«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Көзіміз түк көрмейді... . Құлағымыз саңырау...
Көзіміз түк көрмейді... . Құлағымыз саңырау...
Дайындаған: 1 ай бұрын

Қытайда ұлы нәубетті бастан кешіп жатқан қандастарымыздың тағдыры жайлы ләм деместен, аузымызды буып отырғанымыз елдігімізге сын! Оқиға тура бір қазақ халқының емес, өзге ұлттың басынан өтіп жатқан сыңайдамыз. Көзіміз түк көрмейді. Құлағымыз саңырау. Тіліміз жоқ! Ал сол үш миллион қазақтың ішінде сіз болсаңыз не істер едіңіз? Қытай қазағы да өзіміздің бауырымыз емес пе? Бүгінгі күн өтер де кетер. Бірақ ертеңгі күні ұрпақ алдында осы үнсіздігіміз үшін, осы бейқамдығымыз үшін не деп ақталамыз? Қалай ақталамыз? Біз қанша ақталғанымызбен, болашақ бізді кешіре ме? Ұлт болып сақталып қалуымыз үшін, мемлекеттің бұлдыр болашағының тұманын сейілту үшін көбеюіміз керек қой! Көбею үшін бірлік керек. Мамыражай, ұйқылы-ояу бірлік емес, ұлттың құқығын талап ететін белсенді бірлік керек! 
Мына бір оқиғаны біраз уақыттан бері жазар-жазбасымды білмей келіп едім. Амал жоқ, жазуға тура келді. Осы жақында маған алыс елдің бірінен бір жас жігіт телефон шалды. Кезінде Қытайдан оқу оқуға кеткен екен. "Осыдан үш жыл бұрын Қытай барлық студентті кері шақырды. Үш мың бала Қытайға қайтты. Ішінде менің қайынағам мен келіншегі де бар еді. Үш мың студентті түгел "саяси үйрену" лагеріне жауып тастапты. Қазір олардың қандай күй кешіп жатқанын білмейміз. Қайынағамның кішкентай балалары да қайда екенінен хабарымыз жоқ. Мұнда жеті қазақ жігіті қалдық. Қытайға қайта баруға қорқамыз. Осы елдегі Қазақстан Республикасының Елшісіне азаматтық беру туралы бірнеше рет өтініш жазып өткіздік. Бірақ неге екені белгісіз, бізге "азаматтық берілмейді" деп ауызша ғана жауап береді де, құжаттарымызды кейін қайтарады. Себебін ашып айтпайды. Жақында оқуымыз да аяқталады. Сосын, бізді кері қайтарады. Бізге көмектесіңізші" дейді.                       . 
Мен қандай көмек бере аламын? "Еуропа мемлекеттерінен саяси баспана сұраңдар" дедім. Оның жолын да айтқандай болдым. Қытай азаматтарының визасыз бара алатын мемлекетінің біріне барып, саяси баспана сұрауға болатынын айттым. Сөйтсем, әлгі жігіт "жанымдағы жігіттер сөйтетін шығар. Ал мен ешқайда шыға алмаймын" дейді.                                                    . 
Әңгімесінен ұққаным, екі баласы бар екен. Үшінші баласын сол оқу оқып жатқан елде туыпты. Ата-анасы Қытай азаматтары болғандықтан, кішкентай нәрестеге туу туралы куәлік те бермеген. Ал құжаты жоқ сәбиді шекарадан алып шыға алмайды!                                        .
Басым қатып кетті. Қазір мүмкіндігімізше, осы мәселені шешудің сан түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Ол жігітті отбасымен Қазақстанға шақыртқаннан пайда жоқ. Өйткені, бала-шағасы түгелдей Қазақстан азаматы болса да бір Сайрагүлдің мәселесін мемлекет шеше алмай отыр. Оған әрине, енді келіп, екінші "Сайрагүл" мәселесі қыстырылғанын қаламайды. Біздің біліксіздігіміз бен бейғамдығымыздың кесірі осылайша басқа қазаққа тиіп жатыр. Өте өкінішті жағдай...                          .
Пысы: Қазақ студенттерінің қауіпсіздігі үшін аты-жөндері мен оқып жатқан мемлекетті атамауды жөн санадым.       

                 . 
 

Тоқтар Жақаш,   ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 


 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер