«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Елде не болып жатыр?
Елде не болып жатыр?
Дайындаған: 2 апта бұрын

Осы елде не болып жатыр? Бірігіп, бас қосып, «тұрымтай тұсына..» демей, ел үшін, ұрпағың үшін, ата-баба аманаты Жер мен Тілің үшін, ұлтыңның ар-намысы үшін біріге тізе қосып, бір жұдырықтай болып, бір арман, бір тілек үшін- бақытты да бай Қазақ Елі үшін де біріге алмайсыңдар ма? Айналаламызда не болып жатқанына да ойлана қарай алмаймыз ба? Қайда кетіп барамыз, ағайын, бір мезгіл ойланып, ой қосып, алаауыздықсыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып «бірлік түбі – тірлік» дейтін күн бола ма?
 

Шамалы, ойланып, тарихқа шегініс жасап қаралық. Қазақтың түбіне жететін не? Қазақтың түбіне жететін ала ауыздық, жағымпаздық, өзінің мүддесіне ғана қызмет ету! Бұл қайдан пайда болды қазаққа? Өздеріңде түсініп отырсыңдар, бұл қасиет сонау Ресей империясының қазақты жойып, жерін,табиғи байлығына ел байлығына қол жеткізу үшін жүргізген отарлау саясатының нәтижесі. Биліктің айтқанына мойын ұсынып, шен-шекпен үшін, ауылнай, болыс, думан басы болу үшін бір-бірімен руға бөлініп, жүзге бөлініп быт-шыт болу осы заманнан басталды, бастап берген Ресей патшасы, қазіргі діндарлар айтпақшы «ақ патша»! Міне «патшаға қарсы шықпа» деген ұғым қазақтың санасына сол кезден бастап вирус болып жабысқан, ал вирус ешуақытта жойылмайды, кез келген уақытта оянады, адамды жоюға жұмыс жасайды, санадағы вируста солай жылдар бойы тығылып жатып, уақыты келгенде, қолайлы жағдай туғанда өз иесіне қарсы жұмыс істейді.
Бұған мысал, қазақтың тағдыры, Алаш азаматтарының тағдыры, кешегі «конпеске» уақытындағы қазақты құрту,жою үшін большевиктер идеясының жүзеге асуы, қазақтың қазаққа қарсы «бай-манапты, молданы қойша қу» идеясына еруі! 1921-22 жылдары «продразверстка» деген большевиктердің (11 қаңтар 1919 жыл, халық комиссариаты кеңесінің қаулысы ) елден азық-түлік жинау саясатының нәтижесінде халық ашаршылыққа ұшырап, 2,5 миллион қазақ қырылып, 1,5 миллион қазақ босқын болып кеткен, қазақтың саны 2 миллион болып қалды, 1928 жылы большевиктер тағы да «конпәске» деген бәле тауып, қазақтың малын тағы да тартып алып, 1931-33 жылғы 4 миллионға жуық қазақтың жоқ болуына әкеліп соқты. Большевиктердің, оның ішінде орыс шовинистерінің негізгі көздегені қазақты жоқ қылу саясаты еді, қазақты тағы да бір-біріне айдап салу, арыз жаздыру, мансап үшін аяқтан шалу әдістерін қолданды, Алаш азаматтарының ала ауыздығын пайдаланды, қазақтың білімді азаматтары осы уақыттардан бастап, жағымпаздану саясатына көшті бірінің үстінен бірі жазып, большевиктер саясаты толығынан жүзеге аса бастады. Арты не болғаны өздеріңізге де белгілі.


Ал, енді қазір тәуелсіздік алған заманымызда қайда жылжып барамыз? Жалпы, ағайын тәуелсіздіктің дәмін татқан кездеріміз,менің ойымша, 1991-93 жылдар ғана, 1994 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің лигитимдігі емес екендігі жайлы Бас Прокуратораның сұрауы жөніндегі Конституциялық соттың шешімі шыққан кейін демократиялық өзгерістерге де шектеулер қойыла басталды. Әуелі, Қазақстанның Егемендік декларациясына негізделіп қабылданған, демократиялық бағыттағы 1993-жылғы Конституция 1995-жылғы «халық референдум арқылы бір ауыздан қабылдады» деген тұжырыммен (мен өзім қатысқан жоқпын ) қайта қабылданды, Міне, сол кезден бастап «тұралап қалған зкономиканы көтереміз» деп билікті бір қолға беру саясаты жүргізілді. Қарсы болғандардың қайда екендігі бәріңізге белгілі. Осы саясаттың арқасында тағы да жағымпаздар командасы жиналды, тіпті ауыл, аудан әкімінен бастап, өз командасымен жүру әдісі жасақталды, тағы да трайбализмге жол беру, құда-жекжат, туған-туысқан, бірін бірі қолпаштау, жемқорлық әлі де қоғамның ауруы болып тұр. Осы әлеуметтік теңсіздіктер пайда болуының арқасында қаншама толқулар болды. Қазір еститініміз «қарыштап дамып келе жатқан экономикамыздың» жағдайы..

 

Ағайындар-ау, экономикамыз 27 жыл қарыштап дамып келе жатса, халықтың әлеуметтік жағдайы, экономикалық жағдайы неге түзелмейді, неге халық жұмыссыз, неге баспанасыз, неге әлі айлықтарын 4-6 айға дейін ала алмайды, неге жалақы мөлшері төмен, Қазақстан ен байлықтың үстінде отырып, халық неге кедейшілікпен өмір сүруде? Бұның себебі не де? Егер экономикамыз дамыған болса, оның пайдасын тек қана жоғарғы биліктегілер көріп отырған шығар шамасы.. Қазақстанның табиғи ресурстар байлығы да сол биліктегі кландардың қолында билікті де, байлықты да иемденген солар болып отыр ғой шамасы, халық пен байлардың арасы Жер мен Көктей, байлар байыған сайын байи береді, халық тиын-себендерін санай береді.          . 
Дамыған өркениеттегі елдердегі сияқты ортаңғы топ деген бізде жоқтың қасы, негізінен елдің ішкі өнімінің 60-70% солардың табысының нәтижесінде құралуы керек, бізде ол жоқ, бізде бай мен кедей ғана бар, бас көтеріп келе жатқандарға рейдерлік шапқылау методын қолдану бар! Жемқорлармен бөліспейсің бе, кәсібіңнен айырыласың! Осы уақыттан бері жеңіл өнеркәсіпке көңіл аударылған уақыт болды ма? Кешіріңіздер, аяғыңыздағы шұлықтарыңыз, тіпті іш-киімдеріңіз қай елдердің тауарлары? Осыған көңіл бөлдініз бе, олардың сапасы қалай аңғардыңыздар ма? Билік осы уақыттағы дейін түрлі проекті ме прожекті ме, қалай атауға да білмеймін, қаншама қаражат шашты? Қайда жоқ болды сол қаражаттар? Қайда индустрияланған, жаңа технологиямен, жаңа техникамен қаруланған Қазақстан? Кешегі соңғы телемост арқылы ашлған өндірістердің жақсылығын ғана тілеумен отыралық, бұрынғылардың не болғанын жақсы білеміз...                           .
 

Осы уақытқа дейін, қарапайым халық билікті өзгертелік деп ойлаған жоқ, халықты билікті өзгертуге итермелейтін биліктің өзі! Оған төмендегі мысалдар куә:                               .
1. 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасы, себеп не, себеп әлеуметтік жағдай, жемқор биліктің шешімінің дұрыс болмауының нәтижесінде халықтың өз баспанасын қорғауға шығуы.                          .
2. 2011 жыл- «Жаңаөзен оқиғасы» ( оқиға ма, басқа ма ) тағы да әлеуметтік жағдай, мұнайшылар жеті ай бойы өз жалақыларының шешілуін күтті, Үкімет не істеді, шешті ме? Қайғылы оқиға қаншама адамның өмірін қиды, ос оқиғаны дер кезінде шешуге болмайтын ба еді? Билік кімнің жағында болды?...
3. 2016 жылғы- Жер мәселесіндегі халықтың толқуы, мораторий жариялаумен, қоғам белсенділерін ұстап, соттаумен аяқталды.                              . 
4. Қазіргі жағдай: билік жоғарыдағы жағдайлардан ешқандай қортынды жасамағандығын, халық талбына мойындарын бұрып та қарамайтындығынан байқауға болады.. Биліктің үш тармағы деген жойылды, қалған екі тармақ сот жүйесң мен атқарушы орган тек қана билікке қызмет етеді. 
Адам құқықтарын бұзу, Констиуция баптарын өзгерте салу билік үшін ойыншыққа айналды, сот шешімі тек қана жоғарғы жақтың шешімін ғана орындайды. Басқа елдерге қарайықшы, тіпті көршіміз Қырғызстанды алайық бейбіт шеруен жасағысы келсе, кез келген уақытта шығады, ал бізде қалай? Басқа уақыттағыны айтпағанның өзінде кеше тәуелсіздік күні адамдарды себепсіз ұстап, тіпті көшеге шықпаған қоғам белсенділерінің өзін үйлерінен алып кетіп, ішкі істер бөліміне апарып жауап алу деген не сұмдық? Қай ел де, қай жер де көшеде кетіп бара жатқан адамды себеп салдарсыз ұстап сүйрей жөнеледі? Бұл Қазақстанның қай заңында көрсетілген? Кім сонда заңды бұзып отырған, Желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, гүл шоғын қоямыз, ата салтымыз бойынша құран оқытамыз деген халық па, болмаса, құқық қорғау ұйымының қызметкерлері ме? Құқық қорғаушылар құқық бұзушыларға айналып отыр ма? Бұны қалай түсінбекпіз? Халық пен билік арасында көпір болатын, кикілжің мәселелер туса шешеді деген Парламент депутаттары мен Халықтар достығы ассамблеясы деген ұйым мүшелері қайда қарап отыр? Неге бұлар дер кезінде осындай жағдайларға ауыз ашпайды? Қараңыздар, ағайын, жоғарыдағы әлеуметтік жағдайларды саясаттандыратындар кімдер, ойланып қараңдаршы? Саясатқа жолағың келмесе де, биліктің итермелеуінің арқасында, саясат сені табады!                            .
Кеше тағы да билік түгел халқымыздың бетіне шіркеу болатын, тағы да бір қоғам белсенділерінің сотының куәсі болдық! Тағы да өз құқығын, өз талаптарын қоюшы қоғам белсенділерін Кенжебек Жақсылықұлын, Алмат Жұмағұловты, Орынбекті жала жабу арқылы 8-9 жылға соттап жіберді. Кенжебек халық ақыны, жәй ғана күзетші, Алмат заңгер, өз құқығын жақсы білетін, заң жүзінде ғана құқығын талап ететін азамат, не үшін сотталды бұлар, арттарынада жылап еңіреп бала-шағасы қалды, миллиардтап жеп, сотталып жатқандарға, билік басындағыларға сотта гуманизм қағидасы қолданылады, қарапайым азаматтар заңда көрсетілген құқықтарын қорғаймыз деп сотталып кетеді, Қайда әлеуметтік теңдік, бұл нағыз әлеуметтік теңсіздік емес пе? Бұл процесс арқылы биліктің бет пердесі ашылды. Халықтың, 150 жылдан бері келе жатқан отарлау саясатының нәтижесіндегі саналарының жаңғырмауының кесірі, қазіргі биліктің сөзбен ғана айтып, іспен керісінші істеуінің арқасында, халықтың мойынына несие қамытын кигізіп, қызметіңнен айырамыз деп зәрезеп қылып қорқыту, үркіту саясаты осы әлеуметтік теңсіздікке апарды. Бұл процесс халықтың бетіне шіркеу болып жамылды, халық «елім, жерім,тілім» деген азаматтарына қорған бола алмады! Бұндай жағдайда ел қорғайтын ерлер қайдан шықпақшы? Мына түрімізбен шетелдегі қандастарымызды қалай қорғамақпыз, бос сөз, жалған ұран кімге қажет.
Алдарыңда негізгі мәселе президент сайлауы тұр, менің өз басым осы мәселені бірнеше рет көтердім, мыңқ ететін бір қазақ жоқ! Қазақтың оянғаны осы ма? Бірігейік десең жағаңа жармаса кетеді, тіпті бірігуді митингке шығу деп түсінетіндер де бар. Кішкене шегініс жасап бірігу мен бейбіт шеруге шығуға тоқталайық.
1. Бірігу- қоғамдағы бүкіл түрлі азаматтық- қоғамдық ұйымдардың, қозғалыстардың, кәсіподақтардың, жеке адамдардың бір мақсат үшін, бір тілек үшін жиналуы, ұйымдасуы, «бір жеңнен қол шығару..» десек те болады, тактикалық мақсат.                          .
2. Митинке шығу- бұл бірігудің нәтижесінде билікке бейбіт шеруен арқылы саяси, экономикалық, әлеуметтік талаптарын жеткізу.                           .
Жалпы митингке шығу Аблязов мырза айтқандай оңай нәрсе емес, митингке шығу үшін алдымен оны үйымдастыру мәселесі қатаң тұрде қолға алыну керек, әсіресе митинг кезінде арандатушылыққа жол бермеу керек, колоннаның жан жағында ерікті жасақтар колонның тәртіп сақтауын қатаң бақылау керек, колоннаның ішінде арнайы биліктің жіберген арандатушылары болуы мүмкін, 1905 жылғы «қанды жексенбі» аталған оқиға естеріңде шығар, бұл оқиға арандатушылардың себебінен болғандығын білеміз. Бұл қорқыту емес, ескерту деп түсііңіз, шығу , шықпау өз құқығыңыз. Біздің биліктің бейбіт шеруенге қалай қарайтындығы сіздерге де белгілі.                                        .
Биліктің де ойланатын кезі жетті, халықты үнемі қорқытып ұстауға болмайды. Шыдамның да шегі бар, қазанда қайнай-қайнай бұрқ етіп қақпағын лақтырып тастайды. Міне сондайға жол бермеу биліктің міндеті, бір уақыт өздері айтқан «халықтың әл-ауқатына, әлеуметтік жағдайларға көздерін кеңірек ашып қарау керек. Халық қозғалмасын, халық қозғалса, бір мезгілде –ақ билікті төңкеріп тастай алады. Сондықтан биліктің ойланатын кезі жетті! Ал халықтың алдында екі-ақ жол тұр: бірі-эволюциялық, бірі-революциялық... Аман болайық, Қазағым!

 

Санат Сүгірәлі, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер