«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Үмбетхан Сәрсембин, ф.ғ.к: Ел өзінің мәдени тізгінін өзі ұстау үшін өз мәдениетіне қызмет етуі қажет
Үмбетхан Сәрсембин, ф.ғ.к: Ел өзінің мәдени тізгінін өзі ұстау үшін өз мәдениетіне қызмет етуі қажет
Дайындаған: 1 ай бұрын

Әр ғасырдың ұрпаққа қояр өз міндеті бар. Қоғам мен заман өзгергенімен

 

уақыт сол қалпында қалады. Сол сияқты ұлт мүддесінің де ұрпаққа

 

қояр талабы уақыт өрісінде өз қалпында сақталады. Техника

 

ғасырының табалдырығын аттаған қазақ жастарының (алаш

 

зиялыларының) ойлаған нәрсесі тек қана ел мүддесіне бағытталып

 

отырса, бүгінгі ақпараттық кибернетика дәуірін аттағалы отырған

 

уақытта қоғамымыздың алдында тұрған мәселелер, нәрселер

 

алдыменен ұлт руханиятын тегіс игеруді, ұлттық болмысты,

 

құндылықтарды сақтап, дұрыс пайдаланып, нығайта білуді жастардан

 

талап етуде. Бұны айтып отырған себебіміз, сол кездегі қазақ жастары

 

шығыс пен батыс мәдениетінің арасындағы орнай бастаған әлеуметтік-

 

саяси, ғылыми байланысты, жаһандану құбылыстарын және одан

 

туындайтын қарама-қарсы, өмірімізге қайшы келетін нәрселерді ерте

 

біліп, зерделеген.

Жаһандану адам қолынан жасалған құбылыс. Бұл адамзаттың тұрмыстық әлемін ғана емес, мінезін де өзгертуге ықпал етеді. Жаһандануда құндылықтар бағдары, адамның таңдау, бағалау прин¬ципі өзгере бастайды, дәстүрлі мәдениеттердің жұтылып кету қаупі де көрінуі мүмкін. Осындай жағдайда ел мүддесіне ара түсіп, ұлтты ұлт ретінде сақтайтын дүниелерді қамқорлап, оны жалғап отыру ұрпақтың міндеті. Қашанда заман өрісіндегі өткінші, өзгермелі, адамды жеңілтектікке, тексіздікке итермелейтін нәрселерге қарсы тұру үшін әлеумет бойында білім, тәжірибе, білікті ой мен сезімталдық жеткілікті болуы қажет. Көкірегі ояу, сергек орта әдепсіздікке жол бермейді, барлық қоғамдық сана феномендеріне тарихындағы тәжірибемен қарайды. Адамның табиғаты мен болмысын, сол арқылы мінезін өзгертетін жасанды дүниелер қашанда орын алған, ол әрдайым бола береді. Сондықтан да, жастардың ең басты міндеті ұлтын ұлт еткен құндылықтарды уақытында білу, оның өрісіндегі білімін, қасиетін уақытында зерделеу. «Өмірді өлеңмен ғана емес, өзінің өмірімен суреттей білу ірі жанды адамның ғана қолынан келмек.

Біздің міндетіміз – өткенді аударып, ішінен көрнектілерін аршып ала білу, кешегі милы қазақтың «ескісіз жаңа болмайды» деген мәтелін киімнің қолтығына ғана қамап қоймай, балапан әдебиетімізге де қабыстыру» – деп жазып кеткен Мағжан Жұмабаев. Бұған дейін де айтып отырғанымыздай, елді, мемлекетті сақтайтын, өрісін кеңейтетін оның болмысы. Қазіргі заманда өзінің тарихын, мәдениетін, мәдени құндылықтарын, атап айтсақ тілі мен дәстүрін насихаттап әлем елдерінен мәдени орталықтарын құру үшін экономикалық, саяси, білім мен ғылыми бағытта жанталаса жұмыс жасап жатқан елдер аз емес. Ғылымы, экономикасы күш алған мемлекеттер қазіргі таңда әлемде өз мәдениетінің, өз тарихының, өз өнерінің, өз білімінің, өз тілінің және өз экономикасының өрісін кеңейтіп, кеңістігін қалыптастыруды көздеуде. Экономикалық бәсекелестік, мәдениет пен мәдениеттер арасындағы күрес, адамның болмысын, сол арқылы ел болмысын әлсірететін қай¬шылықты жаһандық құбылыстар мен жаһандық құбылыстар қайшылығы орын алған дәуірде біз не істеуміз қажет деген заңды сұрақ туындайды. Ел өзінің мәдени тізгінін өзі ұстау үшін өз мәдениетіне қызмет етуі қажет. Мәдениетіне күш беретін ұлттың өз құндылықтары. Төл әдебиетімен өмір табалдырығын аттаған қазақ балаларының тарихта қабілетімен тұлғаға айналғандығы баршаға аян, яғни қанша әлем тәжірибесін (білім, ғылым, өнер) иеленіп, өркениетті болса да олар қазақ болудан таймаған, біз де осылай болуымыз қажет. Зиялыларымыздың тарих күшіне айналған осы бір көрегендігі коптеген нәрсенің мән жайын зерделеуге жетелейді.

Әлихан Бөкейханов жазып кеткендей, «Үлгісіз – рәсімсіз өскен, алдында көргені қаптама өсек, өтірік – жала». Ұрпаққа қашанда үлгі көрсететін, жастарды мемлекетімен, қоғамымен, тарихымен және болашаққа бағыттап, біріктіріп отыратын – тарих, мәдениет, дәстүр, ұлттың руханияты. Бүгінгі жаһандану заманында елдің тұтастығын, бірлігін нығайтуды көздейтін әлеуметтік философия міндетті түрде сол елдің тарихының, мәдениеті мен дәстүрінің, руханиятының тәжірибелеріне сүйенетіндігі ақиқат. Қазақ ұлтының рухани дүниесі, оның бойындағы құндылықтар, заманынан қалмайтын білімін, өміршеңдігін сақтап қала бермек. Бұның қасиетін ұғынып, дұрыс пайдалана білген ұрпақ буын тарихта өзіне лайықты орынды иеленбек. 

Тарихта ұлтымызды сақтап қалған оның ділі, діл алдыменен тілді сақтайды, ал, діл сақталу үшін тарих оқылуы, зерделеніп насихатталуы керек, ұлттың мәдениеті, дәстүрі, діні таза болуы және сақталып отыруы қажет. Белгілі философ ғалым Сәбетқазы Ақатай ағамыз осыдан біраз уақыт бұрын ұлттық діл мәселесін арнайы көтерген еді. Тарихымыздағы тұлғаларымыздың ұлттық мүдде тұрғысындағы идеяларын, қызметтерін және рухани мұраларын негіздейтін қазақтанушы ғалымдарымыздың, әдебиетшілеріміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттарда жазған мақалалары, бүгінгі заманда өзектілігін жойған жоқ, жоймайды да. Себебі мемлекеттің байлығы ұрпақ, ұрпақтың байлығы ұлтының, қоғамының рухани дүниелері. Рухани дүниелеріміз мемлекетіміздің, ұлттық болмысымыздың қорғаны, негізгі іргетасы…

 

Үмбетхан Сәрсембин, философия ғылымының кандидаты.

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер