«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қанай шешеннің жауабы...
Қанай шешеннің жауабы...
Дайындаған: 2 апта бұрын

       Бірде, біраз адамдар жиналып мәжіліс құрып отырғанда найманның Ақтайлақ биі Қанай шешенді сынау үшін:

      – Ер жігіттің басында бақыт нешеу, кемдік нешеу, құлазу нешеу? – деген сұрақ қойған екен. Сонда Арғын ішіндегі Қарауылдың  биі Қанай шешен, мүдірместен:

      – Ер жігіттің:

      Аты жүрдек болса, жалғанның пырағы.

      Алғаны жақсы болса, үйі қонағының тұрағы.

      Әкесі – асқар тауы, анасы қайнар бұлағы.

      Баласы жақсы болса, көзінің шамшырағы.

      Ұққан жанға, бақыт деген осындай болады.

 

      – Аты шабан болса, жалғанның азабы.

     Алғаны жаман болса, дүниенің тозағы.

     Баласы жаман болса, көрінгеннің мазағы.

     Осыдан артық жігітте қандай кемдік болады.

 

     – Қалың ел көшсе, көл құлазиды.

     Жайылған мал кетсе бел құлазиды.

     Нарқын танымаса , сөз құлазиды.

     Қатарынан қалған, шал құлазиды

     Қария құлазыса, өмірден көңілі қалады, – деп жауап берген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

    

    

  

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны