«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Малтақанның жауабы
Малтақанның жауабы
Дайындаған: 1 ай бұрын

     Ертеде кіші жүзде кедейден шыққын сөзге шешен, тапқыр, кезі келгенде бай ма, кедей ме демей бетіне шындықты тура айтатын Бөкей өңірінде суырып салма ақындығымен аты белгілі Малтақан деген кісі болған екен. Бірде, өзінің біраз жасқа келсе де үйленбей жүрген баласы Сәпек әкесінен әйелдің қандайын алғаным дұрыс болады деп, ақыл сұрапты. Сонда Малтақан баласына:

    – Сыры терең, сиқы кетпейтін, шашы қалың торысын ал, – дейді. Сәпек:

    – Ол болмаса? – депті Сәпек.

    – Онда, қолы ашық мырза, сөзге жоқ тілі сараң аққұбаның мықтысын  таңда, – дейді.

    – Олда болмаса ше?

    – Онда, мұңға мұқалмайтын, жоққа жұтамайтын, ешқашан қажымайтын қатқан қараны ал, – дейді.

    – Ой, әке! Олда табылмаса қайтем, – депті Сәпек.

    – Олай болса, өңі сары көзі көк, былшылдаған сөзі көп, сылпетерді тауып ал, – дейді. Сонда Сәпек әкесіне ренжіп:

    – Ой, әке – ай, аузыңызға әйелдің көрікті бір аппағы түспегені – ай, – дейді.

 Сонда Малтағанның баласына:

    – Е, қарағымай! Жәй ағарғанның мәні жоқ, құр жылтырағанның дәні жоқ, дәні болмағанның сәні жоқ – деген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны