«Ақсақалдар сайтының» ұйымдастыру алқасы:
Аты жөні Статус Лауазымы Э-почта Телефон
Алдамжаров Ғазиз Қоғам қайраткері, саясаткер Алқа төрағасы
Дүйсембі Болат Қоғам қайраткері, ақын, публицист Алқа төрағасының орынбасары
Қойшыбаев Бейбіт Қоғам қайраткері, ғалым-жазушы Алқа төрағасының орынбасары
Бәкірұлы Әбдірашит Қоғам қайраткері, философ-публицист Алқа мүшесі
Аңсатов Сәдуақас Саясаттанушы Алқа мүшесі
Шаяхмет Ақылбек Ақын, Халықаралық шығармашылық Академиясының академигі Алқа мүшесі
Арман Қани Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Алқа мүшесі


Тақырыбы   
Э-почта   
Пікіріңіз   
   
Жарнама
Қазбек бидің жауабы...
Қазбек бидің жауабы...
Дайындаған: 2 ай бұрын

Бұқар жыраудың қартайып жатып қалған шағында, оның көңілін сұрауға Қазбек би барыпты.  Бұхар жырау төсекте жатыр екен, басын көтеріп:

–   Келгенің жақсы болды Қазбек. Ойымда жүрген бір сұрағым бар еді, келгендердің бірі соның жауабын айта алмады. Бірден онға дейінгі санның мағнасы не? – дейді.

Қаз дауысты Қазбек би:

–   Бір деген – бірлігі кеткен ел жаман.

–   Екі деген – егесіп өткен ер жаман.

–   Үш деген – үш бұтақ  шідерден шошыған ат жаман.

–   Төрт деген – төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.

–   Бес деген – кемеңгер адамнан жолын қуатын ұл тумағаны жаман.

–   Алты деген – аймағының берекесін кетіріп, билей алмаған адам жаман.

–   Жеті деген – армандаған мақсатына жете алмаған жаман.

–   Сегіз деген – бастайтын серкесі жоқ қой жаман.

–   Тоғыз деген – ол  сіздің толғанғаныңыз.

–   Он деген – ол сіздің бұл жалғаннан өтіп, о дүниеге жеткеніңіз – деп, сұрағына жауап қайтарған екен.

Ел аузынан

 

Aqsaqaldar.kz

 

 

0 ПІКІРЛЕР
AQSAQALDAR.KZ сайтындағы жаңалықтарға өз ой пікіріңізді жазғаныңызға рахмет.
Cіздің жарнамаңыз орналасады.
  • Соңғы жаңалық
  • Ең көп оқылғаны
Соңғы пікірлер