«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Бөлтірік шешеннің нақыл сөздері...
Бөлтірік шешеннің нақыл сөздері...
Дайындаған: 3 апта бұрын

– Сөзден тәтті нәрсе жоқ.

Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ.

Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.

Сөзден ауыр нәрсе де жоқ.

                 *

Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.

Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт.

                 *           

Не сөйлейтініңді біл,

Кімге сөйлейтініңді біл,

Қай жерде сөйлейтініңді біл,

Қай кезде сөйлейтініңді біл,

Қалай сөйлейтініңді біл,

Оны білмесең, сара сөзің шала болады,

 Арты жала болады.

                 *

Жатқа сөйлеме,

Жаманға сөйлеме,

Асырып сөйлеме,

Батырып сөйлеме.

Жасқа сөйлеме,

Масқа сөйлеме,

Ұрыға сөйлеме,

Қараға сөйлеме,

Жаманға айтқан сөзден,

Жақсыға айтқан сөз дұрыс.

                 *

Жаман сөзден жақсы сөз дұрыс.

Ойсыз сөзден ойлы сөз дұрыс.

Ойсызға айтқан сөзден,

Ойлыға айтқан сөз дұрыс.

Айтылмай қалған сөзден,

Айтылып қалған сөз дұрыс.

Сөйлемес жерді білсең,

Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең,

Бәрінен де сол дұрыс.

Олай болмаған жерде,   

Қанша асыл десеңде,

Сөзіңнің алды бұрыс,

Арты – ұрыс.    

                 *

Екі ойлы болма,

Екіұшты сөйлеме.

Ұрының қасында жүрме.

Өтірікшінің қасында жүрме.

Өтірікшінің қасында тұрма.

Ежелгі доспен ұстаспа,

 Жаманмен кеңеспе,

Баламен егеспе.

                 *

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,

 Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді.

                 *

Ақылы жоқты аға тұтпа,

Ақылы жоқты аға тұтсаң,

Кішілігіңді кемшіліктей көрер.

Қасиеті жоқты қадір тұтпа,

Қасиеті жоқты қадір тұтсаң,

Кісілігіңді ерсіліктей көрер.

Ақылы жоқты аға тұтсаң,

Кішілігіңді кемшіліктей көрер.

 Тегі жаманды тең тұтпа,

Тегі жаманды тең тұтсаң,

Төріңе шығар.

Тілегі жаманды ес тұтпа.

Тілегі жаманды ес тұтсаң,

Төбеңе шығар.

                 *

Жақсымен жолдас болсаң,

Ел ұстанған тілектей болады,

Қыз ұстаған жібектей болады,

Жадыраған жаздай болады,

Айдын көлдегі қаздай болады,

Отау ортасындағы оттай болады,

От ортасындағы шоқтай болады,

Тұрағың алтын шырақтай болады,

Тұяғың асыл пырақтай болады,

Әттең, жалғана – ай...   

Мұнша дәулет кімге тұрақтай алады?...

 

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.k

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны