«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Саққұлақ би айтқан екен...
Саққұлақ би айтқан екен...
Дайындаған: 2 ай бұрын

 

     Ертеде Шорман елінің екі жігіті Баян жеріне жақын Ереймен жерінде аң аулап жүргенін естіген Кәрібай болыс қызғанышы қозып оларға пәле жауыпты. Уйездегі шенеунікке сол жігіттер ұрлық жасады деп арызданады. Оның соңы екеуін соттап жер аударады. Нахақтан сотталып кеткен екі жігітті арашалаған Шорманның  Мұстафасы қарт би Саққұлаққа жүгінеді.

    Саққұлақ би Кәрібай болысты шақыртып алады. Кездесу кезінде Шорманның Мұстафасы қарт би Саққұлаққа жорыта сауал қойған екен:

     – Биаға! Осы сағат деген немене, санат деген немене, жанат деген немене, болат деген немене, ағат деген немене? – деп.

Қарт Саққұлақ би тебірене отырып:

     – Тіршіліктің трегі,

 Кеудеңдегі жүрегің – сағат емей немене.

Екі жақсы бас қосып,

Жөнін тауып сөйлессе – санат емей немене.

Тоқтышақтың терісін,

Келістіріп істесе – жанат емей немене.

Жанашыр жақын ағайын,

Түгел болса маңайың – қанат емей немене.

Өткірлігі қанжардай,

Ауыздағы отыз тіс – болат емей немене.

Ұрыдай бір жол торып,

Аң аулатпай жер қорып,

Жігіттерін көрші ауыл,

Ұстатып нақақ соттатқан.

 Кәрібай болыс, інімнің,

Істеген бұл қылығы – ағат емей немене, – деген екен.

Сонда, Кәрібай болыс өзінің ағат кеткенін ұғып, үйездің шешімін тоқтатуға біраз шығынданып екі жігітті қайтартқан екен.

Саққұлақ бидің кесенесі

 

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны