«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Көз тигеннен емделу қиын . . . емес
Көз тигеннен емделу қиын . . . емес
Дайындаған: 4 апта бұрын

Кешегі аптада кішкентай нәрестем қатты ауырды. Ыстығы түспей, үш күн қиналдық. Дәрігерлер неше түрлі дәрі-дәрмек жазып бергенімен одан еш шипа болмады. Ақырында көршілердің кеңесімен Айша есімді бала «үшкіретін» апаға алып бардық. «Балаға көз тигенде тамағы ауырады, ыстығы шығады. Назарланып қалған ғой», – деп білген дұғасын оқыды. Сосын бізге төмендегідей кеңес берді.

 

      «Қызым, Пайғамбарымыз екі немересі Хасан мен Ху­сейн­­ді көз тиюден сақтау үшін мына дұғаны оқыған екен:  «Уьизукумә би-кәлимәтил-ләһит-тәммәти мин кулли шәйтанин уа һәмматин, уә мин кулли ьайнин-ләммәһ». Қазақша мағынасы: «Сендерді бүкіл шайтаннан, әрі түрлі зиянкестерден және сұқ көзден сақтай гөр деп Алланың кәміл сөздерімен сыйынамын».

 

       Бұл – сәбиді тіл-көзден сақтауға арналған дұға. Той-томалаққа немесе сәбиді сырт жерге апарарда дәрет алып, балаңыздың атын айтып, жоғарыдағы дұғаны оқығаныңыз дұрыс. Тіліңіздің икемі келмесе қазақша мағынасын айтуға да болады.

 

       Алда-жалда көз-сұқ болса,  сәбидің арқасында немесе бетінде қара дақтар пайда болады. Емшек­ ембей қалады. Омыраудан шыққан бала болса,­ аузына­ тамақ апарсаң, басын алып қашады. Бұл өткір көз тигендегі жағдай. Ал көз жанай немесе жеңіл тисе бала мазасызданып, ыстығы көтеріліп, тамаққа бұрынғыдай тәбеті тартпай, тек сүтті ғана қорек етеді. Көңілі жабырқау тартып, айналасында болып жатқан нәрселерге елең етпейді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, жата береді. Дәрігерлер көз тиген балаға ешқандай диагноз қоя алмайды. Бұл меди­циналық жолмен емдейтін ауру емес.

 

         Балаңызға көз тиді деп күмәндансаңыз, онда былай ету керек: Егер балаңызға көзі тиген адамды мөлшерлеп білсеңіз, (кейде үйіңізге бір ғана қонақ келіп, балаңыз ауырып қалатын жағдай болады ғой), оған жағдайды түсіндіріп айтып, жеңіл дәрет алғызып, дәрет суымен баланы шомылдырсаңыз, дереу сауығады.

 

         Ал көзі тиген адам белгісіз болған жағдайда, онда «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Аятул күрсі» сүрелерінің біреуін оқып, денесін толықтай сипалап шығасыз. Немесе «Фатиха», «Ықылас», «Фәлаһ», «Нас», «Аятул күрсі»  сүрелерінің біреуін таза суға оқып, балаға ішкізесіз.

 

         Сіздің балаңызға біреудің тіл-көзі тиеді екен, ал сіздің тіл-көзіңіз біреудің баласына тимей ме? Әрине, тиеді. Ол үшін не істеу керек?  Бөтен баланың әдемілігіне қатты сүйсініп, таңқалған жағдайда: «Алланың құді­реті», «Алланың жаратқаны» деп айту қажет. Ақиқатында өз көзіңіз бен сөзіңіздің сұғын қай­таратын бірден-бір амал – оның тек қана Алла тарапынан болғанын айту».

 

Айша апаның айтқан ақылын әрбір жас ана жадында ұстаса екен. Балаларымыз ауырмасын, ағайын!

 

С. Икрамқызы

 

Zamana.kz

 

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер