*
Ежлгі дос жау болмас,
Айтысқан оның серті бар.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Көңілінде тұтқыр кірі бар бар.
*
Алыстан қызыл көрінсе,
Манат емей немене.
Көтеріліп ұшқан құс,
Қанат емей немене
Екі жақсы бас қосса,
Санат емей немене.
Қамшылатып жүгірген,
Шабан емей немене
Айтқан сөзге көнбеген,
Жаман емей немене.
Кісі ақысын көп жеген,
Арам емей немене.
Іштегі сыр Аллаға мәлім,
Сыртыңдағы қулығың,
Амал емей немене.
Сусеғанда берген су,
Шекер емей немене.
Һметсіз ерге біткен мал,
Бекер емей немене.
*
Ел аузынан
Aqsaqaldar.kz