«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сен айтпасаң кім айтады . бұл шынды?
Сен айтпасаң кім айтады . бұл шынды?
Дайындаған: 3 ай бұрын

Сен айтпасаң кім айтады бұл шынды?
Құртпақ болып жатыр бәрі жұртыңды.
Ал, сен болсаң майға шылап ұртыңды,
Ойлайсың тек қарын менен құлқыңды.

 

Елге қорған, пана болмай ұл сынды,
Жалтақтайсың қорқақ көжек, құл сынды.
Басқаларға бата алмайсың бір түрлі
Бауырыңа едірейтіп мұртыңды.

 

Ата- бабаң ел қорғауға ұмтылды,
Өсиеті неге олардың ұмытылды?
Қиын күнде қорғамасаң ұлтыңды,
Төбеңдегі кім түреді бұлтыңды?

 

Жын ойнақпен қарық қылды жұртыңды,
Жарнамалап арзан күлкі жырқылды.
Жылтыратып сылай бермей сыртыңды,
Доғар енді құрғақ қиал былшылды.

 

Басқалардың басынды ғой есегі,
Жат жұрттарға жібердік қой есені.
Атой салар ұран қайда кешегі,
Ұлтым дейтін қайда ұлдың кесегі?

 

Пенде болсаң еркек болып жаралған,
Сілкіп тастап жаттың қолын жағаңнан.
Қорға елді, қорға жерді таланған,
Қылышыңды жауға қайра жаланған.

 

Артық емес сенің жаның бабаңнан,
Ұрпақ үшін жан берісіп жан алған.
Ұран салса бәрің табыл алаңнан
Егер қарғыс алмаймын десең балаңнан!

 

Р.S.
Ер ұлдарың батыр болып жаралған,
Жапа шегіп сан жаладан жамалған.
Қара тұтар қара ормандай ел барда,
Жалғыз қалып жас сықпасын жанардан!

 

Мұқтарбек Тұрысбекұлы, ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер