Аты жөні | Статус | Лауазымы | Э-почта | Телефон |
Алдамжаров Ғазиз | Қоғам қайраткері, саясаткер | Алқа төрағасы | ||
Дүйсембі Болат | Қоғам қайраткері, ақын, публицист | Алқа төрағасының орынбасары | ||
Қойшыбаев Бейбіт | Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы | Алқа төрағасының орынбасары | ||
Бәкірұлы Әбдірашит | Қоғам қайраткері, философ-публицист | Алқа мүшесі | ||
Аңсатов Сәдуақас | Саясаттанушы | Алқа мүшесі | ||
Шаяхмет Ақылбек | Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі | Алқа мүшесі | ||
Арман Қани | Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері | Алқа мүшесі |
![]() |
(USD) | //-// | ![]() |
(EUR) | //-// |
![]() |
(RUB) | //-// | ![]() |
(CNY) | //-// |
САЙТТЫҢ РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ
![]() |
|
Әлихан Бөкейхан айтқан...
Дайындаған: 1 ай бұрын
![]() Әлихан Бөкейхан белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі, Дала өлкесі, Семей облысы, Қарқаралы уезінде 1866 жылы 5 наурызда туған. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш саяси ұйым «Алаш» партиясын құрған, Алаш автономиясының (алғашқы Қазақ республикасы) төрағасы. * Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын. * Адам баласы қылып жүрген іс ой-ақыл болып басталады, сөз болып сөйленеді, ия жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады. * Кейінгіге ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс аламыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп, қарғыс лағнет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс.
*
* * Бірліктен айырылған ел қаңғып қалады.
*
*
* * Түзу қалам - қисайған, өткір қалам - мүжілген заман.
*
*
*
* * Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады.
*
*
* * Ақылды сөз қылмақ қиын, сөзді қылмақ мұнан неше есе қиын.
*
* * Бұл тіршілік үлкен талас, бір бәйге: жүйрік алады, шабан қалады. Жүйріктік ақыл, ұсталық жәһитшілікте. Еріншек езге жол бәйге, сыбаға, мүше жоқ.
*
*
* * Бөтен кісі қазаққа ешқандай жақсылық артып әкеліп бермейді.
* * Ер жігіттің белгісі – адасқанын мойнына алғаны. * Аз адам атқа міндім деп қасқыр болып жұртқа шапса, мұндай жұртта береке қайдан болсын? * Талас дүние – ғұмыр сипаты, талас тартыс жоқ болса, ғұмыр абақты болар еді. * Бұл заманда жылап мұратқа жетемін деу, аш түйенің күйсеуі болады.
* * Ғұмыр бәйгесіңде біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар! * Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт жұрт болып тіршілік көрмек емес. * Жалғыз жүріп өз басын қорғаса, кісі бәледен құтылады. Көппен жүріп өз басын қорғаймын десе, көпті құдыққа тығады. Көп мақсаты иін тіресіп, тізе қосып, бір жүрсе табылады. * Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмесін. * Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де, жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді. * Өз тізгініңді өзің алып жүре алмай, шатақ-даудан шықпайтын бір ескі ауруың бар-ау, қазағым! Қылығыңды көріп ішім күйеді.
* * Жұрт пайдасына таза жолмен тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді.
Өртте жүріп сабырлы болу – мақтауға сыймайды. Әлихан Бөкейхан
Aqsaqaldar.kz
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
|
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
![]()
Соңғы пікірлер
|