«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Досбол датқа айтқан екен...
Досбол датқа айтқан екен...
Дайындаған: 4 апта бұрын

      Ертеде, Досбол датқа ауырып жатқанда, оның ауылына көңілін сұрауға іштерінде Шоқай би бар, бір топ ел жақасылары барыпты. Олар аттан түсіп үйге кіргенде Досбол ұйқтап жатады. Сәлемдескен соң, Шоқай би оның жанында күтіп отырған әйеліне:

      – Датқа қатты науқастанып қалды деген соң, көңілін сұрай жиналып келген едік, – дейді.

Сонда, әйелі отырып:

      – Досекең, әлгінде тамақ ішкеннен кейін жантайып, көзі ілінді, – депті.

Шоқай би:

      – Досекең тамақ ішіп ұйықтаған болса қатер жоқ екен оған, қайтайық  мазаламай – деп олар орындарынан көтеріле бергенде, Досбол оянып кетіп Шоқай биге:

      – Арсыз ұйқы мен арсыз тамақ қой менің ұйқтап кеткенім, – депті. Келген адамдар қайта орнына жайланып отырған соң Шоқай би:

      – Досеке, осы дүниеде неше арсыз, неше даусыз, неше қадірсіз болады екен, – деп сұрақ қойыпты. Сонда Досбол би:

      – Үш арсыз, үш даусыз, үш қадірсіз болады. Олар мыналар:

      – Ұйқы, күлкі, тамақ арсыз. Бұл арсыздар пендені еркінен тыс билеп, ұятқа қалтырады.

      Қанға сіңген мінез, кәрілік, ажал даусыз. Оларға ешкімнің әмірі жүрмейді, ол әр пенденің тағдырының сипаты.

      Ден саулық, жақсы әйел, жігіттік дәурен қадірсіз. Бұларды ешкім уағында қадірлемейді, тек олардың қадірін уақыт озып айрылғанда өкінеді. Өкініштен не пайда олар қайтып келмейді, – деген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

     

     

     

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны