«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Сырым айтқан екен...
Сырым айтқан екен...
Дайындаған: 2 ай бұрын

Ертеде Сырым жолы түсіп Орта жүзге барған екен. Сырым сол жақта  Бала бимен кездесіп, кеңінен отырып әңгімелескенде оның біраз қойған сұрақтарына жауап айтыпты.

        Бала би:

– Сіз неше айғайынды боласыз?» – дейді.

       Сырым:

– Мен ағайынды  екеумін, – депті.

       Балаби:

 – Сізді, біз он бір ағайынды деп естуші едік, – дейді.

       Сырым:

– Сіз мені түсінбедіңіз, расында Даттан біздің он бірміз, бірақта оның бұл жерде қандай қатысы бар, менің екеумін дегенім,  далада жүргенде біреуі өзім, екіншісі көпшілік халқым, – депті.

       Балаби:

– Үгітті, ақылды қандай адамға айтуға болады, – дейді.

       Сырым: 

– Үгітті ұққанға, ақылды жұққанға айтуға болады, – депті.

       Балаби:

– Ат пен ер қайда және не үшін шабады, – дейді.

       Сырым:

 – Ат шабысына қарай, ер намысына қарай шабады, – депті.

       Балаби:

– Дүниеде не тәтті, – дейді.

       Сырым: – Аста тұз тәтті, адамда дос тәтті, – деп айтқан екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

 

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер