«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазақтың тоғыз танымы...
Қазақтың тоғыз танымы...
Дайындаған: 1 апта бұрын

     «Қазақтың тоғыз танымы, сегіз сенімі және жеті жетістігі» атты жазбаларымды не үшін нөмірлеп беріп отырмын?                                      .
      Орыс ағайындардың осы уақытқа дейін қазақтардың санасына сіңіріп келген «сасық» идеологиялары көбінесе еуропа әдебиеттерінің тікелей аудармасы екенін байқаған соң, соңғы он жылда дереккөздерді тікелей еуропа әдебиеттерінен оқитын болдым. Сонда көзіме түсе берген бір нәрсе, еуропа ғалымдарының ғылымның қай саласында болмасын (тіпті фольклор тақырыбының өзінде), сөздер мен сөйлемдерді нөмірлеп тізетіндігі еді.

      Соны ешбір түсіне алмай жүргенде, екі жыл бұрын Австралия (Ұлыбритания) ғалымы Питер Мейер деген еврей ғұламасы менің шақыруыммен Алматыға ұшып келді. Мен оған қазақтардың «Тоғыс есебі» күнтізбесі туралы баяндай бастағанда, ол мені жиі-жиі тоқтатып қойып, айтқандарымды нөмірлей бастайтын. Мен одан «менің сөздерімді не үшін нөмірлей бересің?» деп сұрадым. Ол қуақылана жымиып: «байқаймын, қазақтар сөзі көп халық екен, сөздеріңді қалай тартсаң, солай қарай созыла береді» деді. Тағы да түкке түсінбедім. Менің 35 жыл зерттеген нәрселерімді Питер нөмірлеп отырып, небәрі бір аптаның ішінде бас-аяғын түгел ұғып алғанда барып, сөздер мен сөйлемдерді нөмірлеудің «құдіретін» ұқтым.      

      Мысалы, көз алдыңызға орыс химигі Д.И.Менделеевтің 1869 жылы ашқан «Химиялық элементтердің периодтық жүйесін» нөмірсіз елестетіп көріңіз. Қиқы-жиқы қысқартылған сөздерден (H, He, Li ... Ubq, Ubp, Ubh) не ұғар едіңіз?! Питер ақсақал көп уақытын бөліп, маған нөмірлеудің «құпияларын» үйретті.

      Содан бастап, кез келген зерттеуді «нөмірлемей» жүргізбейтін болдым. Осы тәсілмен «Қазақы тарихтың жаңаша танымын (отыз үш бөлім)» түгел нөмірлеп шықтым. Тұп-тура 380 азат жол болды. Айтпақшы, азат жол демекші, егер бір беттік жазбаны қысқартып, небәрі бір азат жолға сыйғызып жазуды меңгермесең, құр нөмірлеуден ешбір пайда жоқ екен. Питер бұл тәсілді де маған жақсылап үйретті. Әрине бұл екі тәсілді үйрену үшін о баста Құдай берген қабілет керек. Ол біреуде бар, біреуде жоқ. Кез келген ғылымды оңай меңгерудің адастырмайтын үш жолы осылар. Мұның біреуі кем болса, бұл қызықты тәсіл жұмыс істемейді.

     «Қазақтың тоғыз танымы, сегіз сенімі және жеті жетістігі» атты жазбаларым, өз-өзінен бұл жазбаларымның 24 тақырыпқа (9 + 8 + 7 = 24) бөлінетінін көрсетіп тұр. Мысалы, «Қазақы тарихтың жаңаша танымы (отыз үш бөлім)» 33 бөлім, 380 азат жолдан құралса, кейбір тақырыбымда небәрі 3 не 4 азат жол ғана бар. Сырттай қарағанда мұның бәрі қалай болса солай, абыл-сабыл (хаотично, спонтанно) түзілген сияқты болып көрінсе де, бұл жазбалардың бәрі де ең баста ойластырылған «ерекше формула» бойынша түзілді. Бұл формуланың құпиясын Питерден үйренемін деп самайларымдағы қара шашымды аппақ қырау шалды. Бірақ құдайға шүкір, ол формуланы қалай түзуді де үйрендім. «Facebook»-те күн сайын өздеріңіз оқып жүрген қысқа жазбаларым да осы формулаға сәйкес түзілген. Мен өзім айтпасам, оны сіздер ешқашан да түсінбес едіңіздер. Біреуі ұзын, біреуі қысқа жазбаларым үнемі жүйелі түрде жалғасып, бір-бірін толықтырып отырады. Есесіне сіздер жазбаларымды рахаттанып оқып, миларыңыздың шаршағанын сезбейсіздер.  

      Бірақ көптеген сөздерім, айтпақ ойларым саналарыңыздың қыртысына рет-ретімен жиналып жатыр. Әрине оның сіздерге пайдасы тимесе, ешбір зияны жоқ. Тат басып табандап жабысып қалған логикалық ойлау жүйелеріңіз қазір қозғалысқа түсіп жатыр. Одан ұтпасаңыздар, ұтылмайсыздар. Мысалы, менің осы жазбаларымды үнемі оқитын Тоқберген мырзаның алғашқыда сөздері быдық-сыдық болса, қазір ойларын тәп-тәуір жақсы жеткізіп, жақсы жазып жүр. Сіздер де жазбаларымды оқыған соң, қысқа коммент жазып отыруды әдетке айналдырыңыздар. Болашақта өз парақшаларыңызда ойларыңыз бен ниеттеріңізді тәп-тәуір жақсы жеткізетін болып қалғандарыңызды байқамай да қаласыздар. Іске сәт ағайын!

Қалдархан Қамбар,  ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер