«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Жетес бидің жауабы
Жетес бидің жауабы
Дайындаған: 1 апта бұрын

Ертеде, бір отырыста сексендегі кіші жүз Жақайым Жетес биге,  өмірдің талай белесін өттіңіз, сол туралы не айтасыз деп сұрақ қойыпты. Сонда, Жетес би:

     – Е, жалған өмір, өтті ғой зымырап. Он жасымда асық ойнауға тоймадым, құрбыларымның асығын ұтуды қоймадым;

Жиырмаға келіп, өсіп, бойладым, сонда да балалықты қоймадым;

Жиырма беске келгенде, бойымды түзедім, барыма киіндім, сұлу қыз – келіншек көрсем соларға шүйілдім;

Отызға жеткенде, қызыл алтайы түлкі болдым, қыран құсқа алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, өз қатарластарымның көңілін қалдырмадым;

Қырыққа келгенде, арғымақтай аңқылдап, тау қыранындай шаңқылдап, ақ алмастай жарқылдап, дариядай сарқылдап өткенімді байқамадым;

Елуге келгенде, биік төбенің басына шыққындай болдым, алда – артымды шолдым, қай жағым алыс, қай жағым жақын екенін біле алмадым;

Алпысқа жеткенде, алты тарау жолға кезіктім, қай жолмен жүруді білмей адасыпғ тарықтым;

Жетпіске жеткенде, жеңілгенімді білдім, билікті бала – шағаға беріп, айтқандарына көніп, жетегіне жүрдім;

Енді мінге сексенді де көрдім, алдым түпсіз құз, артым биік жар, оң жағым от, сол жағым терең су, қай жағына қадам жасасамда мені күтіп тұрғаны тіршілік емес  тегі, – деген екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер