«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Міржақып Дулатовтың . қанатты сөздері:
Міржақып Дулатовтың . қанатты сөздері:
Дайындаған: 2 ай бұрын

–   Әркім өз қолынан келгенше жомарт.

–  Ел шауып кісі өлтірген боп па батыр.

–  Білгенге – қиын емес кету байып.

–  Артықтан тағылым ал, кемге – үйрет.

–  «Молданың өкшесі қисық деген кісі де күнәлі болады» деп жүрген адамдар да бар.

–  Білгенге – ишара, білмеске – қор.

–  Қазақта жазылмайтын бір ауру бар –
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы.

–  Ағайын – арзан, пұл – қымбат.

–  Айту – бізден, істеу – сізден.

–  Өзің білгеніңді халқыңа үйрет.

–  Дүниеде кедейлік жоқ өнерпазға. 

–  Ғылым үйрен – көзің ашылады.

–  Халық пайдасын ақылмен істер болар.

–  Болғанда бойда қуат жүрген жақсы,
Аяғың бір күн қылдан кетер тайып.
Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ,
Отырма бір орында құр мұңайып.
 

–  Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма? Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.
 

–  Халықтың жайын, салтын, рәсімін, тілін білмейтін сот – сот емес, сор.

–  Сот түзелмей – халық түзелмейді.–  Алла жақын кеудеде оты барға.

–  Аршын жұтқан кісідей кекірейме.

–  Құс – торға, балық – ауға, батыр – жауға.

–  Заң әдет-ғұрыпқа қайшы келсе – үлкен аяққа тар етік кигенмен бірдей.

–  Не жаман? – Қыздырманың қызыл тілі жаман.

–  Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,
Жақсы емес қатты болу тікенектей.                                                                            Ғылымын болса дағы ұшан-теңіз,
Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.
 

–  Халық тағдыры – карта ойыны емес.

–  Әкеде де әке бар, балада да – бала бар.

–  Дос емес дос сыртынан жамандаған.

–  Құл десең биді – күледі,
Құл десең құлды – өледі.

–  Алыс пен жақын ойлы болмас жолдас,
Қас қылған жолдасына жігіт оңбас.

– Қызығы бұл жалғанның – мал менен бас.

– Қызығы бұл жалғанның – мал менен бас.


–  Бой тежеу, жүрексіну дұрыс емес,
Шашылған ризықты теріп татпай.
Жігіттің несі жігіт босқа жүрген,
Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай?!

Міржақып Дулатов                       

Әділ Сайлаубек,   ғаламтордағы жазба

 

Aqsaqaldar.kz

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер