«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Найман Қаракерей Байжігіт биден қалған сөз
Найман Қаракерей Байжігіт биден қалған сөз
Дайындаған: 2 ай бұрын

 

Әділ бидің алдынан іс кетпейді,

Жәбірлікті бекерге істетпейді,

Ердің құнын, екі ауыз сөзбен шешіп

Абыройын кісінің еш төкпейді.

Қылар жақсы түймеден түйедейді,

Жөнін тауып, әр істі жүйелейді,

Жаман болса төреңіз, ептей алмай,

Ақ ісіңді қаралап күйелейді.

Дұшпандарды әділ би дос қылады,

Жаман би дауына дау қос тұрады,

Бұл бір мақал – киікті ата алмаған,

Атамын деп киікті бостырады.

Ұрысқанды жақсы би табыстырар,

Ақылымен жапсарын жабыстырар,

Жақсыларға жақсылық оздырады

Жамандарға жаман сөз қоздырады.

Жақсы менен жаманның нарқы басқа

Айта берсек бірталай сөз болады...

             *

Қараша үй деп, көп ауылдан қашпаңыз,

Тамаша үй деп, байды таңдап - аспаңыз.

Берекесіз ауылдың

Баққаны өсек болар,

Жатқаны төсек болар.

Берекелі ауылдың

Бақаны шаруа  шаруа болар,

Тапқанына қарны толар.

Еккені тары, бидай,

Жегені жарма болар.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны