«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазақша сұраңыз!
Қазақша сұраңыз!
Дайындаған: 2 ай бұрын

Ең жоғарғы статус...
Тіл туралы заңда ең жоғары статус – мемлекеттік тіл статусы. 2007 жылы Мәжіліс депутаты, ақын Мұхтар Шаханов бастаған бір топ депутаттың: «Конституция бойынша орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей болып табыла ма?» деген сұрағына Конституциялық Кеңес: «Ата заңның 7-бабы 2-тармағы бойынша «Орыс тілі мемлекеттік тілмен қатар қолданылады» деген сөз – орыс тіліне мемлекеттік тілмен бірдей статус бермейді» деп, арнайы Қаулымен жауап берген болатын. Бұл дегеніміз «орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей» деген сөз ойдан шығарылған, орыстілділер жасап алған «жалған статус» дегенге саяды. Демек сізге қандай тілде сұрақ қойылса да, қазақ тілінде – мемлекеттік тілде жауап берсеңіз – заңды болады. Біздің кемшілігіміз заңды орнымен пайдалана алмаймыз, талап етуді білмейміз. Қазақ елінде тұрып, дүкен сатушысынан бастап, министрге дейін Ресейдің тілінде сайрайды. Реті келсе «қазақша айтпайсыз ба?» деуге ғана шамамыз жетеді. 
Қаламызда үлкен сауда орындары «Magnum», «Small», «Жібек жолы» (бұл аталмыш сауда орындарының бәрінде бірдей брендтік дүкендер бар) болса, ондағы жұмыс жасап отырғандардың көбі қазақтар. Өзің қай тілде сұрасаң, сол тілде жауап беретін жастарға риза боласың, десек те тілдерін әдейі бұрмалап сөйлейтініне қынжыласың. Неге таза қазақшаңды бұрмалап тұрсың десең, «узыме усылай унайды» дейді. Мысалы «әдеміні» — «адемы», «ойладың ба?» — «уйладын ба?», «өзіме» — «узыме» деп сөйлеуді сәнге айналдырған. Бірыңғай орысша шүлдірлеп кеткеннен, әйтеуір қазақша сөйлеуге талпынып жүргеніне шүкір дейсің. Қаншама сауда орындарында болдық, байқағанымыз қазіргі уақытта әрбір тауар белгісі мен жарнамалары міндетті түрде қазақша жазылып тұрады, қазақ тіліне деген бетбұрыстың оң бола бастағанын білдіреді. «Жеңілдіктер аллеясы», «Жемістер, көкөністер» т.б. жазулардың қазақшасы көз қуантады. Бұл — «ең жоғарғы статусқа» еге болғанына 30 жыл толып отырған тіліміздің 98% қазақтар тұратын Сыр еліндегі осы бетбұрысына да риза болған бейшаралығымыздың көрінісі. Басқа өңірлердің көбінде бұны да көре алмай жүрміз.

 

Кінә өзгеден емес...
Қазақтар қожайын болғанды қалайды. Соңғы уақытта сырттан өзбек бригадасын жалдап үй салдыратын болды. Мейлі дейік, алайда сол өзбектер біздің қазақтарды іштей сыйламауы мүмкін. Өйткені кейбір қожайындар сол өзбектің тілінде сайрап мәз болып отырады. Жалшысының тілінде сөйлеп тұрған қожайынды кім сыйлайды? Өзге елде жалданып жұмыс жасап жүрсе де, өз тіліндегі әндерді қосып тыңдап, өз тілінде мәз-мейрам болып ас-суын ішеді.

 

Өз тіліңіздің қорғаушысы болыңыз!

 Кезінде он бес одақтас республикалардың бірі Грузияның туған тілінің тамырына балта шаппақ ниетпен Кремль тарапынан ашықтан-ашық шабуыл жасалды. Кеңес билігі гүрзілердің ұлттық тілінде шығатын республикалық газетін жауып тастағысы келген. Тілінің азаттығын, еркіндігін қорғап қалғысы келген гүрзілер жұмылып жұдырық болып, әр грузин бес-бес данадан газетті жаздыртып алады. Осылайша, ана тілінде жарық көретін газеттерін аман алып қалған еді... Осындай әдістермен одақтас республикалардың барлығы дерлік өз ана тілін сақтап қана қоймай, ғылым, білім тіліне айналдыруда.
Қытайдың ұлы ойшылы Күңзыдан «Егер бір елді басқарсаңыз, алдымен қандай істі қолға алар едіңіз?» деп сұраған екен. Сонда Күңзы еш іркілместен «Ұлттың тілін тәртіпке келтірер едім. Өйткені тілі бұзылса, ұлттың рухы мен әдет-ғұрпы бұзылады. Рухы мен ғұрпы бұзылса, әділет пен ақиқат жоғалып, халық жоғалу қаупіне ұшырайды» депті. Б.Момышұлы «Қазақ тілінің беделін түсіріп, бүлдіретіндер өте қауіпті, зиянды болғандықтан, барлық орыннан қуылуы керек» дегенді айтқан. 
Тағы да қайталап айтамын, талап ете біліңіз. Орындалады! Ұлты қазақ азаматтың көп алдында орысша шүлдірлемей, қазақ тілінде сөйлеуін бәріміз де талап етейік. Ал өзге ұлттың өкілдері сөйлемесе сөйлемесін. 
«Тіл сақшысы» рейді, қолыңызға алып парақтап отырған «Тіл сақшысы» газеті тілімізді қорғаушы екенін ұғыңыз. «Тамшыдан теңіз» жасағалы жүрген еңбегімізге сіз де үлес қосыңыз, тіліміз төрге шықсын десеңіз...    

Жанар Тұрдыбекқызы
«ТС» рейд

 

Сәдуақас Аңсат,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер