз елінде ауқаттылардың мүддесін қорғайтын заңдар қабылдап, өктемдік билік жүргізеді, – дегенді айтады. Яғни, билік өзін қолдайтын топтың мүддесіне ғана қызмет етеді.

    Ал, біздің еліміздегі билікке ие болып отырған саяси элитаның таңдаған жолы да халықтың байлығын талан – таражға тісіріп тонаумен азғана топтың баюына ерік беретін заңдар шығарып, жер байлығы мол өз елінде халықты кедейлікке душар етуі де, осы үстемдік билік жасайтын «әлемдік тәжірибе» бағытын ұстағандықтан екені аян.

     Бұл тығырықтан шығу жолы жоқ емес, бар. Бірақ, ондай бағытты таңдап мақсатқа жету үшін саяси, экономикалық сауаттылық пен бірге жігер, ынта және халықтың парасатылық танытатын белсенді бірлігі қажет.  Осындай мақсатқа жету үшін әлемдік қоғамдағы даму үдерісін терең ғылыми сараптан өткізіп, олардың мемлекет экономика басқарудағы тиімді тәжірибелерін айқындап соның негізінде ұлттық менталитет пен тарихи шарушылық бейімділігін ескере отырып жасалған нақты ғылыми Бағдарлама қажет. Бір нәрсені ұғу қажет әлемдеггі батыстық көп партиялық «Демократия» деп ұрандайтын басқару жолы, тек «әлемдік дитатура» мен әлемді рухани дағдарысқа әкелетін жол. Бұл жол әр елдгі халықтың бірлігіне зиян әкеліп, ұлтық дамуға іріткі салатын саясат жолы. Бұл жолдың келешегі жоқ.

     Әзірше, біздің қоғамда батыстың «либерал демократия» деген келешегі жоқ ілімі мен барша адамзатты рухани құлазу мен дағдарысқа апаратын бағытқа еліктеумен жүріп, ел көзіне көрінген саясатшылар бұл мәселені шешуге қауқарсыз. Өйткені, қазіргі оппозиция оған дайын емес. Қандайда бір «жаңа бағытты» қолға алып, оны іске асыру үшін, ең басты мәселе -  қоғамдық сана қалыптастырын және халық қолдайтын ғылыми негізде жетіліп, әлемдік елдердің өз ұлтының мүддесін қорғау жолында жұртты кедейліктен құтқаратын үздік тәжірибесімен толықтырылған Бағдарлама болуы қажет.

        Бізде басқадай жол жоқ. Бұл, оңай, дау – дамай мен айтысып шешетін жол  емес. Бос қиял да емес. Бұл салиқалы ой мен  ғылыми негіздлген табиғи дамудан ауытқымайтын келешектің жолы. Бұл жол Ғылым мен Рухани даму жолын таңдайтын жастардың жолы. Сол үшін бізге, елдің келешегі мен  халқының тағдырын өз мүдесінен жоғары қоя білетін, жан – жақты білімді, жігерлі, намысқой, дүниқарлық пен атаққұмарлықтан арын  сақтайтын  жастарды тәрбилеу қажет. Тек, солар ғана ұлттық сана негізінде жаңашыл, парасатқа әкелетін қоғамдық сана қалыптастыра алады. Қоғамдық сана – мұқалмас қуат, саналы қайрат, қиын қамалдарды бұзатын, өз қамалын мәңгі сақтайтын жойқын күш.

Болат Дүйсембі

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

            

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер