Барлы – барлы, Барлы тау:
Басы есеннің дені сау,
Ұйқтамаса қабақ жау,
Артық ішсе тамақ жау.
Арық атқа қамшы жау.
Жыртық үйге тамшы жау.
Ұрысқақ болса ұлың жау,
Керіскек болса келін жау.
Қашаған болса атың жау
Қарыспа болса қатын жау.
Тебеген болса биең жау,
Сүйкеншек болса түйең жау.
Биеңменен түйеңді,
Алып кетсе жиен жау.
Ұл он беске келгенде,
Қолға ұстаған қоңызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса доңызың.
Қасында өліп қалмаса,
Көрінгенмен өйнаса,
Бәріненде қызың жау.
Ел аузынан
Aqsaqaldar.kz